Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
Тәрбие сағат тақырыбы: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
Мақсаты: Балаларға Елбасы Н. Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру. Елбасыны құрметтеуге, оны үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Ұйымдастырушы кезең:
Әнұран.
Тәрбиеші: Балалар 1 - ші желтоқсан - тұңғыш Президент күні.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ақылды, зерек бала болып өсті. Н. Ә. Назарбаев өзінің еңбекқор ақыл - парасатымен үздік оқу орындарын бітіріп, 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Қазақстан Республикасына адал қызмет етіп жүрген елбасы.
Енді біздің тобымыздың балалары тақпақ айтады.
Медина.
Ұлттық өрнек мұрамыз,
Адастырмас мұраттай.
Нық көтеріп тұрамыз,
Жалауды біз құлатпай.

Нұртас. Перизат.
Желбірейді шалықтап,
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап
Қанат қағып барады.

Аяжан.
Тәуелсіздік көркі ол,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде.

Нұрзат
Отан ыстық ұямыз
Жүректе отан тұрады.
Отан маған пәк ана,
Мен отанның ұланы.

Жарайсыңдар балалар. Енді сұраққа жауап берейік.
1. Қ. Р. Президенті кім?
2. Қ. Р. Рәміздерін ата?
3. Н. Ә. Назарбаев қай қалада тұрады?

Әнұран
Жаса Қазақстан әні. Автор Асқар Жүнісбеков.
Елбасы күні – елімізді өркендетін тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп, сынып сабағымызды аяқтаймыз.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама