Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Менің тұңғыш Президентім атты 1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты
«Менің тұңғыш Президентім» атты 1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының мақсаты:
- Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
- Еліміздің еңсесін тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүйюге, ержүректілікке, азаматтылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
- білім алушылардың жүрегеніде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
(Фанфар)

1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен білім алушылар!

2 - жүргізуші: Ассаламағалейкум халқым менің,
Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің,
Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді.
Ендігі елдігіңнен тартынба елім.

1 - жүргізуші: Как повезло тебе и мне,
Мы родились в такой стране,
Где люди все - одна страна, семья,
Куда не глянь - кругом друзья!

2 - жүргізуші: Елге үлгі бола білген – Елбасы,
Кемеңгер қазақ хандарының – жалғасы.
Сіздің кемел саясатыңыздың жолымен,
Өрге қарай домалады ел тасы.

1 - жүргізуші: Ол Ана ұл тумапты, нұр туыпты
Бүгінгі өзек болар дастаныма.
Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!
Кеш туған зарықтырып уақытынан.

2 - жүргізуші: сонымен 1 - желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күніне арналған салтанатты ашық деп жариялаймыз!
(Гимн + видео)
1 - жүргізуші: Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған

2 - жүргізуші: Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені
1 - жүргізуші: алдарыңызда «Көк тудың желбірегені» әнімен __ топ білім алушысы ___________.
(Көк тудың желбірегені - ән + видео, ту ұстаған білім алушылар залда жүріп өтіп тұрады)
1 - жүргізуші: Қазақстан мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз колледж директоры __________________ беріледі.
(Директор сөзі)

1 - жүргізуші: да, Данель аға, повезло народу Казахстана, что в столь значимое историческое время и в его исторической судьбе на политическую арену вышел такой лидер, как Нурсултан Назарбаев. Он носит почетное звание «Лидер Нации».
2 - жүргізуші: Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,
Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.
(Елбасының өмірбаяны +слайд + музыка)

1 - жүргізуші: 6 июля 1940 года на жайляу Ушконыр в Заилийском Алатау в семье Абиша и Альжан Назарбаевых родился долгожданный мальчик, которого родители назвали Нурсултаном.
2 - жүргізуші: Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын - туыс түрлі есімдерді тұт - тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
1 - жүргізуші: В школе Нурсултан учился очень прилежно и с интересом. Затем он с отличием закончил профессионально - техническое училище и стал металлургом.
2 - жүргізуші: Жас Назарбаев өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елімен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Алуа, енді елбасымыздың қызмет жолына тоқталайық: 1960 — 69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1 - жүргізуші: В 1969 - 1973 - на партийной, комсомольской работе в г. Темиртау Карагандинской области.
2 - жүргізуші: 1973 - 77 жж. - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1 - жүргізуші: в 1977 - 1979 - второй секретарь Карагандинского обкома партии.
2 - жүргізуші: 1979 - 84 жж. - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1 - жүргізуші: в 1984 - 1989 - Председатель Совета Министров Казахской ССР.
2 - жүргізуші: 1989 - 90 жж. - Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы,
1 - жүргізуші: с февраля 1990 по апреля 1990 - одновременно Председатель Верховного Совета Казахской ССР.
2 - жүргізуші: 1990 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті қызметін атқарды.
1 - жүргізуші: 1 декабря 1991 состоялись первые всенародные выборы Президента республики, в ходе которых Н. А. Назарбаев получил поддержку 98, 7 процентов избирателей.
2 - жүргізуші: 2015 ж. сәуірдің 26 - ында сайлаушылардың 97, 7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
1 - жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев үнемі «ел тағдырының бүлкілін» тап басып, танып отырады. Қазақстанның бірде - бір өңірін, бірде - бір ірі кәсіпорнын назарынан тыс қалдырмайды, республиканың барлық түйткілді мәселелері туралы біледі.

2 - жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз, - дей келе алдарыңызға ________ топтың мың бұралған биші қыздарын ортаға шақырамыз.
(қазақша би )

1 - жүргізуші: Мемлекет басшысы биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
2 - жүргізуші: Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары Мемлекетіміздің басшысына терең құрметі мен берік сенімін көрсетті. Ортаға Еліне Президентіне деген патриоттық сезімдерін өлең шумақтарымен жеткізетін жас өрендерімізді шақырамыз.
(видео)

1 - білім алушы:
Тоқсан бірде Президентті сайладық,
Еркіндікке белді бекем байладық.
Ақ киізге Нұр ағаны көтеріп,
Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.

2 - білім алушы:
Кең байтақ далалы жеріміз,
Ақкөңіл қонақжай еліміз.
Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден,
Алтын, көмір, мұнай байлық кеніміз.
Байтақ жерді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.

3 - білім алушы:
Свою судьбу навек с твоей сплетя,
В любви сыновней я хочу признаться:
Я счастлив, Казахстан,
Что я твое дитя.
И в том тебе не нужно сомневаться!
Менің тұңғыш Президентім атты 1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама