Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
1001 мақал 101 жұмбақ
Тақырыбы: 1001 мақал, 101 жұмбақ.
Мақсаты: Оқушылардың сөйлеу жүйесін ой - өрісін дамыту. Мақалдар жаттауға, жұмбақ шешуге бейімдеу. Еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мақалдар, сөзжұмбақ, нақыл сөздер.

Жүрісі: І. Ұйымдастыру
Сайыстың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Кіріспе сөз.
1) Сынып оқушыларымен танысу.
2) Сайыс бөлімдерімен танысу.
3) Әділқазылармен танысу.
4) Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы: «Отаным, туған жерім – асыл қазынам»

І – тур. «Мақалшылар сайысы»
«Кім шапшаң?» Мақалшылар мүдірмей мақал айтып, жарысады.
«Мақал – сөз мәйегі» берілген мақалдардың жалғасын тауып жарысу.
1. Отан үшін...... (отқа түс, күймейсің.)
2. Туған жер – тұғырың,.....( туған ел – Қыдырың.)
3. Адам елінде көгерер,...(қоға көлінде көгерер.)
4. Өз елімнің басы болмасам да,...(сайының тасы болайын)
5. Ел болам десең.....(бесігіңді түзе.)
6. Отан – елдің анасы,...( ел – ердің анасы.)
7. Отан үшін күрес,...( елге тиген үлес.)
8. Құртақандай торғай да,... (өз ұясын қорғайды.)
9. Орағың өткір болса, қарың талмайды......(Отаның берік болса, жауың алмайды.)
10. Отансыз адам,...(ормансыз бұлбұлмен тең.)
11. Егілмеген жер жетім,...(елінен айырылған ер жетім.)
12. Отан – қуат,.. (Отбасы – шуақ).
13. Кісі елінде сұлтан болғанша,...(өз еліңде ұлтан бол.)
14. Өз елім -...(өлең, төсегім)
15. Елінен безген оңбайды,....(көлінен безген қонбайды.)

«Даналық ойдан дән ізде»Мақалшылар өздері мағынасын түсіндіретін мақал – мәтелді жеребе арқылы таңдап, талдайды.
1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
2. Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе өзің жеткенің.
3. Ел болам десең, бесігіңді түзе.

ІІ. – тур. «Жұмбақшылар сайысы»
«Кім тапқыр» Жұмбақ шешіп, сайысу.
1. Ел қорғайтын ерлікке, әуенімен шақырған.
Батылдыққа, елдікке, әуенімен шақырған. (дабыл)
2. Алыстан қарасам аппақ, татып қарасам тәтті – ақ. (шекер)
3. Шаңырақ – күн, уықтары нұр шашқан.
Екі пырақ көк аспанға ұласқан.
Жарқырайды темірқазық жұлдызы
Жол көрсетіп, алға бас – деп Қазақстан. (Елтаңба)
4. Ыстық дейді оны оттан, Патриот оны ұнатқан.
Оңбайды бұл өмірде, Адам оны жоғалтқан. (Отан)
5. Төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат.
Жалғай бер әрі қарай оны санап.
Саны өссе үйің әрі кеңейеді,
Атын тапшы сол заттың ал, азамат. (киіз үй)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама