Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: 1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кенесарының халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, көтеріліс барысына тигізген ықпалын бағалау. Көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушыларды тарихи құбылыстардың күрделі кешендерін талдай білуге және олардың арасындағы байланыстарды айқындай білуге, идеологиялық құбылыстардың таптық мәнін аша білуге баулу.
Тәрбиелік: Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана сезімін қалыптастыру, жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қорытындылау
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, карта, К. Қасымұлы суреті

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ІІІ. Оқушыларды топқа бөлу

Сабақтың кезеңдері:
1. «Тарихи көзқарас»
2. «Көзбен кірпік қаққанша»
3. «Суреттегі сыр»
4. «Хат қоржынынан»
5. «Ғажайып ұяшық»

І топ “Исатай”, ІІ топ “Сырым”, ІІІ топ “Кенесары’’
1. «Тарихи көзқарас»
Бұл кезеңде 3 топқа үш түрлі тапсырмалар беріліп, әр оқушының тарихи көзқарасымен тақырыптың мәнін ашып постер арқылы қорғайды.

І топ. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
ІІ топ. Патша үкіметінің жазалау әрекеттері
ІІІ топ. Ресейден келген елшілердің Кенесары ордасына келуі.

2. «Көзбен кірпік қаққанша»
Екінші кезеңде оқушылар картамен жұмыс жасайды.
І топ Ақмола
ІІтоп Орынбор
ІІІ топ Қоқан хандығы жерінде болған көтерілісті картадан тауып мағынасын ашып көрсетеді.

3. «Суреттегі сыр»
Үшінші кезеңде Кенесары суретіндегі сырды ашады.
І топ: Мінездеме береді
ІІ топ: Қасым сұлтан, Саржан, Абылайхан, Айғaным, Бопай, Саурық,
Наурызбай, Сұраншы Кенесары көтерілісіне қатысты туыстарына
сипаттама береді.
ІІІ топ: “Ұлт санасын оятқан ұлы тұлға” ретінде оқушылар өз ойларын
ортаға салады.
4. «Хат қоржынынан»
Төртінші кезеңде 3 топқа Кенесары жазған хаттарынан үзінді жазылған конверт таратылады. Оқушылар хаттағы жазылған үзіндіні жалғастырып толықтырады. Кенесарының хаттарынан
Хан қырғыздарға арнаған үндеуінде былай деп жазды: «Менің мұнда келгенімнің мақсаты, сендермен жауласу, қан төгісу емес, қайта қазақтар мен қырғыздардың басын қосып, оларды күшейту, Қоқанның қол астынан бөліп алу, қоқандықтардың қысымынан құтқару болып табылады».
«Біздің ата - бабамыз, - деп жазды Кенесары, - бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Өртау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл,
Құсмұрын, Оқият, Тоғызақ төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күн сайын басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». Бірақ бұған патша да, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.
Орынбор генерал - губернаторына жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау жөне басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама