Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
2 санын қосу және азайту
Сабақ тақырыбы: 2 санын қосу және азайту.
Сабақ мақсаты: ондықтан аттайтын жағдайларда 2 санын қосу мен азайту әдістерімен таныстыру.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: 2 санын қосу мен азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу, екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ әдіс - тәсілдері: түсіндіру, ауызша есептеу, сұрақ – жауап, талдау, өз бетінше жұмыс
Сабақ көрнекілігі: жолақшалар, оқулық, кесте
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткенді қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ребус шешу.
Шешуі: екі
Санамақ.
Бір дегенім – бесік,
Шықтық содан өсіп.
Екі дегенім – елім,
Далам, тауым, көлім.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "2 санын қосу және азайту ".
№1. Түсіндірме мәтін.
№2. а)
Қайың – 20
Барлығы -? ағаш
Жөке ағашы – 16

Шешуі: 20+16= 36
Жауабы: барлығы 36 ағаш өсіп тұр
ә)
Жөке ағашы – 16
36 ағаш өсіп тұр
Қайың -?

Шешуі: 36 – 16 = 20
Жауабы: 20 қайың ағашы өсіп тұр
Сергіту сәті.
Бір, екі, үш,
Ал кәнеки, ұш.
Төрт, бес, алты, жеті,
Мынау ауыл шеті.
Сегіз, тоғыз, он,
Ал кәнеки, қон.
№3. Өрнекті жаз және мәнін тап:

1+ ( 1 + 9 ) = 11
( 11 – 1) – 8 = 2
2 + ( 10 – 1) = 11
( 11 – 2 ) – 7 =2
№4. Теңдеулерді шеш:
а + 2 = 11
11 – а = 2
а – 2 = 9
а = 11 – 2
а = 11 – 2
а = 9 + 2
а = 9
а = 9
а = 11
9 + 2 = 11
11 – 9 = 2
11 – 2 = 9
11 = 11
2 = 2
9 = 9
Үйге тапсырма: №4 67 - бет.
Қорытындылау:
Үш топқа әр түрлі геометриялық фигуралар таратылады ( шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш ). Әр фигураның екінші бетінде мысалдар жазылған. Тапсырманы дұрыс орындаған топ өз фигураларын орналастырып, мысық, қоян, үйрек т. б. мүсіндер құрастырады.
Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама