Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Етістік
Сабақтың тақырыбы: Етістік.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың етістік туралы жыл бойы алған білімдерін пысықтау, қорытындылау. Сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге, дара етістікті күрделі етістікке айналдыруға арналған тапсырмаларды орындау;
2. Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін, білім, білік дағдыларын қалыптастыру;
3. Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, шыдамдылыққа, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: ертегі сабақ
Принциптері: бірізділік, жүйелілік, ғылымилық.
Әдістері: қорытындылау, сұрақ - жауап, тест, ойындар.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар, сюжетті суреттер, жауап парақтары, ұпай шаблондары.
Сабақтың жоспары:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
1. Ұйымдастыру бөлімі
А) «Сөз таптары» еліне саяхат
ә) Сөз таптарына шолу
б) Етістіктің тапсырмалары. ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.
1 - тапсырма. Тест
а) Гиперссылка арқылы тестті тексеру. (өзін - өзі тексеру)
2 - тапсырма. Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыру (ауызша)
3 - тапсырма. «Қалай дыбыстайды?» ойыны.
4 - тапсырма. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты.
5 - тапсырма. «Е» әрпі кездесетін етістіктер жаз.
6 - тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
а) 465 - жаттығу. Ауызша
Сергіту сәті
ә) 466 - жаттығу.
б) 467 - жаттығу.
в) 468 - жаттығу.
ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезең
7 - тапсырма. Топтық жұмыс. «Не істейді?» ойыны
8 - тапсырма. «Кім жылдам?» ойыны.
Қорытынды бөлім. Тірек сызбамен жұмыс.
1. Үйге тапсырма беру
2. Бағалау кезеңі.
Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
1. Ұйымдастыру бөлімі
а) Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Сөз таптары» еліне саяхат
М: - Ертеде “Қазақ тілі” әлемінде “Сөз таптары” деген ел болыпты. Сол елде “Зат есім”, “Етістік”, “Сын есім” және “Сан есім” деген ағайындылар тұрыпты. Олар бір - бірімен тату тұрыпты. Әрқайсысы өзінің жұмысымен айналысыпты.
ә) Сөз таптарына шолу жасау.
- Зат есім туралы не білеміз?
- Сын есім туралы ше?
М: - Балалар, бүгін біз Етістіктің үйіне қонаққа барамыз.
б) Етістіктің үйіне қонаққа келу. Етістіктің тапсырмалары.
Етістік: - Балалар, менің үйімде көптеген қызықты тапсырмалар бар. Сол тапсырмаларды орындауға дайынсыздар ма?
Олай болса, іске сәт! Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Сабақ соңында ұпайлар саны қорытындыланып, бағаланады.
ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.
1 - тапсырма. Тест
Тест 5 сұрақтан тұрады. Орындап болған соң, гиперссылка арқылы өзін - өзін тексеру.
М: - Етістіктің түрлері туралы еске түсірейік.
2 - тапсырма. Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыру (ауызша)
Жүзді – жүзіп жүр.
Оқыды - оқып отыр
Сарғайды – сарғайып жатыр.
3 - тапсырма. «Қалай дыбыстайды?» ойыны.
Жан - жануарлардың суреттері дыбыстарымен қоса беріледі. Олардың қалай дыбыстайтынын айтып, етістікті табу.
Мысалы: Қасқыр ұлиды. Арыстан ақырады. Ешкі маңырайды. Ит үреді. Қарға қарқылдайды.
4 - тапсырма. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу минуты.
- Бүгін біз Етістіктің үйінде қонақтамыз ғой, сондықтан Ее әрпін әдемі етіп толтырайық.
5 - тапсырма. «Е» әрпі кездесетін етістіктер жаз
6 - тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
а) 465 - жаттығу. Жұмбақтарды оқы, шешуін тап. Етістіктерді тап. Ауызша
Арыстан ақырады,
Орман жарқырады.
(Найзағай)
Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды.
(Жапалақ)
Сергіту сәті: – Балалар, бүгін Етістіктің үйіне басқа да қонақтар келіпті. Солармен бірге билеп, сәл көңіл көтеріп алайық! (Көңілді музыка ойнайды)
ә) 466 - жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзді тыңдаймын,
Апашымды сыйлаймын.(А. Бақтыгереева)
- Өлең не туралы?
- Етістіктердің астын сыз, оларға сұрақ қой.
б) 467 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып оқы..
Арыстан... Құндыз.. Сауысқан... Бүркіт... Қарға... Қасқыр...
Керекті сөздер: қарқылдайды, ақырады, сыңсиды, шаңқылдайды, ұлиды.
Жауабы; Арыстан ақырады. Сауысқан шықылықтайды. Құндыз сыңсиды. Қарға қарқылдайды. Қасқыр ұлиды. Бүркіт шаңқылдайды.
в) 468 - жаттығу. Сөздердің алдына зат есім қойып, сөйлем құрап жаз.
№3 - флипчарт.
Тоқыды, тазалады, шомылды, жауды, аулады, боздады, ақты.
Үлгі: Алаша тоқыды. ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезең
7 - тапсырма. Топтық жұмыс. «Не істейді?» ойыны
Ойынның шарты: Үш қатар – 3 топ. Әр топқа бір заттың суреті беріледі. Сол затқа байланысты топ мүшелері «Не істейді?» сұрағына жауап беретін қайталанбайтын бір қимыл айтуы керек.
1 - қатарға – мысық, 2 - қатарға – ит, 3 - қатарға – адам.
8 - тапсырма. «Кім жылдам?» ойыны.
Ойынның шарты: Слайдта берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек.
Қорытынды бөлім. Тірек сызбамен жұмыс.
М: - Сонымен, балалар, етістік туралы қорытындылай келе, мынадай тірек сызбаға тоқталамыз.
Үйге тапсырма беру
1 - тапсырма. 469 - жаттығу. 2 - тапсырма.“Қалай дыбыстайды?” ойынын жалғастыру.
Бағалау кезеңі.- Бүгінгі сабақтың бағасы жинаған ұпайлар санына байланысты болады. Сондық тан, ұпайларды санайық!
“5” – 9 - 10 ұпай“4” – 7 - 8 ұпай “3” – 4 - 6 ұпай
- Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама