Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
2 санын қосу және азайту
Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: 2 санын қосу және азайту
Мақсаты: Білімділік: Ондықтан аттайтын жағдайда 2 - ні қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру; 2 - ні қосу және азайтудың кестелік жағдайларын екі амалдан тұратын өрнектермен, теңдеулермен, есептеулермен байланысты әр алуан іс - әрекет барысында қолдануға машықтандыру. Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым - қатынасқа тәрбиелеу. Дамытушылық: Екі амалмен шығарылатын есепті енгізуге дайындық жүргізу, ондықтан аттап қосу мен азайтудың тәсілдерін қарастыру дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, дәлелдеу, көрнекілік.
Көрнекілігі: Электронды оқулық, интербелсенді тақта, қосу кестесі, үлестірмелі дидактикалық материалдар.
Сабақтың жүру барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Жұмбақ есеп. Төрт қаз ұшып барады, Биіктен төмен қарады. Аяқ нешеу, бас нешеу, Жауабын кім табады.

2. Білімді жан - жақты тексеру кезеңі.
Үй тапсырмасын дәптерден тексеру, жинап алу.

3. Жаңа сабақ. Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
2 - нің қосу кестесін еске түсіру.
А) Электронды оқулықпен жұмыс.
Ә) Тақтамен жұмыс. Түсіндіру әдісі арқылы санға 2 - ні қосудың ауызша және кестелік әдісін меңгерту. 9+2=(9+1)+1=11 11 - 2=(11 - 1)- 1=9
Б) Кестемен жұмыс.
В) Оқулықпен жұмыс. 1слайд. Ғажайып хаттар.
- Балалар, бүгін біздің поштамызға көптеген хаттар келіпті. Алдарыңдағы қызыл конвертті ашып, оқып көрейік. Бұл хат бізге 2а сыныбынан келіпті. Олар мынадай тапсырма беріпті. Оқулықтағы 2 есепті орындау. Есептің мазмұнын оқытып, шартын құру. Есепті шешу біртіндеп тізбектеле тақтада орындалады, содан соң талқылау жүргізіледі.
Осы есептерге не ортақ? Бұлар кері есептер ме? Екінші есеп біріншінің жалғасы бола ала ма?
Шарты: Қайың - 20 --------------- Барлығы - 36
Жөке - 16 ---------------------------- Жөке - 16
Барлығы -? -------------------------- Қайың -?
Шешуі: 20+16=36 ------------------ Шешуі: 36 - 16=20
Жауабы: барлығы 36 ағаш ------- Жауабы: қайың 20
Г) Өздік жұмыс. 2слайд Сәйкестендір. Жүк машинасы мен қапшықтар суреті.
- Енді алдарыңдағы сары конвертті ашыңдар. Бұл хатты 2ә сыныбы жіберіпті.
Мына жүк машинасындағы жазылған өрнектердегі амалдарды орындап, нәтижені
қапшықтағы санмен сәйкестендір.
1+ ( 1+9) ( 11 - 1) - 8 2+ ( 10 - 1) (11 - 2) - 7
2 11
Ғ) Сергіту сәті. 3слайд Домбыра, ат, қоян, аю, машина, ұшақ суреттері.
- Балалар, бұл заттар сендерге таныс па? Олай болса, осы заттардың қимылын көрсетіңдерші.(музыка ырғағымен қимыл көрсету.)
Д) 4слайд. Кім жүйрік? Үлестірмелі парақшамен жұмыс.
11+2
12+2
13+2
14+2
15+2
16+2
17+2
13 – 2
14 – 2
15 – 2
16 – 2
17 – 2
18 – 2
19 - 2
Бұл өрнектерді бір - бірден парақшаға жазып үлестіремін.
Е) 5слайд. Әріпті өрнектің мәнін тап.
Дәптермен жұмыс. Оқулықтағы 4 тапсырма.
а және 2 санының қосындысы, мұндағы а=30, 57, 9.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама