Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Не? Қайда? Қашан? викториналық ойын
Не? Қайда? Қашан? викториналық ойын.
“Білімдіңнің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр”
(Махмұд Қашқари)
Бүгін бізде мереке
Болсын елде береке!
Өткізейік жақсылап,
Бола берсін береке!
Химиктердің мерекесі,
Халқыма қонған құт болсын!
Елімізге әрқашанда,
Ырыс пен бақ қонсын.
Шықпаспыз біз сызықтан
Кетпе қалып қызықтан
Шақырамыз жандарды
Химияға қызыққан

Викториналық ойынның мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін тексеру, ойынға қабілетін қалыптастыру, сөйлеу мәнеріне үйрету, ойларын бір жүйеге келтіріп өз пікірлерін айта білуіне көмектесу.
Ойынның шарты: Ойынға қатысушы топтар конвертте дайындаған сұрақтарға жауап береді.
I - Сәлемдесу
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар.
Біреуінің қатты істейтін миы бар - демекші алғашқы кезең сәлемдесу.

1 – конверт.
Сұрақ: Осы мүрде қай жылы, қайда және кім ашты? Және де қандай мәліметтер бере аласың? Және осы бейненің тәуелсіз Қазақстанымызға қандай қатысы бар?
1 – конверт жауаптары:
«Алтын киімді адамның» мүрдесін 1969 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан археолог Қ. Ақышев тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша ол б. з. б. 5 - 6 ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оны жасы 17 - 18 - де, бойы 165 см шамасында болса керек. Сақ ханзадасының қолында екі алтын жүзік, құрастырмалы белбеуі болған. Алтын пластинкалар жапсырылған қынапқа салынған темір қанжар, қызыл қынапты ұзын семсер табылды. « Алтын киімді адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді. Оның киімінде 4 мыңнан астам алтын әшекейлермен безендірілген. Оның ішінде барыс, тауешкі, арқар, ат, әр түрлі құстардың бейнесі кездеседі.
Қазіргі таңда осы «Алтын киімді адам» бейнесі Қазақстанның егемендігінің рәсіміне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Ал сақ жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпарлар біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың елтаңбасынан орын тапқан.

2 – конверт.
Сұрақ: Алғаш кімдер пайдаланған? Және осы заттың бойында қандай металл бар? Кім ашты және қалай атаған?. Ол металл туралы не білесің?
2 – конверт жауаптары:
Термометрдің басында сынап металы бар. Алғаш қытайлар мен үрдістер пайдаланған. Грек дәрігері Дисскрид «хидр» - «су», «аргирос» - «күміс»-«сұйық күміс» деп атаған. Сынаптың балқу t0 = 38 - 390С. 6 периодтың тақ қатары, II топтың қосымша топша металы, балқу t0 – сы төмен болғандықтан термометрлерде қолданылады, сұйық металл.

3 – конверт.
Сиқырлы сандықша. Осы сандықшаның ішінде тіршілікке қажетті ең керемет зат бар. Ол не зат деп ойлайсың? Және ол туралы не білесің?
3 – конверт жауаптары:
Ең керемет зат – су, формуласы – Н2О, кристалдық торы – молекулалық, tқ0=1000С, tқату0=00C. Жер шарындағы 71% - су бар, адам денесінде - 65 - 70%, мида - 81%, тығыздығы 1г/см3. Су – еріткіш. Адам тағамсыз 30 - 40 күн шыдаса, сусыз 3 күн ғана шыдайды екен.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама