Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Ақиқатқа айналған ата - баба арманы
31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған
Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақиқатқа айналған ата - баба арманы» атты тарихи - тағылымдық кештің сценарииі

І Бөлім. А. Бөкейханов ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі

Ұлжан: Таң қалдырып жиырмасыншы ғасырды,
Жаңа ғасыр құдіретке бас ұрды.
Замананың бұлты дерті тұрды да,
Шапағатты алаш нұры шашылды.
Шашылмай ше?
Мүмкін бе еді жасыру,
Қын түбінен жарып шығар асылды,
Әлеміне асқақтатып Абайын,
Бұл қазағың алаш даңқын асырды.
Енді міне семейінде алаштың,
Әлиханның ескерткіші ашылды.

Жүрегіме толқын келіп ұрғандай,
О, тәңірі, сезім еді бұл қандай?!
Алты алаштың ардақтысы жиналып,
Бөкейханов өзі келіп тұрғандай!

Бүгінгі ұрпақ сен туралы не білген,
Солай болар, солай болған тегінен.
«Қырдың ұлы» алақандай қазақтың
Алатаудай қасіретін сезінген.

Жауға бермей көктүріктің бесігін,
Алты алашың ардақтаған есімін.
Абылай мен Кенесары атаңыз,
Және өзің... армандаған осы күн.

Сен туралы күмілжиміз неге біз?
Сен сезгенді бүгін біз де сеземіз.
Сен білгенді білу үшін ұмтылып,
Сен төзгенге енді біз де төземіз.

Ортамызда ерек туған еңселі ер,
Жиналыппыз ту түбіне өңшең ер.
Анау жақтан... қайтер еді жарықтық,
Абай атам өзі келіп көрсе егер?!

Сендерсіңдер ұлт иесі, алып кіл,
Артымызда Алаш деген халық тұр.
Біз қашанғы төменшіктеп жүреміз,
Қуантайық ұлтымызға барып бір!

Төбемізде Алаш туы желбіреп,
Тілегіміз, жүрегіміз елжіреп.
Сүйіншілеп қуантайық қазақты,
Семейіңе Әлиханың келді деп!

Дәулет:
2016 жыл - қазақ елінің ұлы тұлғаларының бірегейі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы. Әлихан - XX ғасырда ұлт - азаттық қозғалыспен қазақтың санасына серпін беріп, жүрегіндегі азаттықты оятып, қасиетті Тәуелсіздіктің іргетасын қайраткерлігімен қазақтың болашағына қалап кеткен тұғырлы тұлға.
Құрметті қонақтар, Әлихан Бөкейхановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізуге рұқсат етіңіздер.

Дәулет:
Барлығыңызды еліміздің өткені мен бүгінін танытатын тарихи - тағылымдық кешке шақырамыз!

ІІ бөлім. Театрландырылған көріністер
Сахна сыртынан:
Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақиқатқа айналған ата - баба арманы» атты тарихи - тағылымдық кешті Семей көп салалы колледжі сіздердің назарларыңызға ұсынады.

Видео. Алаш қайраткерлері

1 - көрініс. “Қазақ тарихындағы тұғырлы тұлғалар” СЕМЕЙ, 1917 ЖЫЛ.
Сұлтан:
Ау, Алаш, көзіңді бүгін ашар күнің!
Қарманып ілгері аяқ басар күнің!
Шығарып бір жеңнен қол, бір жерден сөз,
Адымдап асқар белден асар күнің.
Теңізім, телегейім – қайран елім,
Кемерлеп толқын атып, тасар күнің!
Ақ күміс, қызыл алтын жиғаныңды,
Құрбан қып осы жолға шашар күнің!
Терезең теңгеріліп қатар тұрса,
Осы! – деп сонда жүрек басар күнің.
Ау, Алаш, заман жайын білеміз бе?
Құлаққа айтқан сөзді ілеміз бе?
Заманның ыңғайынша амал қылып,
Зырлаған желмаяға мінеміз бе?
Өнерлі, білімдінің қылған ісі
Майданда мұны байқап көреміз бе?
Күш қосып, құралданып бас қорғаудың
Жолына белді буып кіреміз бе?
Болмаса күнде бір ел қырғын тауып
Жылаулап бастап - аяқ жүреміз бе!

Ақиқатқа айналған ата - баба арманы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама