Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Түлкі мен ешкі ертегісі
«Түлкі мен ешкі»
Көркем әдебиет сабағы жаңа технологияны пайдалану үлгісі

Ұйымдастырылатын оқу іс - әрекетінің
технологиялық картасы.
Білім беру: Таным
Бөлімдері: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Түлкі мен ешкі ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: Балалар ертегінің астарлы мәнін ұғады, орман аңы мен үй жануары туралы білімдері кеңейеді, жаңа технологияның маңызын ұғады.
Тәрбиелік: Көрнекіліктерді қолдана отырып қызығушылығын артады, мазмұнына көңіл бөлгізе отырып, жақсы жаман туралы түсінік қалыптасады, оқылу мәнеріне көңіл бөлінеді;
Дамытушылық: ойлау қабілеті дамиды, ұлттық тәрбиеден нәр алады;
Көрнекілік: Макет, түлкі ешкі мүсін, жабысқақ суреттер, интерактивті әліппе.

Мотивациялық оятушылық
Түлкі жүр ғой, алдап, майысып,
Бірақ өзі қулау,
Ешкі жүр секіріп, жарысып
Бірақ өзі аңқау.
Ұйымдастыру
Іздеушілік

Балалар бүгін біз, ертегі әлеміне саяхат жасаймыз. Ертегіміз жаңа шағын сергітуімізде айтылып өткен ешкі мен түлкі туралы. Бірақ бізге ертегіні сиқырлы кітап пен қалам айтып береді. Ал, мен сендерге қалай болғаның көрсетемін. (Ертегіні тыңдап біткесін)
Балалар біз қандаймыз жақсымыз ба әлде жаманбыз ба? Жақсы адам ешкіні құтқара ма?
Балалар мына екі суретке қараңдаршы біреуінде орман тұр, екіншісінде қора тұр. Ешкі мен түлкіні орналастырайық. Қайсы үй жануары, қайсы орман аңы.

Рефлексті
түзетушілік Балалар біреу келе жатқан сияқты.
Ой ол Шопан ата ғой.
Шопан ата не іздеп жүрсіз?
Шопан ата: Бір секеңдеген ешкім бар еді секеңдеп жүріп, орманға кетіп қалыпты. Сол ешкімді іздеп жүрмін. Ешкімді көрдіңдер ме?
Ешкісін береміз ба?
Атаның ешкісін беріп ақ батасын алайық.
Шопан ата: Ендеше қол жайындар
Бата - бата батпасын
Батам жерде жатпасын.
Қолын жайған балалар
Қиындықтан қашпасын. Аумин Ол үшін мықты болуларын керек. Ендеше ауылдың нағыз дәрумені Құрт берейін.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ертегіні толық меңгереді
Қандай түсініктерді игерді: үй жануары, орман аңы туралы білімдері кеңейеді
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Үлкенге көмектеседі, бата алуды біледі.

Қорғалжын ауданы,
Амангелді орта мектебі
«Ақ тиін» шағын орталығы
Дайындаған: Серикова Назира Қайырбайқызы

Түлкі мен ешкі ертегісі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама