Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
5 - сыныпқа арналған дене шынықтыру пәні бойынша тест сұрақтары
5 - сыныпқа арналған дене шынықтыру пәні бойынша тест сұрақтары

1. Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене тәрбиесі даярлығын бақылайтын Президенттік сынама ережелері қай жылы қабылданды?
*А) 1996 жылы Ә) 1986 жылы Б) 1999 жылы

2. Президенттік сынаманың мақсаты?
А) Жарыстарға көбірек қатыстыру мақсатында.
*Ә) Салауатты өмір салтын насихаттау, халықты өз дене бітімін жетілдіруге және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және көпшіліктің денсаулығын нығайту.
Б) Дене қуаты қаситтерін дамыту үшін.

3. 1000 м, 2000 м - ге жүгіру кезінде қандай дене қуаты қасиеттері дамиды?
А) Күш *Ә) Шыдамдылық Б) Ептілік

4. Жүгірудің негізгі тәсілі?
*А) Жүгіріп келе жатқанда денені дұрыс ұстай білу.
Ә) Қатты жүгіру. Б) Дұрыс жауап жоқ.

5. Қысқа қашықтыққа жүгірген кезде қандай сөреден бастап жүгіреді?
А) Жоғарғы *Ә) Төмен
Б) Барлық жауап дұрыс.

6. « Гимнастика» сөзі грек тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіреді?
А) Секіру Ә) Билеу, әр түрлі элементтер жасау.
*Б) Жалаңаш жүріп жаттығулар орындау

7. « Сапқа тұрыңдар!» деген команда естілісімен оқушылар не істеу керек?
*А) Саптағы өз орындарына тез барып тұра қалуы керек.
Ә) Екі сапқа тұру қажет.
Б) Үш - үштен тұру қажет.

8. Команда негізінен неше бөлімнен тұрады?
А) 4
*Ә) 2
Б) 3

9. 11 - 12 жастағы оқушылар пайдаланатын гимнастикалық таяқтың ұзындығы қандай болуы керек?
*А) ұзындығы 78 см, диаметрі 1 - 2 см
Ә) ұзындығы 60 см, диаметрі 1 - 3 см
Б) ұзындығы 80см, диаметрі 2 - 3 см

10. Гимнастика сабағында қандай кішкене доптардың түрлерін қолдануға болады?
А) Волейбол
Ә) Баскетбол
*Б) Теннис немесе резеңке доптары

11. Іші нығыздал толтырылған доптың салмағы неше кг аспауы тиіс?
А) 3 кг - 6 кг дейін
*Ә) 1 кг - 5 кг дейін
Б! 2 кг - 7 кг дейін

12.. Іші нығыздал толтырылған доптың салмағы қыздарда неше кг аспауы тиіс?
А) 2 кг дейін
*Ә) 1, 5 кг дейін
Б) 3 кг дейін

13. Іші нығыздал толтырылған доптың салмағы ер балалар үшін неше кг аспауы тиіс?
*А) 2 кг
Ә) 1 кг
Б) 5 кг

14. Сымбат деген сөздің мағынасы?
*А) Адамның дағдыға айналған жүріс – тұрыс мәнері.
Ә) Спорттық тұрыс
Б) Эстетикалық сұлулық.

15. Бала кезінде қалыптасуға тиісті қабілеттердің бірі?
*А) Ептілік
Ә) Күш
Б) Жылдамдық

16. Баскетбол сөзін ағылшын тілінен аударғанда?
А) Шеңбер
Ә) Үлкен доп
*Б) Себет, доп
дегенді білдіреді

17. Баскетбол ойынының аумағы неше метр болуы керек?
*А) 26х14м
Ә) 24х10м
Б) 18х17м

18. Баскетбол ойынында әр команда құрамында неше ойыншы болуы қажет?
А) 4
Ә) 7
*Б) 5

19.. Баскетбол ойынында неше қосалқы ойыншы болуы керек?
А) 4
*Ә) 5
Б) 3

20. Волейбол ойынының алаңы қанша метр болуы қажет?
*А) 9х18 м
Ә) 10х12м
Б) 7х18м

21. Волейбол добының диаметрі мен салмағы?
*А) диаметрі 65 - 68 см, салмағы 250гр.
Ә) ) диаметрі 70 - 72 см, салмағы 225гр.
Б) ) диаметрі 50 - 55 см, салмағы 200гр.

22. Волейбол ойынындағы ойыншылар саны?
*А) 6 негізгі+ 6 қосалқы
Ә) 5 негізгі+ 5 қосалқы
Б) 7 негізгі+ 7 қосалқы
5 - сыныпқа арналған дене шынықтыру пәні бойынша тест сұрақтары жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама