Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Санды және әріпті өрнектер
Математика 4 - сынып
Cабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер.
Сабақтың мақсаты: Санды, әріпті өрнектерді құру, оқу және жазу, салыстыру, олардың мәндерін табу біліктігін қалыптастыру; көбейту мен бөлу амалдарына байланысты есеп шығаруын біліктігін жетілдіру; талдай және салыстыра білу қабілетін дамыту.
Түрі: білімін жетілдіру сабағы.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену, салыстыру.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, сызбалар, геометриялық фигуралар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: топқа бөлу, оқушы зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 7. Өзіңді өзің тексер.
Интербелсенді тақтада көрсету.

ІІІ. Жаңа білімге дайындық:
- Балалар, сендер 1 - сыныптан бері қарай айтылып келе жатқан жалпы өрнек,
оның ішінде санды және әріпті өрнекті ажырата білесіңдер. Олай болса ережені еске түсірейік. Әріптер мен сандар амалдар таңбалары арқылы байланысып тұрған жазу әріпті өрнектер деп аталады. Әріптің орнына сандар қою арқылы әртүрлі санды өрнектер аламыз.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс. Қызығушылығын ояту.
№1. Ұжымдық жұмыс. Семантикалық кесте құру, ауызша. Тексеру.
Мұнда өрнектердің бір - бірінен айырмашылықтарымен қатар олардың ұқсастығы, сол сияқты санды өрнектердің мәнін бірден табуға болатындығы, ал әріпті өрнектің мәнін табу үшін оның құрамындағы әріпке сан мәнін беру керек екендігі баса ескертіледі.
а+5; (34+10) - 2; 23 ∙ 4+9; х+9=17 ∙ 6; 72: х=24: 3;
(45+25): 5; 90 - 10 ∙ 5; х - 3; b ∙ 6; 19 72: 9+20; 12: х+24: 8; (х+2)+16 ∙ 4; 34 - 8=13 ∙ 2.
Жазулардың ішінен санды өрнектерді теріп жаз жөне оқы. Әріпті өрнектерді теріп жаз және оқы. Қай жазуларды санды және әріпті өрнек деп айтуға болмайды? Неліктен?

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Бесарық бекетіндегі №247 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Нуржанова Акбопе
Санды және әріпті өрнектер жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама