Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 сағат бұрын)
7 мамыр құттықтау (100 тілек)

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, қазақстандықтардың батырлық пен ерлікті атап өтуге арналған маңызды мереке. Бұл күнде біз еліміздің батыр ұлдарын құрметтеп, олардың Отан алдындағы ерен еңбегін ерекше атап өтеміз.

Біріншіден, Отан қорғаушылар күні – бұл бейбітшілік пен тыныштықтың символы. Қазақстандық жігіттердің арасында көптеген батырлар бар, олар өздерінің ерлігімен, жігерімен және шексіз махаббатымен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Бұл күні біз олардың қажырлы еңбегін және құрбандықтарын мойындаймыз.

Екіншіден, бұл мереке – біздің ұлттық мақтанышымыздың көрінісі. Қазақстандық жауынгерлердің батырлығы және Отанға деген адалдығы біз үшін үлгі!

Олардың әрқайсысы өзінің қажырлы жұмысымен, қайсар рухымен және ұлттық рухты өркендетуге қосқан үлесімен мақтан тұтамыз. Қорғаныс саласындағы әрбір жетістік – бұл біздің бірлігіміз бен тұтастығымыздың айғағы.

Үшіншіден, Отан қорғаушылар күні біздің жас ұрпаққа үлгі болатын қасиеттерді тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Жігерлілік, ерлік, адалдық және ұлттық мақтаныш сезімі - бұлар барлық қазақстандық жасөспірімдер үшін маңызды құндылықтар. Оларға Отан қорғаушылар күнінде батырларымыздың ерліктері туралы айтып беру арқылы, біз олардың патриоттық сезімін нығайтамыз және еліміздің болашағы үшін жауапкершілікті сезінуге ынталандырамыз.

Төртіншіден, бұл мереке біздің қоғамымыздағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтады. Отан қорғаушылар күні кезінде әр түрлі жастағы және әр түрлі этникалық топтарға жататын адамдар бірігіп, біздің батырларымызға құрмет көрсетеді. Бұл бірлік пен түсіністіктің белгісі болып табылады және қазақстандық қоғамның күші мен тұрақтылығын арттырады.

Соңында, Отан қорғаушылар күні - бұл біздің әбір азаматтың ұлық мерекесі!

****

Тілектер, құттықтаулар, 7 мамыр ,Отан қорғаушылар күні, құттықтау, тілек, Қарулы күштері күні

7 мамыр құттықтау күйеуіме

 

7 мамыр құттықтау, 7 мамыр куттыктау, 7 мамыр құттықтау жігіттерге, 7 мамыр құттықтау әкеге, 7 мамыр құттықтау ағаға

7 мамыр құттықтау бауырға

7 мамыр құттықтау ініге

7 мамыр құттықтау әріптестерге

 

Сіздерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің жарқын болашағы үшін атқарып жатқан игі істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бақытты ғұмыр тілейміз.

 

***

Бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын! Таусылмас бақыт, мол ырыздық тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең, терезелеріңіз тең болсын. Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.

 

***

Еліміздің тыныштығы мен бейбіт тірлігінің сақшылары Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Осындай ерекше күні сіздерге бейбіт өмір, баянды бақыт, татулық пен береке-бірлік тілейміз. 

 

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

……..

Армысыздар, ардақты азаматтар,

Отбасының тірегі, елді бастар.

Құтты болып мереке баршаңызға

Бақ-береке әкелсін отбасыңа!

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Бүгінгі 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздердің құрметтеріңізге арналған мерекелік дастархан басына қош келдіңіздер!

…….

— Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, зор табыстар тілейміз.

………

Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз.

……..

Әр сүйем жер үшін, ата-баба қонысын жаудан көздің қарашығындай қорғап жүрген еңсегей бойлы ерлерді, жаужүрек, қайсар мінезді сардарларымыз бен сарбаздарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға баянды бақыт тілейміз!

 

***

Құрметті, ер азаматтар, бейбіт өміріміздің сақшылары! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, мықты ерік-жігер, таусылмас бақыт тілейміз! Отбасыларыңыздың қорғаны, ата-аналарыңыздың үмітін ақтар азамат болуларыңызға тілектеспіз! 

 

***

Еліміздің қорғаны - ер азаматтар! Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар.

 

……..

Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер.

……..

Бар өмірін әскери іске арнап, күн-түн қатып, елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан жауынгерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.

…….

Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып,  зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық тілейміз!

 

Құрметті, жігіттер, әріптестер! 7 Мамыр — Қазақстан Қарулы күштері күні.
Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз. Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер. Биік шыңдардан көрініңіздер! Өмірлік серіктеріңіздің сезімі өздеріңізге бұлақтай таза, сүттей ақ, періштедей пәк болсын. Баян батырдай батыл, Қозы көрпештей көрікті, Төлегендей сүйікті болыңыздар. Райымбектің батырлығын, Қабанбайдың батылдығын, Қарасайдың өткірлігін тілеймін.

*** *** *** ***

Қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері!

Сіздерді Отан қорғаушылар күні — жалпыхалықтық мерекемен, жігерлі адамдар және ерік күші иелері күнімен құттықтаймын!

Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие.

Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.

******* ***** ****

"Құрметті Ұлан-өрендер! Отан қорғау қүнімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, қажымас жігер тілеймін. Ұландарымыз - еліміздің қорғаны. Осы абыройлы борышты адал өтеп, бейбіт өмірді сақтайды деп сенемін!"

 

Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

*** *** *** ***

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

*** *** *** ***

Халқымызда «Ер — елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, зор табыстар тілейміз.     

*** *** *** ***

Әр сүйем жер үшін, ата-баба қонысын жаудан көздің қарашығындай қорғап жүрген еңсегей бойлы ерлерді, жаужүрек, қайсар мінезді сардарларымыз бен сарбаздарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға баянды бақыт тілейміз!

*** *** *** ***

Бар өмірін әскери іске арнап, күн-түн қатып, елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан жауынгерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.

*** *** *** ***

Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғаның естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.

— Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол — өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, — дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады:

— Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болды — маған екі көздерің керек, — дейді қолбасы, — екі көзіңді ойып аламын!

— Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, — дейді жігіт.

Сөйтіп, әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы:

— Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, — деп түйіпті.

Мен де сізге осындай жанын аямайтын, жолдасын жауға тастамайтын қазақтың жауынгерлерінің достығын тілеймін.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама