Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 сағат бұрын)
Түс жору: Түсіңде не көрсең не болатынын білесің бе? (3)
  1. Егер семіз сиыр көрсе—жылдың тоқтығы, жақсылы-

ғы.

  1. Егер сен біреуді тілдесең—сәтсіздік;
  2. Егер сол жағынан салынар көрсе—жақын ағайының қатыны кетер.
  3. Егер судағы балықты түсінде көрсе—һәм жақсы, пер- зент көресіз дер.
  4. Егер Сүлеймен пайғамбарды көрсе—ұлық болар, ғалым болар.
  5. Егер сыңар көрсе—ол кісі үмітсіз болар, үміттенгені бола қоймайды.
  6. Егер түске семіз сиыр енетін болса—онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса—онда қым- батшылық болады.
  7. Егер түсінде беліне белбеу байлар көрсе—оған бір ер бала болар, яки бір іске әкім болар салтанатпен, яки өкіметіне сыйласулы болар.
  8. Егер түсінде бидай, арпаны көрсе—ниғмет дер, бәлки нарық арзан болса керек дер.
  9. Егер түсінде бір танымайтын қарт кемпір көрсе—дүние болар.
  10. Егер түсінде дария суларын көрсе—көп нәфәқалық пайдалар көреді, судан ішсе мұратына жетер, ғиззаты көп болады деп айтады.
  11. Егер түсінде жылан көрсе—һәм жақсы, адамға дәфи қылмаса.
  12. Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса—онда ол өңінде бір қызметті алады.
  13. Егер түсінде қойлар көрсе—көп қатындар болар.

 

 

  1. Егер түсінде құлағы өзінен бөлінсе—қатыны талақ бо- лар, яки қыз баласы болар.
  2. Егер түсінде құлағына асылған алқа көрсе—қызын күйеуге берер, ол қыз ұл бала табар.
  3. Егер түсінде қыбла танымас болса—дінінде нашарлық болмақ.
  4. Егер түсінде қыблаға тура қарап оқыса—діні тура бо- лар.
  5. Егер түсінде қылыш яки мылтықты көрсе—нафақалық болар, мәртебесі зияда болар,—дейді.
  6. Егер түсінде ләйлік деген құсты көрсе—зәхмат көреді. Егер түсінде нақұрыс кісі көрсе—бір мұнафиқ жал-

ғаншы ер болар.

  1. Егер түсінде намазын оқып, тамам қылып бітіріп шықса—істері тамам болар, егер қатындарға ғана имамдық қылса—бір нашар елге басшы болар.
  2. Егер түсінде өгізге мінер болса—өкімет ісі тақырыпты мал тілер.
  3. Егер түсінде өзін біреу ұрса, өлтірсе—жақсы емес, құ- дайы қылмақ лазым.
  4. Егер түсінде өлген адамды көрсе—зияны жоқ. Сол өл- ген адаммен сөйлессе—рас айтады дер.
  5. Егер түсінде тостаған сынса, ішінде суы қалса—қатыны өледі, егер тостаған сынбай, суы төгілсе—баласы өліп, анасы қалар.
  6. Егер түсінде ұрыс, талас, төбелес дұшпанын көрсе— ғайбат сөйлеуден тілін сақтау керек. Бір бәлеге кездесіп қалу қаупі бар, садақа берсін.
  7. Егер түсінде үйіне бір жынды кісі кіргенін көрсе, ол жынды үйінде бір іс қылғанын көрсе—дұшманы, яки ұры оған зарар келтірер, яки өзі жынданар.
  8. Егер түсінде шайтанды дұшман етер көрсе—ол кісі иман келтіріп, Құдай жолына бой ұсынған болар.
  9. Егер түсінде шайх, яғни қарт ақсақал көрсе—ол бабасы (ұлы атасы) болар.
  10. Егер түсінде Шиш пайғамбарды көрсе—ниғмат шад- лық, бала, хош тірлік көрер.

 

 

  1. Егер түсіңізде мыстан сізге күш көрсетсе—отбасыңыз бен жұмысыңызда біршама проблемаларға кезігуіңіз ықтимал.
  2. Егер тырнағын орта көрсе—дінінде, дүниесінде түзік- тігі.
  3. Егер тысы жақсы, іші жаман жемісті көрмек—мұна- фиқпен жорылар.
  4. Егер тышқан үйінен ауып бір жаққа кетер көрсе—оның берекесі, ниғматы кетер.
  5. Егер тістері босап сілкінсе—жақын қарындастары сыр- қау болар.
  6. Егер тісті қолына алмай кетсе—ол үй ішінен біреуі өлетіндігі.
  7. Егер тісі түсін қолына алса—үй ішінде қатын жамаға- ты көп болар.
  8. Егер уысына хайуанның, я өзінің көзін ұстар көрсе— қолына мал кірер.
  9. Егер үйде тышқанды көп көрсе—малы көп болады. Егер хазірет Иса әлайһиссәламды көрсе—ізгілігі көп

хайыр, берекенің иесі болар, һәм Алла риза боларлық сафарды кезер және азға қанағатшыл болар.

  1. Егер хош иісті ағаш көрсе—ол ағашқа ұхшашлы кісі- ден мал тиер.
  2. Егер һәр бір түсті көрген кісі—ол түске аһл болмаса, сол көрген түстің мөлшерінде машақат шегер.
  3. Егер шашын маңдайынан салынып түсер көрсе—қор- лық деген.
  4. Егер шашынан, сақалынан, мұртынан жып-жылмағай болар көрсе—ол кісі қатты сырқат болар.
  5. Егер шошқа, басқа бөрі, қабылан, жолбарыс түсінде көрсе, өлтірсе—дұшпанға үстін болады, егер зиян қыл- маса—сол хайуанаттарды көргеннің зияны жоқ. Егер бұл хайуанатты өлтірсе—жақсы болады, дұшпандары өлгендей болар, егер мініп жүрсе—дұшпандары қолы- на кіріп, фәрман пірадар болады деп айтады.
  6. Егер ізгі сөз сөйлемесе, хұтба оқымаса, һәм мінберге сәлахиятты болмаса—ауыр жамандыққа кездесер.

 

 

  1. Егер яһуди көрсе—атасы бір туған қарындасынан ми- рас алар, яки бір күнәһқа батарлық етер.
  2. Егіздерді көрсең—игілік белгісі;
  3. Егін егуді көру—дүниесінде, яки дінінде ғамалы бола- ды.
  4. Егін салып, астық шашса—мұратына жетер.
  5. Екі ерін көрмек—әйелі, досы яки баласы, туысы, қатыны делінген.
  6. Екі желкесін көрмек—екі жақсы үй болады.
  7. Екі жұмыртқа—дұшмандарының үстем болмағы.
  8. Екі жұмыртқасын пішілген көрсе—дұшманына үстем болып, олардан пайда табар.
  9. Екі көзінде жас жүргенін көрмек—халал мал көбей- мек.
  10. Екі қасын көрмек—дінінде кәмалаттығы.
  11. Екінді мен үйлі намаздарын бұзар көрсе—борышының жарымын өтеуіне дәлелет қылар.
  12. Екінді уақытында үйлі оқыр көрсе—борышын өтемек болар.
  13. Емен көрсең—ерекше таныстыққа бастайды;
  14. Ер адамға сақалы көп болмақ—байлық, құрметтілігі. Ердің ашық жүзді көрінуі—малы, құрметі артпақ.
  15. Ердің екі емшегі—қатыны болады яки қызын көрер. 664. Ердің зәкәрі—адамдар арасында шарафатты болуы,

я ұл баласы. Егер түсінде бұл құралдың артқанын көрсе—дәулеті, баласы артады, кем болғанын көрсе де—осылай. Түсінде зәкәрінің кесілмегі—я өзінің өл- мегі болар.

  1. Ердің маңдайы—дәулеті.
  2. Ердің түсінде көз көрмегі—дініне назар көзінің түс- кені.
  3. Еркек қарбыз жесе—уайым.
  4. Еркекті жалаңаш көрсең—сәтсіздіктің белгісі.
  5. Ерін. Қалың, сүйкімсіз ерін—ұнамсыз кездесу, отбасы мәселесі. Жұқа ерін—шешімі табылмаған мәселеден жол тауып кету.
  6. Еріннің қалыңдығы—досы, серігі, малшысы болар де- ген.

 

 

  1. Есек—дәулет, байлық.
  2. Есекке теріс мініп жүрсе—дәрежеге ие болады. Ескерткіш көрсең—даңқың артады.
  3. Есуастық: түсінде есуас адамдай болып жүру—надан- дықтың белгісі.
  4. Есік: түсінде есік көру—сол үйдің отағасын білдіреді. Есігінің ашық екендігін көру—молшылықтың белгісі. Кейбір кездері үй есіктерін әйел деп те жорамалдаған. Жабық есік—тұрмысқа шықпаған қызды, ал ашық есік—жесір әйелді білдіреді. Үйдің есігі ауысқанын көру—үй иесінің әл-ахуалының өзгеретінін білдіреді. Үйінің екі есігі бар екенін көру—әйелінің ұрысқақ, жан- жалшы екенінің белгісі. Танымайтын, бөтен есіктерді көру—білім, рызықты, пайданы, жолшылықты, түс көрушінің пайдасына жорылады. Есігінің жаңа еке- нін көру—жақсылықтың белгісі. Есігін жаба алмау- ын көру—әйелі екеуінің арасындағы түсінбеушілікті білдіреді. Ескі есігін алып, жаңа есік қойғанын көрсе—егер үйін сатып жатқан болса, жақсы, қымбат бағаға сататындығының белгісі. Егер бір есікті түсінде қағатын болса, оған ішінен біреу жауап берсе, онда кісі мұратына жететіндігін білдіреді. Үй есігінің құлап жатқанын көру—ауру кісі болса, шипа табатынын білдіреді. Бұндай түс көру—жақсылықтың белгісі. Тар есіктен кең жерге шыққанын көру—қиыншылықтан құтылатынының белгісі. Үйіне бір есік жасап жатқанын көру—үйленудің белгісі. Танымайтын үйдің есігін ашу—сол үйдің егесінен жәрдем сұраудың белгісі. Бір есікті жауып, басқа бір есікті ашқанын көру—жаңа- дан келін түсіретіндігінің белгісі. Үйдің есігі—отаға- сын, бөлмелер есігі—әйелін, асхана есігі—рызықтың белгісі. Бөлмелердің есігі жаңа болса—онда әйелінің ашық, жақсы мінезді болғандығының, ал егер есіктер ескі болса—әйелінің мінезі жанжалшыл, жаман екендігінің белгісі.
  5. Есіктер перделі болса—реніш болар.
  6. Есікті таппай жүрсең—ісіңде кедергі кездесер.

 

 

  1. Есінеу: түсінде есінеу—күнә істеуді, жалқаулықпен на- мазды оқымауды, яғни шайтанның амалын істейтінін білдіреді. Кейде мұндай түс—сырды ашып айтуды және ауруға шалдығуды білдіреді.
  2. Ет: түсінде ет көру—егер піскен болса, мал-мүліктің белгісі. Шикі ет—аурудың, қиыншылықтың белгісі. Түсінде бір адамның етін жегенін көру—сол адамды ғайбаттағанын білдіреді. Өз етін жегенін көру—тапқан табысын пайдаланатынын білдіреді. Доңыздың еті— арам малдың белгісі. Сиырдың еті—қиыншылықты білдіреді. Бураның етінің піскенін жеу—бір адамның малын жеп ауырып, кейіннен құтылып кетеді. Тү- сінде өз үйінде сойылған қойдың етін көрген адам— танымайтын бір адаммен кездеседі. Түсінде майлы қойдың етін көру—мирастың белгісі. Кімде-кім түсінде шикі ет жегенін көрсе—бұл түс жақсылықтың нышаны. Түсінде шикі етті көре тұра жемеу—жақсы емес. Кімде- кім түсінде піскен ет жегенін көрсе—ол адамның малы артады. Егер піскен етті қария кісімен бірге отырып жесе—ол адамның беделі артады. Ет—науқастықтан жазылып, қайғы-мұңнан арылуды білдіреді. Құстың еті—сапарға шығып, табысқа кенелуді білдіреді. Кей- де түсінде құстың етін жеу—жұмақты және адамды жұмаққа кіргізетін салих амалды білдіреді. Балық еті—оңай жолмен табылған рызықтың белгісі. Кейде балық еті—теңізден алатын пайданы білдіреді. Кімде- кім түсінде өз етінің көбейіп артқанын көрсе—ол адамның жағдайы жақсарады. Егер ол адам ауру болса, жазылады. Егер өз етінің азайғанын көрсе—ол адам- ның жұмысы тұрақтайды.
  3. Еттен істелген тамақ—кедей адамның байитынын, етсіз

тамақ көру—мұқтаждықты білдіреді. Әртүрлі нәрседен істелген тамақ көру—науқастықтың белгісі. Түсінде дәмді тамақ пісіргенін көру—молшылыққа кенелудің нышаны.

  1. Еттің тіліктері—зиянды  нәрселерді  білдіреді.  Кей- де адамның жасырған сырының жария болатынын білдіреді.

7-0185

 

 

  1. Етік—байлықтың белгісі. Етік тіктіру—қиыншылық- ты, екі адамның арасындағы достықтың бұзылуын білдіреді. Үлкен етік—той-томалақтың немесе сүйінші хабарды білдіреді. Кішкене, қысқа етік—сіз туралы ай- тылатын сөздер.
  2. Ешкі сауып жүру—кездейсоқтық, күтпеген қуаныш. Ешкі: түсінде ешкіні көру немесе ешкі сүтін ішу—

жақсылықтың белгісі. Түс көруші асыл мұратына жететіндігін білдіреді. Түсінде ешкі етін жеу—жеңіл бір ауруды білдіреді.

  1. Ешкінің және басқа хайуандардың жүні—аз малдың белгісі. Еті желінетін хайуанның жүнін көру—халал малды және оның мөлшеріндей дүние мүлкінің кө- бейетіндігін, ал еті желінбейтін хайуанның жүні— харам малды білдіреді.
  2. Жабайы қаз—арзаншылық пен берекет, молшылық- тың белгісі.
  3. Жабайы үйрек—надан, салақ әйелді білдіреді. Жабайы үйректің жүні—мал-мүліктің белгісі. Түсінде жабайы үйректі ұстап үйіне әкелгенін көрген адам салақ әйелге үйленеді. Ұстаған үйрегінің қашып кеткенін көру— әйелімен ажырасуды білдіреді.
  4. Жабу: түсінде бір есікті жапқанын көру—бойдақ бол- са, жақсы әдепті бір қызбен үйленетіндігін білдіреді, ал егер әйелі бар кісі болса, әйелімен ажырасады. Есік- ті кілтпен кілттеу—үйленудің белгісі. Үйінің есігін жапқанын көру—жақсылықтың белгісі.
  5. Жабық терезе—бос уайым.
  6. Жағалауда жүрсең—тыныш өмір сүресің.
  7. Жаз мезгілі: түсінде жаз мезгілі болғанын көру— қалауының орындалатындығын, қыс кезінде жазды көрсе—қиыншылыққа тап болады.
  8. Жазалану: түсіңізде жазаланғаныңызды көрсеңіз— теріс әрекетініңіз үшін кешірілетініңізді білдіреді.
  9. Жазу жазу—айланың белгісі. Түсінде жазуының на- шар екендігін көру—табысқа кенелуді білдіреді.
  10. Жазылған жазу—көңілсіздікті білдіреді. Түсінде жазу жазғанын көру—істейтін ісіңіз жайында ойла-

 

 

нып, ешқандай шешімге келе алмайтындығыңызды білдіреді. Сізге берілген жазуды немесе сізге беріл- ген хатты оқығаныңызды көру—егер оқуға ыңғайлы болса, жақсылықтың, оқылмайтын дәрежеде болса, жамандықтың белгісі. Өшіп қалған көрінбейтіндей дәрежеде бұлыңғыр жазуды оқуға тырысу—сізге берілген істі  орындайтындығыңызды,  дуалға  неме- се тақтайдың бетіне жазылған жазуды оқу—бір істі істегенде өзіңізге сенімділік танытатындығыңызды; аспанда тұманмен жазылған жазу көру—ойлаған нәрсеңіздің орындалмайтынын; оқылмайтындай дәре- жеде бір тақтайдың үстінде айқыш-ұйқыш жазудың сізге берілгенін көру—кейбір істердің оңай шешіле- тінін білдіреді.

  1. Жай шұлық көрсең—жақсылық.
  2. Жайнамаз: түсінде жайнамаз көру—арлы әйелдің белгісі. Жүн немесе мақтадан жасалған жайнамаз- дың үстінде отырғанын көру—құлшылыққа мән беруді білдіреді. Жайнамаздың жоғалғанын көру— құлшылыққа немқұрайлы қараудың белгісі.
  3. Жақ: түсінде жақ көру—қайыр мен молшылықтың белгісі. Жақтың сары түсте көрінуі—қорқыныш пен қайғыдан құтылудың белгісі.
  4. Жақсылық жасау: түсінде біреуге жақсылық істе- генін көрген адам—жаман істеріне тәубе етеді, ту- ған-туыстарының көңілін аулайды немесе кедей- кепшіктерге садақа береді. Түсінде жақсылық жасау—әділдік орнайтынын білдіреді.
  5. Жақұт—қуаныштың белгісі. Сәби күтіп жүрген адам- ның қызы дүниеге келеді.
  6. Жақып (ә.с.): түсінде Жақып пайғамбарды көру—бала- шағасы тарапынан қиыншылықтың шығуы, бірақ кейіннен жақсы өмір сүретіндігінің белгісі. Жоғалған жоқтық табылатындығын білдіреді.
  7. Жалаңаш әйел—өтірік, өсек.
  8. Жалаңаш еркек көрсең—кедейлікке тап  боласың.    Жалаңаш  жүру:  түс  жорушы  Кирманидың  айтуы-

на қарағанда: «Түсінде бір жұмыс үшін шешінгенін

 

 

көрсе және ол жұмыс дінге байланысты болса— дүниелік пайда көретінін, бірақ ақыреттен нәсібі болмайтынын білдіреді»—дейді. Базарда немесе бір топ адамның ішінде жалаңаш жүргенін және оған адамдардың қарап қалғанын көрсе—сақтап жүрген құпиясы жария болады. Мешітте шешінгенін көр- се—күнәларынан арылады. Бір риуаятта:  «Түсінде өзін жалаңаш  көрсе—діни  жауапкершілігін  орын- дау үшін қайрат көрсететінін білдіреді» делінеді. Жалаңаш жүріп жыныстық мүшесін бір нәрсемен жауып жүргенін көрсе—байлығынан   айрылаты- нын, бірақ өзіне жетерліктей қалатынын білдіреді. Жалаңаш бола тұра өзіне ешкімнің мән бермегенін көрсе—ауру болса, ауруынан жазылады; қарызы бол- са, қарызынан құтылады деп жорылады.

  1. Жалаңаштану: түсінде анадан туғанындай жала- ңаштанып жүргенін көрген адам—күнәдан арылып, сауапқа кенеледі. Дініне берік адам түсінде жала- ңаштанып шешінгенін көрсе—қайыр мен табысқа жетудің, қиыншылықтан құтылудың белгісі. Ал дінмен ешқандай байланысы жоқ адам болса, қиыншы- лығы одан сайын артатынын білдіреді. Әйел адам өзінің жалаңаш жүргенін көруі—жақсы емес. Егер тұрмыс құрған болса, ажырасады.
  2. Жалаңаяқ жүру—қиыншылықтың белгісі. Кейбіреу- лер керісінше жориды.
  3. Жалау: түсінде жалау алып жүрсе—үлкен сыйлық алатынына жорылады. Ақ жалау—достық пен қарым- қатынастың; үлкен жалау—үйленудің белгісі. Түсін- де мұнара, мешіттің күмбезін, немесе байрақ көру— бейбітшілік пен қуаныштың белгісі.
  4. Жалғыз жұлдыз—қуаныш.
  5. Жалпақтау: дүние үшін біреуге жалпақтау—негізсіз түстің белгісі.
  6. Жалынсыз отты көмір көрмек—харам мал, бәлки же- тім малы болар.
  7. Жамағат: түсінде топ адамды көрген адамға Алла Тағала мейірім етіп, оны қорғайды. Түсте адамдардың

 

 

арасында өлікті көрсе—өлген адам Алланың мейірі- міне бөленеді.

  1. Жаман сөз есту—күнә істеудің белгісі.
  2. Жамандық: түсінде біреуге жамандық нәрсе үйрет- кенін көрсе—жамандықтың белгісі. Біреудің сізге жаманшылық істеуі—ол кісіге келетін бәле-жаланы, қиыншылықты білдіреді.
  3. Жаназа: түсінде жаназаның арқасынан жүргенін көр- се—ол адамның дінінің теріс екендігін білдіреді. Өзін табыттың ішінде жатқанын көрген адамның дүниесі көп болады. Егер өзін табыттың ішіне қойылғанын жә- не бір топ адамның иығына көтеріп салғанын көрсе—ол адам салтанатқа ие болып, билікке көтерілетініне жо- рылады. Ол үшін жылап жатқан адамдарды көрсе—ол адамның өмірінің соңы жақсы болады. Түсте жаназа көру—әрдайым жақсылық пен ұзақ өмірге жорылады. Жаназаның өз отбасынан бірі болғанын көрсе—науқас танысы болса, ауруынан жазылады, ұлды болады деп есептеледі. Өзінің өліп қалғанын көрсе—бақытты ғұмыр кешетінін білдіреді. Егер көршіңіздің өліп қал- ғанын және оның жаназасын шығаруға дайындалып тұрғаныңызды көрсеңіз—көршіңіздің сізден разы екендігін білдіреді. Түсінде жаназаны көтеріп жүрген адамның қолына мал түседі. Кирманидың көзқарасы бойынша, түсте жаназа көтеріп жүру—діннен ал- шақтаған адамға жәрдем берудің, ал өзінің табыттың ішінде кетіп бара жатқанын көру—жоғары дәрежеге көтерілудің белгісі.
  4. Жанартау, лапылдаған от—өмірінде үлкен өзгеріс бо- лады.
  5. Жанның денеден шығуы—аманатты иесіне беруді не- месе ауру адамның ауруынан жазылатынын, яки түр- меден босайтынын білдіреді. Кейде жанның денеден шыққанын көру—кездесе алмай жүрген адамдармен кездесудің белгісі деп жорылады.
  6. Жан-жануарларды байлау—қайырлы іс.
  7. Жанып жатқан есік—өлімнің белгісі болуы мүмкін.

 

 

  1. Жаңа аяқ киім кисең—жаңа орынға ауысуың мүмкін. Жаңа киім кисең—жаңа олжа келеді.
  2. Жаңбыр кезіндегі найзағай—жайсыздық белгісі. 721. Жаңбыр көрсең—жылайсың, ренжисің.
  1. Жаңбыр суы—рахмат, жақсылық, егер көп орындарда күшті жауса, ол орында ауырлық болар.
  2. Жаңғақ шағып жүрсең—ақша аласың.
  3. Жапырақ төсеп ұйықтасаң—екеуара сүйіспеншілік белгісі.
  4. Жапырақсыз ағаш—жақсылық емес.
  5. Жапырақтың әртүрлісі болса—ауа райының бұзылуы. Жардан өтіп кетсең—қауіптен құтыласың.
  6. Жарқанат көрсең—ұнамсыз мейман әйел келеді. 729. Жарты ай көрсең—уақытша ғана бақыттың белгісі. 730. Жарық жұлдыз көрсең—нәтижеге жетесің.
  7. Жас адамдар табыт көрсе—үйлену тойының белгісі. 732. Жас әйел осы түсті көрсе—махаббаттағы сәттілік, тұр-

мыстағы бақыттылық.

  1. Жас баланың түсі—атасына болар.
  2. Жастықтар, орындықтар, бүркеншік, жаулық—қыз- метшілері болады.
  3. Жасыл жапырақ—сапарға бастар.
  4. Жасыл тон көрмек—дүниедегі тірлігі рахаты, оның үшін ол ұжмақ аһлдерінің киімі еді.
  5. Жасыл түс—жолға, сапарға шығу.
  6. Жасыл шалғында жүру—қонаққа бару.
  7. Жасыл шегір көзді көрмек—дінінен өзге қарсы дін болар, егер балалары болса, сырқат болар, екі көзінің кетпегі, баласының өлмегі.
  8. Жат қатынмен, яки өз қатынымен шағылыс жасаса— жасы ұзын болар.
  9. Жатқа оқымақ Құранды—бір хақ іс болмақ, аманат өтемек, шариғат жолын орындамақ.
  10. Жауһар—байлық.
  11. Және майдан бауларда кіріп жүрсе—көңілі хош уақыт болады деп айтады.
  12. Және түсінде аспандағы айды көрсе—көп жақсы бола- ды, тірлікте мәнфағат болады деп айтады.

 

 

  1. Және түсінде түйеге мініп жүрсе—біздіктер, өлген- дер, біздіктерден, яғни әулиелерден илтифат болар деп айтады. Әртүрлі хайуанаттарды мінсе—жығылмаса, жақсы болады.
  2. Жәрдем: түсінде жәрдем беру—мәрттіктің белгісі. Бір адамға жәрдем бергенін көру—сауапты іс істегенін білдіреді.
  3. Жебірейіл (ә.с.)-ның насихат айтқанын немесе сүйін- шілеп жатқанын көрген адам сыйлы, құрметті және бір жақсылыққа сүйінші хабар алады. Егер ол адам жәрдемге мұқтаж болса, жәрдем алады, науқас болса, жазылады. Қажыға бармаған болса, қажыға барады. Жебірейілдің кейпіне кіргенін көрсе—жақсылық пен берекетке бөленеді.
  4. Жексенбі—ғұмыр бойы маңдай теріңізді төгіп өтеті- ніңізді білдіреді. Сізге өмірде оңай олжаның жоқтығын хабарлайды.
  5. Жел—махаббат нышаны немесе мұң.
  6. Желкесін қалың көрмегі—Құдай тағдыр еткен нәр- селерге, күллісіне қуатты болмақ.
  7. Жемқорлық: түсінде біреуден пара алу немесе беру— сауда-саттықтың ретсіздігін және жұмысыңыздағы бей-берекетсіздікті білдіреді.
  8. Жеміс-жидек: түсінде дәмі тәтті жеміс-жидек көру— рызықты, пайдалы істі, білімді білдіреді. Қышқыл жеміс те рызық пен білімді білдіреді. Қышқыл жеміс жемейтін кісі түсінде қышқыл нәрсені жегендігін көру—харам жолдан табылатын дүние-мүлікті, ау- руының артатындығын білдіреді. Жеміс-жидек—жақ- сылықтың белгісі.
  9. Жеміс құрты—екі жүзді, әдепсіз, аманатқа қиянат жа- сайтын, сырты бүтін, іші түтін болған кісіні білдіреді.
  10. Жеміссіз ағаштар көрмек—бір семіз кісі болар, жуан дауысты, ізгілігі һәм малы аз болар.
  11. Жемістерден сары жеміс көру—қайғы, сырқат болар. Жемісті ағаш көрсең—игілік.
  12. Жеңу: түсінде біреуді жеңгенін көру—қиыншылықтан құтылуы, ауру болса, ауруынан жазылуды білдіреді.

 

 

  1. Жеңіс: түсінде жеңіске жеткенін көру—жетістікке жетудің белгісі. Жеңіске жетуді қиыншылыққа душар болу деп жоритындар да бар.
  2. Жер асты жолы: түсінде бұл түсті көру—білместен, қаламастан жаман іс істейтіндігін білдіреді. Жер асты жолымен жүріп, ол жерден таза су табу—жақсы- лықтың белгісі. Ол жерде таза емес, лай суды көру— жаманшылық пен қиыншылықтың белгісі.
  3. Жер бөлігі: жер—әйелге жорылады. Жер сатып ал- ғанын көрсе—үйленеді, сатса—ажырасады. Жерден көп өнім алғанын көру—ұрпағының көбейетінін біл- діреді. Жерде аунап жатқанын көру—жақсылықтың белгісі емес. Таза болса—жақсылық, ал таза болмаса— керісінше болады. Өзі білмейтін жерден үлкен жерге ие болғанын көру—мал-мүлікке ие болады немесе өзге ұлт өкілімен үйленеді. Жерде отырғанын көрсе—үлкен дәрежеге көтеріледі. Жерден уыстап топырақ жегенін көрсе—ол адам бақуат болады. Алдына топырақ жиы- лып қалғанын көрсе—өмірі ұзақ болады. Егін егілетін жерден сүдігерге жүргенін көрсе—сүннетті орындамай жүргенін білдіреді. Түсінде бір адамды көму үшін жер қазып жатқанын көрсе—біреуге айла жасаудың белгісі екенін білдіреді. Шұңқыр қазып жатқанын көрсе— әйелінен айырылатынының белгісі. Топырақпен сөй- лесіп жатқанын көрсе—ұзақ ғұмыр кешеді. Арық не- месе канал қазып жатқанын көрсе—халыққа қызмет етіп жүргенін немесе үлкен қызметке көтерілетінін білдіреді. Бір жерге көпір салып жатқанын көрсе— дініне берік екенін білдіреді. Ал көпірді құлатқанын көрсе—дініне салғырт екенін білдіреді. Егіндіктің су басып жатқанын көрген адам сапарға шығады. Жерді қазып топырағын жеп жүрсе—мал тауып алады. Үлкен жерден қыспақ жерге кіру—күнәнің белгісі. Егіндік- ке қожайын болса—үйленетінін білдіреді. Баласы жоқ болса, перзентті болады.
  4. Жер көрмек—дүние, тіршілік.
  5. Жер қазып жүрсең—мұңаюдың белгісі.

 

 

  1. Жер сілкінісі: түсінде жер сілкінгенін көру—жақ- сылықтың нышаны емес. Ақша мен мал мүліктен ай- рылуды және қиыншылықты білдіреді.
  2. Жер шарының картасы: түсінде карта көру—сапарға шығудың белгісі. Түсінде картаға зер салып қарау— ұзақ сапарға шығуын білдіреді. Карта сызғанын көр- ген адам, егер картаны толық сызса—оған жұмыс берілетінін, толық сызбаса—берілмейтіндігін білдіре- ді. Түсінде біреудің карта көрсетіп, одан сұрағанын көр- се—күтпеген жерден хабар келетінін білдіреді.
  3. Жер—өсекшіл, өтірікші әйелдің белгісі. Жер—білім мен жақсы сөзді білдіреді. Жердің тарылуы—күнәні ашық түрде істеудің белгісі. Кейде жердің жарылуы— сол жердің берекелі екенін білдіреді. Бір жерді еге- ленгенін көрген адам—бойдақ болса, үйленеді. Жердің сілкінгенін көру—жүкті әйелдің баласын тастайтынын білдіреді.
  4. Жердің түрілгенін көру—өлім, яки біреуден өлу.
  5. Жетімдік: түсінде жетімсіреу—адамдардың түрткісін- де қалады. Түсінде жетімдікті көру—дұшпанын жеңу- ді білдіреді.
  6. Жиде ағашы—әдепті, кішіпейіл, баршаға жақсылық жасайтын адам екеніңізді аңғартады.
  7. Жиде: Түсінде жиде көру немесе жеу—айналаңыздағы адамдар арасында беделіңіздің артатынын білдіреді.
  8. Жираф: түсінде жираф көрудің ешқандай қайыры жоқ. Өйткені бұл жануар—қиыншылықтың белгісін білдіреді. Жираф—күйеуіне мойынсұнбайтын әйелді білдіреді.
  9. Жиренішті нәрсе көру: түсіңізде жиренішті нәрсе көрсеңіз—жақсы емес. Сүйкімсіз әлпет көру—қауіп- тің белгісін білдіреді. Өзіңізді жиіркенішті халде көрсеңіз—сіздің жарқын жүзді, ізгі  ниетті  мейірім- ді жан екендігіңізді білдіреді. Жиіркенішті жануар көрсеңіз—жақында қуанышты хабар естіп, қуанаты- ныңызды білдіреді.
  10. Жиһаз көрсең—қуанышты кездесудің нышаны.

 

 

  1. Жоғары үкімет бастығын көрсе—сүйінішті іске кезде- сер.
  2. Жоқшылық—береке, жақсы, қымбатты достарды жә- не уақытша бір қиыншылықты білдіреді.
  3. Жол: жолдың шетінде жүргенін көрген адамның дініне салғырт қарайтындығын білдіреді. Түсінде жол үстінде тура жүргенін көрген адамның саудада жолы болады. Жолынан адасып кеткен адам—сауапты іс пен дінінен айрылады. Егер қайта тауып алса—тура жолды таба- ды. Жолда қалай қарай жүрерін білмей басы қатса— нәпсісін тәрбиелей алмай жүрген адамды білдіреді. Қараңғыжолданжүргенадам—туражолданұзақтайды. Қараңғы жерден жарыққа шыққан адам—тура жолға түседі. Жол—діннің белгісі. Жолдың жағдайына қарай дінін де білуге болады.
  4. Жолаушы қасқыр көрсе—сапары сәтті болады.
  5. Жолбарыс—залым немесе дұшпан бір кісінің белгісі. Түсінде жолбарысты өлтіргенін көру—дұшпанын же- ңетіндігін, оның шарасыз қалатындығын білдіреді. Жолбарыс етін жегенін көру—молшылық, берекеге тап болады. Жолбарысқа мінгендігін көру—қызметінің, абыройының өсетіндігін білдіреді. Жолбарыстың тіс- тегенін көру—тістеген жерінің мөлшеріндей жаман- шылықтың келетіндігін білдіреді. Жолбарыс—қу, айлакер адамның белгісі. Түсінде жолбарыс көрген кісі—күнәлардан тәубе етеді.
  6. Жолмен келе жатсаң—сырқат, жайсыз хабар.
  7. Жолмен түзу жүріп бара жатса—хақ жолда екендігі. Жомарттық: сараң адамның түсінде жомарт бо-

луы—көркем мінезді, адасып тура жол табатынын білдіреді.

  1. Жөндеу: түсінде қандайда бір нәрсені жөндегенін көру—қарыз болса, өтеуді, аурудың жазылатынын, жүкті әйел болса, балалы болатынын білдіреді.
  2. Жуылған кірді сатып алса—аурудың нышаны.
  3. Жуыну: түсінде өзен-көлде, таза суда жуыну— қиыншылықтан құтылудың белгісі. Түсінде тек қана

 

 

басын жуу—зорлық істеген адамдардан құтылу. Қол жуу—қуаныштың, денесін жуу—құрметке бөленудің белгісі.

  1. Жұлдыз—адамдар арасындағы құрметті адам. Қолында жұлдыз көру—ақылды бала. Үйінде көптеген жұлдыз көрген адамның ұрпағы көбейеді. Жап-жарық жұлдыз көрген адам қуанышқа бөленеді. Жұлдызды жеу— адамдардың мүлкіне қол сұғу. Жұлдыздардың аспанда ағып жүргенін көрген адам бай болса, малынан айрыла- ды, кедей болса, өледі.
  2. Жұлдыздың сөнгенін көрсең—жақыныңнан айыры- луың мүмкін.
  3. Жұлынған шаш—досыңның немесе жақыныңның өлуі мүмкін.
  4. Жұма: жұма намазын оқыған адамның арманы орын- далады. Түсте жұма намазын көрсе—қайғы-мұңнан айрылып, қуанышқа кенеледі. Түсінде жұма намазын оқыса—ақыретті көп ойлайтыныңызды және Алла тағала құлшылықтарыңызды қабыл ететінін білдіреді. Бейуақыт намаз оқығанын көрсе—иманын жаңалау керектігіне жорылады.
  5. Жұмақ: жұмақты көріп, бірақ ол жерге кірмеген адамның түсі—ол адам үшін жақсылықты білдіреді. Жұмаққа кіргісі келген адамды кіргізбесе—оның қалауы болмайды. Жұмақтың есіктерінің барлығы жабық болса—ата-анасына қарсы екендігін білдіреді, ал қалаған есігіне кірсе—ата-анасы одан разы бол- ғанын білдіреді. Өзінің жұмаққа кіргенін көрген адам екі дүниеде де сенімділік пен қуанышқа бөленеді. Жұмақтың жемісін жесе—жеген жемісіндей рызыққа ие болады. Жұмақтан су, шарап, сүт ішсе—білім мен байлыққа жетеді. Жұмақтың жемісінен алып, біреуге бергенін көрсе—ол адам амал етпеген білімін біреуге үйрететінін білдіреді. Ауру адам жұмаққа кірсе— ауруынан жазылады. Жұмақтан қуылса—кедейлікке ұшырайды.
  6. Жұмыртқа көрсең—табыс, мейман келеді.

 

 

  1. Жұмыс істеу: егер түсінде қайырлы бір іс істейін деп жүргенін көрсе—мұратына жетеді. Біреуге жұмыс істетіп, оған бас-көз болып қасында жүрсе—оңды іс істейді. Түсінде бір бөлмеде отырып, сурет салып неме- се жазу жазып отырса—өмірі ұзақ болады және ешқан- дай қиыншылық көрмейді. Бақшада, егіндікте немесе фабрикада жұмыс істеп жүрсе—денінің саулығын, бай- лық пен молшылықты білдіреді.
  2. Жұмыстан босау—қалаған ісіне жетудің белгісі. Кімде-кім түсінде жұмыстан шығарылып, орнына қария адамның орналасқанын көрсе—ол адамның ісі оңды болады. Өзінің орнына жас жігіттің тағайын- далғанын көрсе—ондай жағдайда ісінің оңды жүре- тінін білдіреді.
  3. Жүгері жесең—ақша келеді.
  4. Жүгері жинасаң—малың көбейіп, бақ дәулетті бола- сың.
  5. Жүгірген ит көрсең—жаңа орын іздейсің.
  6. Жүгіру: түсінде жүгіргенін көру—жамандықтың бел- гісі. Жүгіріп келе жатып құласа—бастаған ісі бітпей, қиындықтарға кездеседі.
  7. Жүдеу бас көрмек—қайғы болады.
  8. Жүзу: түсінде теңізде жүзіп жүргенін көрген адам ғалым болса, мұрат-мақсатына жетеді. Теңізде жүзіп, кейіннен жағаға шықса—егер ол білім іздеген адам бол- са, бәріне қол сілтейді. Теңіздің терең жеріне барып, сол жерде рахаттанып жүзіп жүрсе—үлкен іске орналаса- ды. Кімде-кім суда жүзіп жүрсе—дұшпанын жеңеді.
  9. Жүзім жемісі һәм бақшалар көрмек—қатын болады. Жүзім жеу—қуаныш, ұтыс.
  10. Жүзім көрсең—үлкен табыс.
  11. Жүзінің ақ көрінбегі—имандылығы, қызылдығы— дәулетті болатыны, қызыл мен ақтығы—құрметті бо- латыны.
  12. Жүзінің сарылығы—сырқаттылық.
  13. Жүзінің тозаңменен қара көрінуі—өлім депті.
  14. Жүзіп жүрген балықты көру—өңінде перзент сүйеді.

 

 

  1. Жүкті болу: түсінде өзінің жүкті болғанын көрген әйел жұмыстарының орынды жүретінін және абыройының артатынын білдіреді. Жүктілік—түс көрушінің дүние- лік нәрсесінің артатынын білдіреді. Жесір әйел мен жас қыз жүкті болса—тұрмысқа шығады.
  2. Жүн киім кимек—көп мал болар, мамық шапан ки- мек—дүние ахырет хайырын жияр.
  3. Жүн шұлық—сырқат.
  4. Жүніс пайғамбарды көрсе—бір істе асығып, тұтқын- дық тарлыққа түсіп, соң құтылар да, ажал күніне шейін жақсы тіршілікпен өтер.
  5. Жүрек айну: түсіңізде жүрегіңіз айныса—күшіңіздің әлсіз болғаны және сізден күшті адам сізге тиісіп, соның салдарынан абыржисыз. Сондай-ақ мұндай түс денсаулығыңыздың жоқтығын білдіреді.
  6. Жүрек—қазына болады, жоруы да һәм солай болады. Жүрегіңіздің қатты соғып жатқанын, өзіңізге дем жет-

пей жатқанын сезінсеңіз—қызметіңізде күрделі мәселе болады. Кейбір жасаған қателіктеріңізді уақытысында жолға қоймасаңыз, ол үлкен шығынға әкеледі.

  1. Жүсіп пайғамбарды көрсе—өтірікші, залымдардан за- лал көрер, һәм тұтқынға түсіп, ауыр халдер көріп, соң үлкен ұлық болар, мақсатына жетер.
  2. Жылан көрсең, ауырып қалуың, досыңның опасызды- ғына кезігуің мүмкін.
  3. Жылан көрсең—жақында қуанышқа кенелесің.
  4. Жылан қуып жүрсе—зымиян қатындардан сақтану ке- рек.
  5. Жылау—қуану.
  6. Жылдам ағыс көрсең—қуаныш. Жылқы мініп жүрсең—қуаныш.
  7. Жылқы сатып алып жүрсең—жаңа хабар аласың. 820. Жылы су ішсең—ауырасың.
  8. Жібек кию—еркекке арамнан жиналатын мал, дінінде кемшілік.
  9. Зәмзәм суы: кімде-кім түсінде зәмзәм суын ішсе—дерті мен ауруынан айығады. Сондай-ақ мал-мүлік пен білім деп те жорылады.

 

 

  1. Зейтүн майын көрмек—хайырлы берекет болмақ.
  2. Зікір: түсінде Алла тағаланы зікір еткен адамдарды көру—дұғаның қабыл болатынын, мәртебесінің көте- рілетінін білдіреді.
  3. Иек көру, үру—тамыр иесі болар, яғни нәсіл иесі. Имамдарды көрмек—хайыр, шарафатдүр.
  4. Ине көрсең—дұшпан қоршауында қалғаның. 828. Ит көрсең—адал досыңа байланысты сәттілік. 829. Ит қабатын болса—жалаға ұшырайды.
  5. Калима шаһадат: түсінде калима шаһадат айту—тура жолдың, молшылықтың белгісі.
  6. Кәуап—жақсылық. Кәуап сатып алу—мол табыс. 832. Кәмпит көрсең—мейман келер.
  7. Кебін: түсінде кебін көру—ақырет амалдарын білді- реді. Кейбір кезде сыр сақтауын, бойдақ кісінің теңі болмаған әйелге үйленетіндігін білдіреді. Кебін киген- дігін көру—біреудің зиянқорлыққа шақыратындығын, бірақ ол істі істемейтіндігін білдіреді. Түсінде өлік- тің кебіні қысқа болса—түс көрушіге тәубе ету керек екендігін білдіреді. Түсінде ашық қабірдің ішінде кебін киіп жатқандығын көру—кем-кетіктерге, әлсіздерге жәрдем етуді білдіреді. Кебінін шешіп тастап, көшеде жүргендігін көру—мол табысты білдіреді. Үстінде кебін кигендігін көру—өлімді білдіреді. Жағраф Садықтың көзқарасы бойынша, кебін төрт нәрсені білдіреді: дүние нығметін, жолаушылықты, өлім мен ауруды. Түсінде танитын кісіге кебін тіккендігін көру—молшылықтың белгісі. Түсінде бірнеше кебін жинағандығын көру— абыройының өсетіндігін, ал кебін таратып жүргендігін көру—жақсылықтың белгісі.
  8. Кедей: түсінде кедей адамдарды көру—жағдайға бай- ланысты кейде молшылықты, кейде кедейлікке түсуді білдіреді. Түсінде тіленіп жүргенін және бір нәрсе алғанын көрген адам—қиыншылықсыз мал-мүлікке ие болады. Үсті-басы алба-жұлба кедей адамды көру— кері кетуді білдіреді. Кейбір түс жорушылар мұны басшылыққа шығу деп жориды. Кедей адамға бір нәрсе

 

 

беру—бәле-жаладан құтылуды білдіреді. Кедей адам- нан бір нәрсе алу—күтпеген жерден біреуден жәрдем алатынын білдіреді. Кедейдің жылап жүргенін көру— қайырлы хабарды; мұңды жүзін көру—істерінің кері кететінін білдіреді.

  1. Кездеме: түсінде кездемені көру—дүниелік істерді білдіреді. Түрлі-түсті материалдардан тігілген көй- лек кигенін көру—қиыншылықтың белгісі. Түсінде көрген кездеме түстеріне байланысты да түрлі жо- рамалдар айтылған, ақ түсті—қуанышқа, сүйіс- пеншілікке, көк түсті—сүйіншіге,  жасыл  түсті—ту- ра жолда екендігіне, қызыл түсті—мұң-қайғыға, қара түсті—өлімге, сары түсті—ауруға жорыған. Түсінде кездемені жыртқанын көру—әйелімен ажы- расатынын білдіреді. Түсінде кездемені жинағанын көру—ұзын сапарды білдіреді.
  2. Кездесу: түсінде бір жолдасымен кездесуге кеткенін көру—бір жұмыс үшін мемлекет мекемесіне бараты- нын, егер кездескен болса—жұмысының оңалатынын, кездеспесе—болмайтынын білдіреді.
  3. Кек алу: түсінде тіс қайрап жүрген адамынан кек алғанын көру—жақсы көретін адамының өлетінін білдіреді.
  4. Кекеш: түсінде кекештенгенін көру—жоқшылықтың белгісі немесе бастық болып дұшпандарын жеңетінді- гін білдіреді.
  5. Кекілік—әйелдерді және жақсы мінезді адамдар- ды білдіреді. Түсінде бір топ кекілік бір төбеге ба- рып қонғандығын көру—қызметінің өсіп, көп ақша табатындығын білдіреді. Түсінде кекілік етінің қуырылғандығын көру—жаңа киім алатындығын, ал кекілік аулағанын көру—әдемі, әдепті бір қызбен не- месе еркекпен танысатындығын білдіреді.
  6. Келіншек: түсінде келіншек болғанын көру—тұрмыс құруды, табысты іс әрекетті білдіреді. Тұрмысқа шыққан әйел келіншек болғанын көру—қыз туа- тынын немесе игі іске бастауын себепші болатынын

 

 

білдіреді. Жас, сұлу келіншек көру—адал табыс пен молшылықты білдіреді. Жиіркенішті кәрі келіншек көру—берекесіз табысты білдіреді. Түсінде көрген келіншек әдемі болса, молшылық пен арзаншылықты білдіреді.

  1. Келіспеушілік: түсінде жұбайыңызбен араңызда тү- сінбеушілік туындаса—істеген істеріңізді міндетсінуді доғару керектігін білдіреді.
  2. Келісім-шарт: түсіңізде келісім-шартқа келісіп қол қоюыңыз—қандайда бір іске кірісер болсаңыз, қатты көңіл бөліп істеуіңізді, сезім, көңілге мән беруіңізді білдіреді.
  3. Келісім: түсінде дұшпандармен келісім жүргізгенін көрсе—қорқынышы кетіп, қиыншылықтың соңы жақ- сылық болады деп жорылады. Науқастың шипа та- уып, рызықтың артып, табысқа кенелетініне жорыла- ды. Бойдақ болса, үйленіп, намазды, оразаны бастап, қайырлы істер істейтінін білдіреді.
  4. Кеме—ауырып, қиналып, қатты абыржып жүрген адам үшін қайырлы болады. Кеменің жағада тұрға- нын көру—жолы болатынын білдіреді. Түсінде кеме- ні жағаға қарай сүйреп жүргенін көрген адам—екі жүзділік көрсетеді. Салихалы адамдармен бірге ке- меге мінгенін көрген адам—күнәдан тазарады. Кеме- ден шыққанын көрсе—бақытқа кенеледі. Кімде-кім жағада тұрып, теңізде бір кеменің бос қалқып жүргенін көрсе—оңды сапардың белгісі. Кеме, надандық пен бүліктен құтқаратын Ислам деп жорылады. Науқас адам өлген адаммен бірге кемеге мінгенін көрсе—ол адам бүліктерден арылады. Қарызы көп адам кемеге мінгенін көрсе—қарызын өтеп, қайғы-мұңнан ары- лады. Егер жағдайы нашар адам көрсе—Алла тағала оған күтпеген жерден молшылық береді. Жұмыссыз жүрген адам кемеге мінгенін көрсе—жұмысқа орнала- сатынын білдіреді. Өлім төсегінде жатқан адам кемеге мінгенін көрсе—оның өмірін ұзартады. Түсінде кеме- нің батқанын және тақтайдан ұстап құтылғанын көр-

 

 

се—жұмысында кездесетін кедергілердің қысқа уақыт- тың ішінде ретке келетінін білдіреді. Түсінде бос кеме көру—саудадағы табыс пен пайданы білдіреді. Түсінде теңіздің жағасында тұрып, ол жердегі кеменің бейпіл жүзіп жүргенін көру—қайырлы істі білдіреді. Бойдақ жігіт түсінде кеме сатып алса—үйленеді. Түсінде Нұх (ә.с)-ның кемесін көру—қуанышты, жаңбыр жауаты- нын білдіреді. Мінген кемесінің ауада жүргенін көр- ген адамның өлімі жақындағанын білдіреді. Кеменің құрлықта жүргенін көру—жаманшылықтың белгісі. Үлкен кемелер—жақсылықтың белгісі. Кішкентай кемелер—қарақшылықтың белгісі. Бұзылған кеме— қайғы-мұңның, батқан кеме құтылудың белгісі.

  1. Кемеге міну, кеме көру—қорқынышынан құтылар. Кемеде жүзсең—хат-хабар аласың.
  2. Кемежай, порт: бұл түсті көру—жақсылықтың бел- гісі. Кемежайда жүріп көп кеме көру—үйіңізге ке- летін қонақ немесе көптен көрмеген достарыңызбен кездесетіңізді білдіреді.
  3. Кемпірқосақ көрсең—ұнамды хабар естірсің. 849. Кең соқпақпен жүрсең—жақсылық.
  4. Кептер көрсең—қуанышты өмір сүресің.
  5. Кептер сізге хат әкелсе—араздасқан ғашықтар қайта жарасады немесе жағымды хабар келеді.
  6. Керуен: түсінде бір керуенмен сапар шегу—саудаңыз- дың жүретіндігін, қызметіңіздің өсетіндігін білдіреді. Керуеннің қалаға кіргенін көру—үлкен мирасқа еге болатындығын білдіреді.
  7. Кесілген ағаш—өлім мен қаралы күндер белгісі болуы мүмкін.
  8. Кетік: өзіңізді кетік көрсеңіз—жұмысыңызды алып кету мүмкіндігіңіздің жоқ екенін меңзейді.
  9. Кеуде: егер жас әйел өз кеудесінің жараланғанын көрсе—оған бақытсыздық келеді. Егер әйелдің көкірегі толық әрі аппақ болса—жақын күндері үлкен байлықтың мұрагері болмақ.
  10. Кешіру: түсінде біреудің кінәсін кешіргенін көрген адам Алла тағаланың мейіріміне бөленетін іс істейді.

8-0185

 

 

Түсінде кінәсі кешірілген адамның ғұмыры ұзақ болып, құрметке ие болады. Түсінде біреудің істеген қателігін кешіру—рухани дүниенің тазаланып, білімінің артып, жайдары адам болатынын білдіреді.

  1. Кешірім сұрау: түсінде кешірім сұрап, тәубе ету—мол- шылықтың белгісі. Түсінде Алладан кешірім сұраға- нын көрсе—Алла тағала оның күнәларын кешіреді, ол адамға бала беріп, жұмақты нәсіп етеді. Түсінде теріс қылығы үшін кешірім сұрағанын көру—сыйлы адам екеніңіздің белгісі.
  2. Киім—жолға шығу.
  3. Киім жуу—қиын істерден құтылу.
  4. Киім тоқу—ұзақ жерге сапарға шығу. Жүннен киім тоқу—ауа-райының бұзылуы.
  5. Киімдегі жамау—сәтсіздік нышаны. Киімдерді үтіктеу—ісі ретке келу.
  6. Киімшең жуынсаң—зиян мен сырқат белгісі.
  7. Көбелек гүлге немесе жасыл желекке қонып тұрса— жетістік.
  8. Көбік көрсең—өтірік хабар аласың.
  9. Көгерген нан—зекеті берілмеген пайдасыз мал. 867. Көгершін—ұзақтан келетін жақсылық, пайда.
  10. Көгершін басына немесе иығына қону—үлкен қуаныш. 869. Көгершін етін жеу—қолына мал-мүлік келу.
  11. Көгершін көп болу—бір жерге басшы болу.
  12. Көгершін өзіне қарай ұшу—ұзақтан келетін қайырлы хабар.
  13. Көгершін түсінде—қатынға кездесу.
  14. Көгершін ұстап алу—үйлену, қызды болу.
  15. Көгершін ұстау үшін жерге тары себу—халықты жамандыққа бастау.
  16. Көгершін ұшып кету—әйелінен немесе күйеуінен ай- рылу.
  17. Көгершін ұя салып жатса—қуаныш, мамыражай өмір. Көгершінге оқ ату—бір әйелге жала жабу.
  18. Көгершінді өлтіру, біреуге сату—жамандық.
  19. Көгершіннің қанатын жұлу яки кесу—әйелінің үйінен кетуге кедергі болу.

 

 

  1. Көгілдір аспан—биіктен көріну, отбасындағы бақыт. 881. Көз—адам діні, тура және теріс жолды көретін жүрек

көз.

  1. Көз ауру—кедергі, жолы болмау, дініне немқұрайлы қарау.
  2. Көз ауруын сезу—баласы үшін қайғылану.
  3. Көз жасының жүзіне аққанын көрсе—жыламайынша нәсәп, нәсіл тарафынан шілте, яки шілте қылушының сөзі өту.
  4. Көз жасының салқындықпен бір ағар көрсе—шадлық, яки кемшіліктен құтылу, жарылқану болады.
  5. Көз қабағының жарақаты болып көрінуі—қайғыға кез- десу.
  6. Көз қабақтарын көрмек, сәламат көрсе—жақсы бола- ды.
  7. Көз тию—өткінші қиыншылық, қасірет.
  8. Көз—ол жауларыңыздың көзі сіздің ісіңізде екенін білдіреді. Коңыр көз—алдану. Көк көз—көздеген мақ- сатқа жетудегі әлсіздік пен жауапсыздық. Бір көзсіз қалу—күрделі мәселелердің туындайтынын хабардар етеді.
  9. Көзді ойып алу—ұзақ өмір. Көзді шығару—көз ауру.
  10. Көздің екеуінде кірпік болмау—Ислам дініне кесірін тигізу.
  11. Көзі әдемі болу—білімнен сусындау, парасаттылыққа кезігу.
  12. Көзі көктер мен қара көрсе—дінінде хилафлық бол- мақ.
  13. Көзі көр болу—баласы өлу.
  14. Көзі көр болуға жақын қалу—сауапқа кенелу. Көзі қою түсті болу—достың әйеліне көз салу.
  15. Көзі үлкею немесе бөгде адамның үлкен көзі—Алла тағаланың жәрдемімен тура жолға түсу.
  16. Көзілдірік—бөтен біреулер өміріңізге өз кесірін тигі- зеді. Уақытында сақтық жасап алданып қалмағаныңыз жөн.

тус жору, тус жору акша корсе, тус жору алтын корсе, тус жору алфавит, тус жору балык, тус жору ит корсе, тус жору казакша, тус жору мысык, тус жору су корсе, тусинде акша корсен, тусинде алтын корсе, тусинде аягын ауыр болса, тусинде балык корсе, тусинде бит корсе, тусинде жылан корсе, тусинде жылкы корсе, тусинде ит корсе, тусинде кан корсе, тусинде мысык корсе, түс жору жігіт көрсе, түс жору жануарлар, түс жору жылан, түс жору кітабы қазақша, түс жору кітапшасы, түс жору киім көру, түс жору ұл бала көрсе, түс жору әйел адам көрсе, түсіңде алтын көрсең, түсіңде аяғың ауыр болса, түсіңде ақша көрсең, түсіңде балық көрсең, түсіңде жылан көрсең, түсіңде жылқы көрсең, түсіңде ит көрсең, түсіңде мысық көрсең, түсіңде тісің түссе, түсіңде тышқан көрсең

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама