Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
7 санының құрамын меңгерту
Сабақтың мақсаты: 7 санының құрамын меңгерту
Сабақтың міндеті:
1. Оқушыларды 7 санының құрамын ажыратуға, әр түрлі текшелермен жұмыс жасауға дағдыландыру.
2. Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз санды табуға төселдіру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы танымдық қабілеттерін логикалық ой - өрісін дамыту.
3. Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: суреттер, сандар

Сабақтың мазмұны
I. Ұйымдастыру
- Оқушыларды сабаққа дайындау
- Құрал – жабдықтарын түгендеу
- Сергіту сәті
- Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу

II. Өткен сабақты еске түсіру
- Біз қандай санмен таныстық?
- 5 санының көршілерін атаңдар
- 5 санынан кейін тікелей қай сан келеді?

III. Жаңа сабақ
Мақсаты: 7 санының құрамын таныстыру. Тура және кері санау дағдыларын жетілдіру
- Тура санау 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
- Кері санау 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
6 балапанға 1 балапанды қос
6 + 1 = 1 + 6 =
5 сәбізге 2 сәбізді қос.
5 + 2 = 2 + 5 =
4 қоянға 3 қоянды қос.
4 + 3 = 3 + 4 =
Балалар тапсырмаларды орындау барысында қандай санды көбірек естідік.
2) Аптаның 7 күнін ата
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі

«Балапанды құтқару» ойыны
Кіші көршім оң жақта
Үлкен көршім сол жақта
Тұрушы еді қасымда
Қайда кеткен жан жаққа
5, 4, 2, 6, 1, 3, 7.

IV. Кітаппен жұмыс
Мақсаты: тапсырмалар орындау арқылы өз беттерімен өрнек құруға үйрету
1 – тапсырма. Мақсаты: Теңдіктер құруды пысықтау. Өрнектің компоненттерін ауызша атауға үйрету
6 ара 1 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 6 + 1 = 7
5 ара 2 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 5 + 2 = 7
4 ара 3 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 4 + 3 = 7
2 – тапсырма. Кесінділердің ұзындығын өлше. Салыстыр.
Қызыл кесінді 7 см. Көк кесінді 6 см.
7 см >6 см
3 – тапсырма. Қалып қойған сандарды ата.
Мақсаты: Сандар қатарынан жетіспейтін сандарды атату арқылы ойландыру
1, 2, 3, 4, 5, 6
6, 5, 4, 3, 2, 1
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7
7, 6, 5, 4, 3, 2, 1
5 – тапсырма. Кесінділердің ұзындығын өлше. Теңдіктер құр.
5 см + 2 см =? См
7 см – 2 см =? см
? см +? см =? см?
см -? см =? см

V. Өздік жұмыс
Мақсаты: Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
4 – тапсырма.
0? 7
7? 7
7 см? 5 см
7 см? 7 см
3? 7
7? 6
2 см? 7 см
7 см? 4 см


5 – тапсырма. Сандардың құрамын тап
Мақсаты: сандардың құрамын пысықтау
4санының құрамы
7санының құрамы
5санының құрамы
6санының құрамы

VI. Сабақты қорытындылау
Біз қандай санның құрамымен таныстық?
Мадақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама