Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
7+2 түріндегі  есептеу.
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Ершаева Калдыгуль Танатаровна

Тақырыбы: 7+2 түріндегі есептеу.
Мақсаты: 7+2 қосу кестесін және жай есептердің мазмұны бойынша амалды таңдай алу білігін жетілдіру.
Міндеттері: Оқушылардың математикалық сөйлеу тілін, ой ұшқырлығын, тапқырлығын, өздігінен әрекеттенуін дамыту. Ауызша, шапшаң есептеу дағдысын және пәнге деген
қызығушылығын арттыру. Оқушыларды қоршаған ортасымен ізгілік қарым-қатынасқа, қамқорлыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: орман бейнесі, аңдар суреті, санау материалы, кесте.цифрлар.

Сабақ түрі: саяхат сабақ.
Әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, жұмбақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка

САБАҚ БАРЫСЫ:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқу құралдарын түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық әзірлік.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
ІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру.
«Кім жылдам» ойыны.
- Сан құрамын табу.
- Жауабын ғана айт:
6+2
4+0
2+5
3+2
8-6
4-2
7-5
5-3

ІІІ.Жаңа сабақ
 Бір аптада неше күн бар ?
 Енді бүгін сендермен 7+2-ні қосуды үйренеміз .
Түсіндіру , талдау
Қарындаш - 7 (тг)
Қалам -? , 2тг қымбат
Ш: 7+2=9тг
Ж: қалам 9теңге тұрады
 Енді тақтаға назар аударайық.
 Нелерді көріп тұрсыңдар?
 Олар қайда тіршілік етеді?
 Бұл аңдар орманнан адасып қалыпты, қане, жол табуға көмектесейік.
1) №1 Тапсырма
7+2 9-2 9-7 2+7
Осы аңдардың ішіндегі ең күштісі қайсы аң деп ойлайсыңдар ?
2) Қасқыр тапсырмасы №2 есеп құрастыру.
Өшіргіш - 7(тг)
Қарындаш - ?,2тг қымбат
Ш: 7+2=9
Ж: Қарындаш 9 теңге тұрады
- Қай жылды қарсы алдық ?

ІV.Сергіту сәті «Сұр қоян» әні
3) Қоян тапсырмасы №3 өрнек құру
Жұмбақ
Бұтақтан бұтаққа
Секіріп қояды
Кейде жаңғақ кеміріп
Жоғары өрлеп кетеді (Тиін)

4) Тиін тапсырмасы №6
Геометриялық фигураларды ата ?
Кесінді дегеніміз не?
Өлше, сыз, жаз

5) Жай ұйқыға кететін аң?
Аю тапсырмасы №7 тақтамен жұмыс
«Кім білгір» ойыны

Тура 3+4=7
Тура 8-14+1
7+2=9
5<>

6) Жұмбақ
Өзі айлакер, өзі қу ,
Жүрген жері айқай да шу (түлкі)
Түлкі тапсырмасы
Кестені толтыру

тг
1 тг 2 тг 3 тг 4 тг 5 тг 6 тг 7 тг
тг+2тг

V.Бекіту
Математикалық жұмбақ
Мұз айдында 7 бала Аулада 6 үйрек
Асыр сап жүр сырғанап Қорада 3 үйрек
Жағалауда тұр қарап Бір үйрек тығылды
Енді осы баланың Бір үйрек жығылды
Санын айтсаң жарады Қалғаны неше үйрек? (7)

VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма №4 133 бет

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама