Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Тәрбиешілерге кеңес
Мектеп жасына дейінгі балалармен психодиагностикалық жұмыстарының негізгі принциптері.

«Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек» деген белгілі педагог Г.Д.Ушинский көрегендігін басшылыққа ала отырып, педагогикалық үрдісті психологиялық қызметпен ұштастыра жүргізе отырып осы бағытта біршама жұмыстар атқарды. Нақты фактімен келтірер болсақ: мектеп жасына дейінгі балаларының процестерін даму деңгейін анықтау мақсатында отандық психолог Р.С.Немовтың «Ғалымдық процестердің дамуы» методикаларын қолданып, психодиагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Психодиагностикалық зерттеу жұмысынынң өзектілігі балалардың қабылдау, ойлау,сөйлеу, есте сақтау, қиял, зейін әрекеттерінің даму дәрежесінің қай деңгейде екендігі жөнінде қажетті деректер берді. Баланы диагностикалық тексеру алдында онымен алғашқы байланысты орнату үшін, кез-келген тақырыпқа диагностикалық сұхбат жүргізу қажет.

Әдетте, мұндай сұхбаттар төмендегідей құрылымнан тұрады:
1.Кіріспе: баланы ынтымақтастыққа тарту, көңілін келтіру;
2.Баланың еркін сөйлеуі;
3.Жалпы сұрақтар беру: «Сен өзің туралы маған бірдеңе айта аласың ба? Сен баламен қалай ойнайсың?»
4.Толық зерттеу;
5.Бала өзін еркін сезінетіндей жағдай жасау және балаға құрмет білдіре отырып, қорытынды жасау.
Балаға берілетін сұрақтар үш түрлі болады:

1.Зерттелетін пәндерге байланысты тікелей сұрақтар, мысалы: «Сен сурет салғанды жақсы көресің бе?»
2.Мазасыздану, үрейлену қаупін бәсеңдететін жанама сұрақтар, мысалы: «Егер үстел үстінде фломастерлер жатса сен не істер едің?»
3.Баланы топпен немесе басқа адаммен теңестірумен сәйкестендірілген негізсіз сұрақтар, мысалы: «Балалар сурет салуды жақсы көре ме?»
Психологиялық зерттеулер әдісін практикада қолданғанда негізгі принциптерді, идеяларды басшылыққа алу қажет. Алдымен бұл бала жанын, психикасын зерттеудің генетикалық тұрғыдан қарастыру принципі. Бұл принцип бойынша бала психикасының құбылыстарын зерттеуде, баланың үлкендермен өзара қарым-қатынас барысында қалай дамитындығын, өзгеретіндігін анықтауға тырысамыз.

Бала психикасының дамуын диалектикалық тұрғыдан зерттеу детермишум принципін, ішкі және сыртқы факторларын анықталған қандай да бір өзгерістердің байланыстылығы болып табылады.
Тұлғалы және қарым-қатынасты зерттеу бірлігі принципі – бұл айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын талдамай, баланың тұлғасын және оның мінез-құлқы туралы мүлде ештеңе түсінуге болмайды. Сонымен қатар баланың дамуына көмектесетін әдістерді де қолдану жағын қарастыру қажет.

Мысалы: Тәрбиеленуші баланың қабылдау процесін анықтау үшін «Суретке не жетпейді?», «Қандай сурет орналасқан?» әдістемесін жүргізуге болады.
Топ балаларының қиялын дамыту үшін өз бетінше әңгіме, ертегі құрастыру тапсырмаларын жиі беріп отырған жөн. Есте сақтау процестерін анықтау үшін «Пішінді есте сақта», «Сөзді есте сақта» т.б әдістемелерді жүргізуге болады. Зейін әрекетінің сипатын «Тап және сыз», «Белгіні қой» әдістемелерінде анықтауға болады. Топтағы балалардың ойлау мен сөйлеу қабілетінің даму деңгейін анықтау үшін субтектен құралған әдістемені қолдануға болады.

Баланы тәрбиелеп, дүниетанымын қалыптастыру, үнемі оның табиғи даму деңгейінен оздырып отыру бүгінгі күннің талабы болғаннан кейін, психодиагностикалық әдістер, біріншіден: баланың психикасын, оның жан-дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде, өздігінен ойлантып- толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама