Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
8 - наурыз Аналар мерекесі
Тақырыбы: 8 - наурыз Аналар мерекесі.
Жүргізуші: Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар! Сіздерді көктем мерекесімен, 8 - ші наурыз аналар күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте табыс, отбастарыңда береке, жақындарыңызбен - туғандарыңызға амандық тілеймін! Аналар, арулар мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші: Ананың әрбір сөзі ой талабы,
Жүректің тереңінде сақталады.
Өссеңдер елін сүйген ұландар боп,
Ардақты ана еңбегі ақталады!
Біздің топтың бүлдіршіндері сіздер үшін шағын концерт дайындады. Қабыл алыңыз.
Музыка өлең «Мереке күніңмен» (балалар есіктен кіріп вальс билейді)

Тақпақ
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман - сау жүр, ақ мамам.
Мен деп кірпік қақпаған,
Менсіз тағам татпаған
Бақыты үшін баланың
Аман - сау жүр ақ мамам!
Күннен артық расында
Күн алыста ал анам
Ылғи менің қасымда

Айналайын анашым
Әлпештеген баласын
Ай қабақты мамашым,
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым

Тақпақ:
Ақ мамам - ау, ақ мамам
Мені өсірген баптаған
Сені атасам шаттанам
Сені атасам мақтанам
Мамам менің мұғалім
Балаларға сабақ береді
Балалар бәрі де,
Оны жақсы көреді

Әлдилеген анашым
Өмірге сен панасын.
Жақсылықтың тірегі,
Өзің ғана дарасың

Рауан
Ана - өмір шырағы
Ана - өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады

Зор қуаныш көремін
Ортаға шығып, би билеп
Ән де салып береміз

«Құттықтаймын мама салтанатыңмен!» ( Балалар топпен айтады)
Тақпақ:
Мені анам жақсы көреді
Күндей күліп жүреді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді
Мен гүлдерді жұлмаймын
Айналайын анашым
Асқар таудай панасын
Бір өзіңе арнаймын
Сөздерімді бар асыл

8 - наурыз Аналар мерекесі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама