Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ару қыз!
Сценарий тақырыбы: «Ару қыз!»
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін — өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Ананы құрметтеуге, ардақтауға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті Ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар, сұлу арулар! Сіздер 8 - Наурыз Халықаралық аналар күніне арналған «Ару қыз!» атты мерекелік ертеңгілікке жиналып отырсыздар.

Жүргізуші:
Армысыздар ақ тілекті әжелер,
Ертегімен өмірімді әсемдер.
Мерекеңмен аялаған аналар,
Бір өзіңнен бар қуаныш таралар.
Шуақ шашқан алтын көңіл арулар,
Дарынды боп өнерменен қарулан.
Міне, алдарыңызда сіздердің балаларыңыз, еліміздің болашағы, менің шәкірттерім бар өнерін көрсетпек.
Құрметті жиналған қауым бәріміз ана деген асыл жаннан жаралған бір тұлғамыз. Сол аналарымызға ұзақ өмір, талмас қанат, таусылмас бақыт тілей отырып, мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.

Жүргізуші:
— Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана.

Жүргізуші:
Тамаша, білімді екенсіңдер. Ал балалар сендер үйде ата - аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
1. Күні бойы ойнай беретін, ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін, дым істемейтін, жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналары: Жоқ, жоқ!
2. Ал, таңертең ерте тұрып, мектепке өзі киінетін, үйде анасына көмектесетін әдепті, тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары: Бар, бар!

Жүргізуші: Ана - перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тілегіне кезек берейік
Хор: «Анашым»
Іңкәр.
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.
Мейірім
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын.
Шарапат.
Еркелеткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде мархабат
Анамызға мың алғыс
Жанарыс.
Бүгін Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Айзере.
Жүре берсем қасымда
Әйбат анам әй анам
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
Талғар.
Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
Нарбол.
Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шаттық ұлассын
Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да, ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз

Ару қыз! жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама