Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Абай "Жазғытұры"
Ана тілі (3 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: Абай. Жазғытұры.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімдерін кеңейту. «Жазғытұры» өлеңінің мазмұнымен идеясын ашу
2. Оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
3. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу, оған қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: СТО технология элементтері
Сабақтың түрі: Дамытушылық білім беру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Абай суреті, сюжетті суреттер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
1. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн, балалар!
Күн жарқырап тұр, қараңдар,
Бәріміз бірге қуанайық,
Бәріміз бірге дос болайық!- деп сабағымызды бастаймыз.
2. «Сиқырлы сұрақ» әдісі:
Күлім қағып күн шығып,
Күн нұрымен бүр шығып,
Ел еңбекке құлшынып,
Қыза түскен тіршілік.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
3. Ой қозғау: Бастады той - думанын жазық дала
Күркіреп жатыр тулап сай мен сала.
Малшылар өрісінен қозы терсе,
Мәз боп жүр соны тасып бір топ бала.
Сурет бойынша жұмыс.
4. Топтастыру: Көктем дегеніміз не? Көктемде қандай өзгерістер болады?
Көктем

Күн мен түн теңеледі.
Мал төлдейді.
Бүршік жарады.
Жылғалардан су ақты.
Күн жылынады.
Жер жыртады.

5. Мағынаны ашу: Жаңа сабақ Абай. Жазғытұры.
Топтастыру: Абай Құнанбаев туралы не білесіз?
Абай

Ұлы ақын
Ойшыл
Сазгер
Тәрбиеші
Аудармашы
Ағартушы
Шешен
Абай Құнанбаев 1845жылы 10 тамызда Семей өңірі, Шыңғыстау баурайы, Қасқабұлақ бойында дүниеге келген. Әжесі Зере немересін Абай, яғни «сүйкімді» деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында шын аты аталмай, Абай атанып кетеді.
Абайдың азан шақырып қойған аты - Ибраһим.
6. Оқулықпен жұмыс: «Жазғытұры» өлеңін мәнерлеп оқу.

Сөздік жұмыс: Масатыдай - жұмсақ кілемдей
Анталаса - қимыл қозғалыс
Елжірер - мейірленер, жылылықпен қарайды

7. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту. Талдау. Сұрақтарға жауап беру.
8. «Синкуейн» әдісі. Бес жол өлең құру. «Жазғытұры»
1. Зат есім (1 сөз)
2. Сын есім(2 сөз)
3. Етістік (3 сөз)
4. Сөйлем(4 сөз)
5. Синоним(зат есім)

9. Қорытынды: Не үйрендік? Не білдік?
«Абай күн секілді Қазақстан аспанында елмен бірге өмір сүре береді» (Тұман Молдағалиев)

10. Бағалау. Мадақтау.
11. Үй жұмысы: Өлеңді жаттап келу, көктем мезгіліне қатысты қазақ халқының ырымдарын біліп келу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама