Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың мақсаты:
1 Зат есім туралы оқушылардың білімдерін бекіту.
Негізгі және туынды зат есім туралы түсінік беру, сөйлем ішінен зат есімді табу.
2 Зат есім туралы білімдерін толықтырып, балалардың ойлау қабілетін, белсенділігін арттырып, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру
3 Ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: СТО элементтері
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
1 Психологиялық дайындық
Қайырлы күн балалар!
Күннің көзі сіздерге жылылық сыйлайды.
Бәріміз бірге қуанайық,
Бәріміз бірге дос болайық!

Ой қозғау: Ынталандыру сұрақ
Мен кіммін? (оқушылардың ойын таңдау)
Адам - мамандық иесі. Мамандық түрлері көп.
«Ең жақсы» ойыны
1 Ең тәтті мамандық
2 Ең сақ
3 Ең нәзік
4 Ең шығармашыл
5 Ең жауапты
6 Ең салмақты
7 Ең ауыр
8 Ең алдамшы

- Бұл сөздердің бәрі қай сөз табына жатады?
- Зат есім деген не?
- Зат есім нешеге бөлінеді?
Тірек сызбамен жұмыс
2. Мағынаны ашу: Жаңа сабақ
Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз, күн, дос, үй
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз. Жұмысшы, жыршы, әнші
3. Оқулықпен жұмыс: 19 - жаттығу
Қосымшалы сөздерді көшіріп жаз, сөз құрамына талдау.
Өнерпаз, күйші, сыйлық, балықшы, көлшік, орындық
- Түбір деген не?
- Қосымша деген не?
4. Жатқа жазу: 21 - жаттығу
Шын еңбекшіл - өрмекші
Өрмекші - шын өрнекші

5. Сергіту сәті: Күй таңдау
Терме диктант
Туынды зат есімдерді теріп жаз, олардың түбірін тап.
1 - нұсқа Біздің отбасы
Әкем менің құрылысшы
Апам менің сауыншы
Ағам менің егінші
Жеңгем менің тігінші
Отырмаймын мен текке
Кеттім менде мектепке
А. Сопыбеков

6 Ой қозғау:
Тарағы бар қолында
Кімді айттым ойымда
7 Шығармашылық тапсырма: «Шаштараз»
8 Қорытынды: Не үйрендік? Не білдік?
9 Үй жұмысы:
Бағалау, мадақтау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама