Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Адамгершілік – адамдықтың белгісі.
Тақырыбы: Адамгершілік – адамдықтың белгісі.

Ана өсиеті
Ана айты бір өсиет баласына
Бір жолдың шығарып сап саласына.
Ей, балам шамаң келсе жақсылық ет,
Ақпейіл адамзаттың арасына.
Егерде жол үстінде тікен жатса,
Кірер деп аяғына біреу басса,
Ерінбей - ақ иіліп қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып таста.
Бұл еңбегің қалмасты басқа, бекер
Соны көрген соңғы жас солай етер.
Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап,
Жол тазарып жолаушы жолдан өтер.

Құпия хаттар.
І хат
Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар, өзі өтірікші. Көзбе - көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
ІІ хат
Құрметті достар! Менің досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін, қылығын айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба? Айтыңдаршы.
ІІІ хат
Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы, қарым - қатынас жасағысы келмейді.
Тіпті “оны мазақтаңдар” деп үгіттейді. Ал сен не істер едің?
ІҮ хат
Сенің үлкен әпкең шешесіне құрбысының үйіне “сабаққа даярланамын” деп кетіп, ал шындығында олар би кешіне кетті. Егер шешең сенен осы жайды сұраса, сен не істер едің?
Ү хат
Ата - ананың теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытта келіп қалды делік, сен оны үзбей қарайсың. Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі. Сен қандай шешімге келер едің?

Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
Бұл жағдайда қандай әрекет жасайсыңдар?

Әдептілік тәрбие бастауы.

Сәлемдесу - әдептілік бастау.

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп, бас иеміз біз.

Сыйласаң – сыйлы боласың.

Адамгершілік – адамдықтың белгісі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама