Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Сабақтың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен, шығармашылығымен танысады. Мысалдардың мазмұнымен танысады, талдау жасайды, тәрбиелік мәнін анықтайды.
Міндеттер:
1. Мазмұнға байланысты міндет: Мысалдардың мазмұнымен таныса отырып, кейіпкерлерге мінездеме береді, өмірмен байланыстырады,
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс - әрекеттерін талдайды;
3. Жұптық міндет: Оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір - бірін тыңдайды, достық сезімдері, бір - біріне сыйластық сезімдері артады.
Сабақтың түрі: Жаңа оқу материалын оқып - үйрену сабағы
Сабақтың әдісі: «ДЖИГСО - 1», «Бір айналым сөйлесу», баяндау, салыстыру, мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу, жинақтау, топтастыру, талдау

Сабақтың көрнекілігі: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты дайындалған презентация, кеспелер
Бағалау: ойды еркін жеткізе айта білу қабілеттеріне қарай бағаланады.

Сабақтың құрылымы:
I Қызығушылықты ояту.
Оқушыларды жұпқа бөлу.
«Ой қозғау» әдісі Ахмет Байтұрсынұлы туралы бейне көрініс көрсетіледі.
Оқушылар бейне көріністің Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналғандығын айтады.

II Мағынаны тану
1. Оқушылардың Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы айтқандарын толықтыру мақсатында слайд материалдары көрсетіледі.
2. «ДЖИГСО - 1» әдісі Ахмет Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысалдарының мазмұнымен танысу үшін оқушыларға мысалдарының мазмұны таратылады. Мысалдарының мазмұнына қарай оқушылар бірінің ойын бірі жалғайды, өзара пікір алмаса отырып, толықтырады.
I «Өгіз бен Бақа» (мәтін туралы өз ойларын айту)
II «Егіннің бастары» (мәтін туралы өз ойларын айту) оқушылар - 1 - 3 сөзбен

3. Шығармашылық жұмыс: жұп болып мысал өлеңнің мазмұнын өмірмен байланыстыру, тәрбиелік мәнін анықтау

Күнәсін күндегеннің жаман қатты,
Күндей ме біреуге алла берген бақты?!
Өгізді күндеп, сондай боламын деп,
Көлбақа онан қанша пайда тапты?!

Әуелде құдай өлшеп берген дене,
Қаншама зарланғанмен артылмапты.
Нақыл сөз: «Әлін білмес әлек» деген,
Осындай әуре болған жаннан қапты.

Тапсырма: 2 түрлі түсіндірме күнделігі (Автор осы мысал арқылы не айтқысы келді?)
• Мақтаншақтық
• Көреалмаушылық
• Бақастық
• Тәрбиелік мәні қандай?
«Ойлан - серіктесіңмен талқыла, ойбөліс стратегиясы»
Мәтіннен үзінді Оқушы көзқарасы

2 - тапсырма «Белсенді оқыту стратегиясы» Ливерлік әдіс(мәтінмен жұмыс)

А) бақа мен өгіздің іс - әрекеті - су ішіп жарысуы
Б) екеуіне мінездеме беру - бақастық, бақаның көреалмаушылығы, өгіздің бақаға маған жету қайда деген көзқарасы

В) іс - әрекетіне баға – бақаның өзіне қарамай жасаған ісінің мақтаншақтығы

Венн диаграмма: Салыстыру. «Өгіз бен бақа»
• Ұқсастықтары
• Айырмашылықтары

«Егіннің бастары» мысал өлеңінің мазмұнына байланысты сурет салу.
Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі - берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кез еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Жалғыз - ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:

Шағын топтар: (талқылау бөлісу және жасау) «егіннің бастары» мысалы
• Мысалдың «егіннің бастары» деп аталуы себебі неде?
• Адам. Бала. Егінші. Бидай
• Әкесі баласымен егін басына келуі
• Бидайлардың бейнесі

А) суреттеу
Б) салыстыру
В) зерттеу
С) қолдану мысалы,( мәтінде суреттелуін тауып оқу)
Е) талдау ( қолданысы)

«Аспектілерге бөліп қарастыру» стратегиясы (мысалдар)
А) жанр мен тегін, стилін анықтау «мысалдың лирикалық жанр, тегі - құрылымы әкесінің баласын егін басына алып келіп бидайлар сөйлесуі, бейнесі
Б) бейнелеу, насихаттау, жаңа үлгісі сурет салу - бидайды бейнелеу, насихаттау, бидайдың пайдасы, неше түрі.
В) мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашу - адам, бидай, егінші - идеясы бір - бірімен байланысы - ырым, әдептілік туралы айтылғандығы
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары». жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама