Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Адамның шығу тегі әлемнің пайда болуы туралы қазақ аңыздары, Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдар
САБАҚ №3
Пәні: Қазақстан тарихы 5 сынып
Сабақ тақырыбы: §3 Адамның шығу тегі әлемнің пайда болуы туралы қазақ аңыздары, Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдар
Жоспары: Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқулығы - 5 сынып, автор Артықбаев Ж. О. Сабданбеков Ә. Ә, Әбіл Е. Н Интернет материалдары

Жалпы мақсаты:
1. Адамзат баласының шығуы мен қалыптасуы туралы мәлімет беру
2. Питекантроп, синантроп сөздерінің мәнін түсінуге үйрету
3. Өзгенің пікірімен санаса білуге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
1. Адамзат баласының шығуы мен қалыптасуы туралы білетін болады
2. Питекантроп, синантроп сөздерін мәнін түсінуді үйренеді
3. Өзгенің пікірімен санаса біледі
Негізгі идеялар: Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік - экономикалық дамуында ұзақ кезеңдерге яғни тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Қазақ халқының негізін құраған алғашқы адамдар бастапқы кезеңде тобыр болып, бірте - бірте рулық - тайпалық, қауымдастық жүйемен өмір сүрді.

Тапсырмалар: 1. Миға шабуыл (Суреттер сөйлейді)
2. Топтық жұмыс(Мәтінмен жұмыс)
3. Жұптық жұмыс (Домино әдісі )
4. Жеке жұмыс (Блум таксономиясы)

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру кезеңі (Мұғалім мен оқушының іс - әрекеті)
1. 1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (2 - минут) назарын сабаққа аудару
1. 2. Топқа бөлу (Палеолит, мезолит, неолит болып үш топқа бөлінеді тулары суреттеріне байланысты 3 топқа бөлінеді,( 2 - минут)

ІІ. Миға шабуыл (Суреттер сөйлейді); (3 - минут)
Тақтада суреттер беріледі зейін салып көре отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:
1 - сұрақ. Кім туралы айтылып не туралы көрсетілді?
2 - сұрақ. Негізгі мәні, айтар ойы неде?
Мадақтау жылы шырай таныту

II Топтық жұмыс(Мәтінмен жұмыс) (15 - минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
таныса отырып, үш топқа бөліп мәтінді оқып талқылайды.
1 - топ: Алғашқы адамдардың пайда болуы, 2 - топ: Адамның шығу тегі туралы 3 - топ: Ежелгі адамдардың түсінігі. Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді (әр топқа 1 - минут).
Бақылаушының бағалау парағы

Адамның шығу тегі әлемнің пайда болуы туралы қазақ аңыздары, Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдар жүктеу

Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері (қысқа мерзімді жоспар) толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама