Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
Сабақтың тақырыбы: Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп …

Білімдік мақсат. 1. Толеранттық ұғымының мәнін терең ашып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
2. Сөздік қорын байыта отырып, ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру
3. Мен Шәкәрім идеяларының үндестігін ой елегінен өткізе отырып, көркем шығармалар мазмұнын меңгерту.
Тәрбиелік мақсат:
1. Оқушыларға полимәдени білім мен тәрбие беру арқылы мәдениет танымдық құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал ету.
2. Рухани келісім, өз халқының тағлымына мен әлемнің мәдени көптүрлілігін игеруге, толеранттық идеяларына бейім болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсат: 1. Ақпаратты өздігінен игеру және талдау, интерпретациялау білігін жетілдіру.
2. Оқушының шығармашылық қиялы мен ой – өрісін, ұғымдар арасындағы байланысты айқындай білу машығын, жалпыдан жалқыны бөліп ала білу және соған сәйкес ой тұжырымдау қабілетін дамыту.
Әдіс – тәсілдер: Ізденушілік, зерттеушілік, көрнекілік, сөздік, СТО стратегиялары.
Техникалық құралдар: Теледидар, бейнетаспа, магнитофон, үнтаспа
Әдеби материалдар: Абай мен Шәкәрімнің өлеңдер жинағы
Көрнекі құралдар: Сызбанұсқалар, «Нағыз адам» моделін суреттеген тірек - сызба, кеспе қағаздар, Абай мен Шәкәрім портреттері
Оқыту формасы: Жеке, жұптық, үштік, төрттік, алтылық, ұжымдық

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық тренинг.
Оқушылар өздеріне ұнаған түсті таңдап алады:
Қызыл – көтеріңкі көңіл - күй;
Көк – тыныштықты, қанағаттанушылықты, сенімділікті, шыншылдықты;
Жасыл – өзіндік бағасы жоғары, еркіндікті, мақсаттылықты, сенімділікті, өздеріне көңіл аударғанды ұнатады;
Сары – көңілділікті, ұстамдылықты және жеңілдікті білдіреді;
Қоңыр – психологиялық қолайсыздықты білдіреді.

ІІ. Сабақ тақырыбын хабарлау
Теледидардан атыс – шабыс, зомбылықтар секілді көріністер көрсетіледі. (2 мин )
- Балалар, мына көріністер сендерге ұнаса – жасыл түсті карточканы ал ұнамаса – қызыл түсті («тоқтат» деген мағынада ) көтерулерің қажет,
- Сендерге экрандағы көріністер қалай әсер етеді? (жағымсыз ) осы қатігездік, соғыс, зорлық – зомбылықтың туындауы себебі неде деп ойлайсыңдар? (оқушылар пікірі тыңдалады)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама