Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Тақырыбы: Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері (слайд)
Мақсаты: 1) оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілін тиянақтау;
2) есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту;
3) балаларды ақыл - ой, еңбек тәрбиесіне баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, көрсету, өзіндік.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Балалар, шаттық шеңберін құрып бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
Оқушыларды түсті карточкалар арқылы 4 топқа бөліп, орындарына отырғызып сабақты жалғастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 7. 14 - бет.
355+98*4*25=10300
45*(70+30)=4500
250*9*40*80=7200000
2199+25*9*4+101=3200
98*4+98*6=980
810:(3*30)+250:(20+30)=14

ІІІ. Жаңа сабақ: № 1 жаттығу есептемей - ақ бөліндінің мәніндегі цифрлар санын анықта.
№2 а) оқушыларға түсіндіре отырып шығарту, қосымша бірнеше мысалдар келтіру.

2. ә) Баған түрінде шығар. Дұрыстығын тексер.
І топ. 9684: 12
ІІ топ. 4784: 23
ІІІ топ. 94770: 45
ІҮ топ 95883: 31

№ 3 ізденісті талап ететін жаттығу. Оқушылармен талдай отырып шығару.
3. Мектеп жанындағы бақтан 4т 590кг алма және 3т 660кг алмұрт жиналды. Алма жәшіктердің әрқайсысына 15кг - нан, ал алмұрт жәшіктердің әрқайсысына 12 кг - нан бөлініп салынды.
• І топ. 4т 590кг: 15кг
• ІІ топ. 3т660кг: 12кг
• ІІІ топ. 4т 590кг: 15+3т660кг: 12кг
• ІҮ топ 4т590кг - 3т660кг: 12
Әр топқа берілген өрнектер нені білдіретінін түсіндірін.

4. Қысқа дайындау үшін 140кг картоп және одан 7 есе кем сәбіз сатып алынды. Сәбізге қарағанда қанша килограмм картоп артық дайындалды?

Есепті теңдеу құру арқылы шығар.
140 - х=140: 7
140 - х=20
х=140 - 20
х=120
140 - 120=140: 7
Жауабы: сәбізге қарағанда 120 кг картоп артық дайындалды.

ҮІ. Сабақты пысықтау:
Сабақты пысықтау.
5. Жүк машинасы 1сағатта 15л, ал жеңіл машина 8л жанармай жұмсайды. 5 сағатта жүк машинасы жеңіл машинаға қарағанда жанармайды қанша литр артық жұмсайды.
Есепті шығарудың екі тәсілін тап

Шешуі: 1 - тәсіл (15 - 8) ∙5=35 (л)
2 - тәсіл (15•5)-(8∙5) =35 (л)
Жауабы: 35 л артық жанармай жұмсайды.

6. Есепті шығар.
Арнайы машиналар көшені қардан тазартуға шықты. Бір машина сағатына 2км жолды жолды тазалайды. Ұзындығы 48км көшенің қарын тазалау үшін, 2 қар тазалайтын машинаға қанша сағат жұмыс жасау қажет?

Шешуі: 48: 2: 2=12 (сағ)
Жауабы: 2 қар тазалайтын машинаға 12 сағат қажет.
ҮІІ. Бекіту. №7 Амалдар ретін анықта және есепте.
3430*35+(68832: 16 - 237*12)=121508

ҮІІІ. Үйге тапсырма:
Бағалау, қорыту

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама