Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Әдебиетте өнердің бір саласы
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Шаховское орта мектебі
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
Рияпова Толқын Алпысбайқызы

1-тоқсан 1-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Әдебиетте өнердің бір саласы және оқу пәні ретіндегі сипаты
Мақсаты:1. Оқушыларды әдебиет әлімемен таныстыру, осы уақытқа дейін «Ана тілі» оқулығымен таныс екендіктерін естеріне түсіру ; сөз өнерi-әдебиет пәнiмен, әдебиеттiң құдiретiн, оның адам баласы жаратылғаннан берi бiрге жасасып келе жатқандығын, мәңгiлiк жаңарып, жасарып отыратындығын таныту, ауыз әдебиетiнiң ерекшелiгi, ұлттық сипаты, түрлерi туралы, ақын-жазушылардың өмірбаяндарынан қысқаша болса да мағлұмат алатындықтарын, көркемдегіш құралдар арқылы сөз өнерінің қыр-сырын тануға шақыру; оқушыға жаңа бiлiм беру;
2.оқушылардың көркем әдебиеттi оқуға деген ынтасы мен ықыласын арттыру, ауызекi сөйлеу дағдыларын, сөздiк қорын, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту;

3.Ауыз әдебиетi, жалпы әдебиет пәніндегі кейiпкерлерi арқыла жақсылыққа, өз халқының әдебиетiн , мәдениетiн дәрiптеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрi: Жаңа сабақты меңгерту сабағы,
Көрнекiлiгi: қазақ ақын-жазушыларының портреттерi, ауыз әдебиетi кейiпкерлерiнiң суреттерi, ертегi, мақал-мәтелдер, жырлар (көркем әдеби кiтаптар).
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
2.Амандасу.
3. Кезекшiмен сұхбат
III. Жаңа сабақ
I кезең
Оқулықпен танысу.
Балалардың тізімін қарап шығу
Балалардың ойларын жинақтау үшін өтілген әңгімелерін еске түсіру.
Жаз бойы оқыған әңгімелерінен үзінді айтқызу.
2.Кiрiспе бөлiм: оқулықтың 3-бетiндегi «Сәт сапар, жас достар!» атты кiрiспе сөздi оқу. сiздер «Қазақ әдебиетi» атты пәндi биылдан бастап оқитын боласыздар. «Әдебиет»- араб сөзi, барлық елде бар дүние.Әдебиет- ол да көркемөнер, сөз өнерi. Бұрынғы өткен заман хикаяларын бiз қайдан бiлемiз? Тарихтан, әдебиеттен бiледi екенбiз. Әдебиет- тарихтың көркем шежiресi, сөз өнерi. Қандай халық болмасын өздерiнiң сөз өнерiнен мақтана алады. Сондай сөз өнерiне сай- қазақ халқы.
Суреттерге қарап отырып бейнелі сөздер табу.

Сұлулықты қандай әсерлі сөздермен жеткізуге болады?
2-кезең. Жаз бойы оқыған шығармаларындағы кейіпкерлерді суреттеп жаздыру.
А) Ертегілер
Б) Аңыз әңгімелер
В) Батырлар жыры
3-кезең Қорытындылау
Жалпы алғанда әдебиет пәнімен достаса отырып, қазақ халқының сөз өнерінің шеберлігіне тәнті болатындықтарына сендіру.
Бағалау.
Үйге тапсырма:әдебиет пәнімен танысып келу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама