Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Наурыз өлеңдер. Салт өлеңдер
Наурыз өлеңдер
Мақсаты: 1. Оқушыларды тұрмыс – салт жырларымен, соның ішінде наурыз өлеңдерінің түрлерімен таныстыру, т. с. жырлары туралы бiлiмдерiн бiр жүйеге келтiру; ерекшелiгi, ұлттық сипаты, түрлерi туралы оқушыға жаңа бiлiм беру;
2. оқушылардың көркем әдебиеттi оқуға деген ынтасы мен ықыласын арттыру, сөздiк қорын, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту;
3. наурыз өлеңдері арқылы жақсылыққа, өз халқының әдебиетiн, мәдениетiн дәрiптеуге тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрi: жаңа материалды игеру сабағы
Көрнекiлiгi: наурыз туралы мағлұмат, наурыз мерекесiне байланысты суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңi.
1. Амандасу.
2. Кезекшiмен сұхбат
Сабақ жаратылыстану пәнiмен байланысты өтетiнi айтылады.

II. Үй жұмысына тоқталу.
Оқушылардың әдебиет, ауыз әдебиетi, оның түрлерi туралы түсiнгендерiн сұрап, үй тапсырмасын пысықтау, қорытындылап. жаңа сабақты бастау.

II. Жаңа сабақ
Наурыз өлеңдері
Наурыз мейрамы — өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсымыз «Наурыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен. Наурыз - күні жаңарудың, өсудің, түлеудің басы. Наурыз күні — имандылық мереке. Алдына келген атанның құны болса да кеш. Наурыз — көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс пен молшылық бастауы. Наурыз мерекесі — мейірімділік, қайырымдылық мейрамы.

Қыс өтіп, қар кетіп
Шырайлы жаз жетіп
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден
1. Наурыз көже туралы сұрақ – жауап ұйымдастыру.
2. Наурыз, көктем туралы тақпақтар айтқызу.
Кітаппен жұмыс
1. Мәнерлеп оқыту
2. Мәтін мазмұнымен таныстыру
3. Наурыз сөзінің мағынасын ашу

Қорытындылау
Наурыз туралы әңгімелей келе түркі халықтарының «Наурыз» мерекесін қалай қарсы алатындықтарын экран арқылы көрсету.
Бағалау.
Үйге тапсырма наурыз мерекесіне арналған өлеңдерді жаттап келу

Солтүстік Қазақстан облысы,
Қызылжар ауданы, Шаховское орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Рияпова Толкын Алпысбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама