Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ағамның сүйікті ісі
Сабақтың тақырыбы: Ағамның сүйікті ісі (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды жаңа, ағамның сүйікті ісі тақырыбымен таныстыра отырып, сүйікті іс сөзінің мағынасын ұғындыру. Тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру. Сүйікті істің маңыздылығын түсіндіру. Балалардың логикалық ойларын дамыту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу, тыңдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: ұжымдық жұмыс жүргізу арқылы бірлесіп жұмыс
атқаруға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Оқушыларға эстетикалық, адамгершілік, тәрбие беру
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ - жауап, түсіндіру
Ұйымдастыру формасы: ұжымдық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Балаларды түгелдеу;
- Оқушылардың назарларын сабаққа аударып, тақырыпты ашу;
- Балаларды сабақтың мақсатымен таныстыру, сабақты бастау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (5 мин)
1. Өткен сөздерді, күнделікті қолданысқа қажетті сөздерді қайталату.
2. Жатқа берілген өлеңді жатқа, мәнерлеп айту.

ІІІ. Жаңа сабақ
Сөздікпен жұмыс (5 мин)
Аға – старший брат
Іні – младший брат
Жақсы көреді – любить
Жақсы – хорошо
Тапсырмалармен жұмыс
1 - тапысырма. Мәтінді оқы, аудар. (5 мин)
Менің ағам бар. Ол кітап оқығанды жақсы көреді. Ағамның кітаптары көп. Кітап – жақсы дос.
2 - тапсырма. Мақалды оқы, жаттап ал. (3 мин)

Сергіту сәті: (2 мин) Бала, бала, баламыз,
Орнымыздан тұрамыз.
Жоғары қолды көтеріп,
Алақанды ұрамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Денені жазып аламыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып аламыз.
3 - тапсырма. Балалармен «Мәреге жет» ойынын ойнау. (10 мин)
Ойынның шарты үш баспалдақтан өтіп, шыңға жету. Үш деңгейлі сұрақтар беріледі. Оқушылар жауап берген сұрақтарының дұрыстығына қарай жоғары көтеріле алады.
І деңгей тапсырмасы. Тиісті әріптерді қой.
Жауаптары: бір, әдемі, суық, ыстық, тоғыз, сіңлі, шыны, кім?
ІІ деңгей тапсырмасы. Сандарды сөзбен жаз.
Жауаптары: бір, үш, бес, тоғыз, жеті,
екі, төрт, алты, сегіз, он.
ІІІ деңгей тапсырмалары. Сөздердің аудармаларын тап.
Оң қол, сол қол, аяқ, кітап, қыз.
Жауаптары: правая рука, левая рука, нога, книга, девушка.
ІҮ. Қорытындылау.
Жаңа сөздерді қайталату
Ү. Үйге тапсырма беру
Сөздіктерді жаттау. Мәтін оқып келу.
Ү. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама