Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Рационал бөлшекті көбейту және бөлу
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Рационал, яғни алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлу алгоритмін қолдана білуге, қасиеттерді білуге үйрету.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, ой - өрісін кеңейту. Рационал бөлшектеррді көбейту мен бөлу кезінде алған теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге; пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақта қолданған әдіс - тәсілдер:
• Түсіндірмелі - көрсетілімді (М. Н. Скаткин)
• Миға шабуыл
• Проблемалық әдіс
• Өз шешімдерін ұсыну, сұрақ - жауап және талдау, рефлексия
Сабақтың типі:
Меңгерген білімдерін практикада қолдануға бағытталған дәстүрлі сабақ
Пәнаралық байланыс: информатика, логика
Сабақтың көрнекілігі:
Тірек - сызба, карточкалар, белсенді тақта, слайдтар, бағалау парағы, сызбалар.
Оқушылардың біліміне және біліктілігіне қойылатын талаптар:
Нені білу керек:
- Рационал бөлшектерді қосу және азайту
- Алгебралық бөлшектердің көбейтіндісін және бөліндісін қалай табу керектігін білу.
- Рационал бөлшектерді қалай түрлендіруге болатынын үйрену.
Нені меңгеру керек:
- Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды, көбейткіштерге жіктеудің әр түрлі жолдарын, топтау мен бөлшекті қысқарту тәсілін және қысқаша көбейту формулаларын қолдана білу, натурал және бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдана білу.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
IІ. Үй жұмысын тексеру(сигналдық карточка арқылы)
IIІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты(оқушыларды сабақтың тақырыбы мен
мақсатымен таныстыру, сейкестік тест)
IV. Топтарға бөлу
V. Тақырып пен өткен тақырыптың байланысы («Қайталау – оқу анасы»
кластер құру, түсіндіру)
ҮІ. «Ой қозғау» топтастыру стратегиясы.

VІІ. Деңгейлік тапсырмалар беру
VІІІ. Оқулықпен жұмыс()
ІХ. Сабақты бекіту( тест тапсырмалары)
Х. Рефлексия («Табыс ағашын отырғызу»)
ХІ. Бағалау
ХІІ. Үй тапсырмасын беру

І. Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Психологиялық дайындық:
- Кәнеки балалар, бүгін барлығымыз бір - бірімізге не тілейміз?(оқушылар орындарынан тұрып, мұғалімге қарап: «сізге шығармашылық табыс» және бір - біріне қарап: «бізге көтеріңкі көңіл күй»,- деп айтады).

ІІ. - Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, себебі осы сабақта әрбір оқушының өз біліктілігін, жалпы өткен тақырыпты қаншалық игергенін көрсететін мүмкіншілігі болады. Жаңа сабақты меңгеруде тірек болатын оқушылардың үй тапсырмасының дұрыстығын сигналдық карточка көмегімен тексерейік. Үй тапсырмасының жауаптары тақтада жазулы тұр, ал сендер дәптерлеріңдегі жауаптарымен салыстырасыңдар. Дұрыс жауабы болса, жасыл түсті картаны, дұрыс болмаса қызыл түсті картаны көтерулерің керек(тексерудің соңында оқушылар бағалау парағына мұғалімнің айтқан бағасын қояды).

IІІ. Сабақты жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалды еске түсіру үшін «Қайталау – оқу анасы» дегендей, сәйкестік тест өткізіледі.
– Балалар, алгебралық бөлшектерге амалдар қолданған кезде ең көп қолданатын қандай формулалар?(қысқаша көбейту формулалары)
«Қайталау – оқу анасы»
Бірінші бағанда қысқаша көбейту формулалары жазылған. Ал оқушылар бағанның сол жағында тұрған формулалардың дұрыс жауабын тауып, берілгеннің қасына магнит көмегімен жабыстырамыз (дұрыс жауап үшін оқушылар бағалау парақтарына мұғалімнің айтқан бағасын қояды).

Сәйкестік тест
1. a2 - b2= ------------ 1. а3 - 3a2 b+3ab2 - b3
2. (a - b) 2= ----------- 2. (a - b)(a+b)
3. (a+b) 2= ------------ 3. (a - b)(a2+ab+b2)
4. (a - b) 3= ----------- 4. а2 - 2ab+b2
5. (a+b) 3= ------------ 5. а3+3a2 b+3ab2+b3
6. a3 - b3= ------------- 6. а2+2ab+b2
7. a3+b= --------------- 7. (a+b)(a2 - ab+b2)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама