Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ағаш

Ағаш — сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2 м-ден кем болмайтын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда өсетін ағаштардың ең биігі 50 м-ден (қарағай, шырша, емен, жөке, т.б.) аспайды.

Дүние жүзінде ең биік ағаш — Австралия эвкалиптісі (биіктігі 140-150 м), ең жуан ағаш — Баобаб (диаметрі 4-12 м.). Ағаш палеозой эрасының тас көмір, девон кезеңінен бастап (126 млн. жыл бұрын), мезозой эрасының бор, юра (96 млн жыл бүрын) кезеңіне дейін ағашты өсімдіктер, кейін бірқатары көп жылдық, одан бір жылдық шөптесін өсімдіктерге айналған.

Жер бетінде климаттың өзгеруіне байланысты, ағашты өсімдіктердің даму циклі қысқаруда. Осыған байланысты олар шөптесін өсімдіктерге айналуда. Қазіргі кезде ағаштардың осы эволюциялық даму бағыты жалғасуда. Олар 5 топқа (балғын, жас, толық өсіп жетілмеген, толық өсіп жетілген, көп тұрып қалған ағаштар) бөлінеді. Соңғы 2 тобына жататын ағаштар ғана кесіледі.

Ағашты кескен кезде сүрегіндегі шеңберлерінің санына байланысты жасын анықтайды. Жапырағының ішкі құрылысы мен сыртқы түріне қарап ағаштарды 2 түрге бөледі: қылқан жапырақты (шырша, қарағай); жапырақты ағаш (қайың, терек). Ағаш ішкі құрылымы (талшықтарының ұзындығы, қалындығы) мен физика-механикалық қасиеттеріне (көлемдік салмағы — бұл көрсеткіш неғұрлым көп болса, механикалық қасиеттері жоғары болады) байланысты пайдаланылады. Қазақстанда өсетін ағаштардың техникалық қасиеттері жақсы зерттелген.

Оқуға кеңес береміз:

Әлемдегі ең әдемі ағаштар

Табиғатқа қалай қарауымыз керек

8 млн ағаш егіп, 100 жыл бұрын оталып кеткен орманды қалпына келтірді


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама