Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Өкініш

Əттең. Кішкентай кезінде шашынан тартсаң апайға шағымданатын,хат жазсаң ұялып төмен қарап жүретін кешегінің қайран бұрымдылары-ай????. Қызыл кітапқа енген қызғалдақтай неге күрт азайдыңдар. Ата-анаңнан алты адым жер аттасаңдар киімдерің қысқарып сала береді. Жақсы оны заманның заңдылығына салып сылтаурататындарың анық. Алайда аузынан ақ ит кіріп,көк ит шығатынын қайтерсің. Айыпты болып,жаңылып,жанына жақпайтын сөз айтып қалсаң жауап ретінде жалғыз саусағын шошайтатыны тағы бар. 

Белі бұралған бұрымдыларымыздың бұзылғанын көргенде көмейім қышығанмен,көңіліне тиер сөз айтып қоярмын деп қыл қаламымды қару қылып іштегімді өлең,Не бір ой салатын шығарма түрінде шығарамын. 

Мені қынжылтатыны ақ сүтін еміп өскен анасының көркем мінезі емес,көрінгеннен көргенін бойына сіңіретіні ғана. 
Бұдан шығатын түйін мынадай. Əлем өзгерседе,ғалам өзгерседе бұрымдыларымыз өзгермесе екен. Себебі ұлтымыздың болашағы осы арулардың қолында. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама