Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Агрессияға жоқ, деп айтайық!
5 – 11 сынып
Тақырыбы: Агрессия жоқ, деп айтайық!

Мақсаты: Оқушылардың агрессивті күйін қауіпсіздендіру;
Баланың бойындағы агрессивті мінездің ғылыми тұжырымдамасымен танысу, түрлерін талқылау;
Ой бөлісу, проблемалық сұрақтарды ортаға салып талқылау;
Баланың жағымды “Мен” бейнесін қалыптастыру;
Психокоррекциялық жұмыстар арқылы баланың сенімділігін арттыру;
Түрі: тренинг сабағы. Топтық жұмыс.

Сабақ барысы
Кіріспе сөз. Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі таңдағы қоғамдағы ірі өзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қана қоймай күн сайын күшейе түскен мұндай қолайсыз факторлар жеткіншектердің қылмыстық жолға түсуіне де үлкен септігін тигізуде. Сол себепті біз бүгін сіздермен бірге өздеріңізге және қоршаған ортаға зиянкестік жасамай ғана агрессивті мінез - құлықты қалай игеруге болатыны жөнінде сөз қозғап, талдау жасаймыз.
1. Танысу, амандасу
Ең алдымен жұмысымызды бастамас бұрын оқушылар 3 топқа бөлінсін. Әр топ өздерінің тобын таныстырады.
2. Мини - дәріс
Ал құрметті оқушылар дәрісімізді бастамас бұрын мынадай сұрақтарға жауап беріп көріңіздерші:
● Агрессия дегеніміз не?
● Ол қай жастан басталады?
Агрессия (латынның «agressio» – тиісу, ұстама деген сөзінен) шыққан. Қоғамдағы адамдардың өмір сүру нормасы мен ережелеріне қарама - қарсы бағытталған объектіге қатерін тигізіп тиісу (жанды және жансыз нәрселерге), адамдарға дене зорлығын тидіруші (жағымсыз күйзеліс, іштей қысым, қорқыныш, басқындық жәнет. б.) мотивацияланған деструктивті мінез - құлық.

Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әртүрлі қарым - қатынастар, қорқытып - үркітуден пайда болады. Адамның түскен ортасының ерекшелігі агрессиялық әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы: ауасы ауыр, темекенің иісі бар бөлмедегі агрессиялық әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке басының тәртібіне қатысты болады. Айталық, «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін - өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді. Жеке тұлғалардың ішінде ең агрессивті болып келетіндерге мыналар жатады: қызғаншақ, көре алмайтын, шыдамсыз т. с. с. болып келеді.

Әсер етуші факторлар (слайдтан көрсету)
● Отбасындағы жайсыздық (түсінбеушілік, тұрмыстың төмендігі, әке - шешенің ажырасуы, ішкілікке салыну т. б)
● Дағдарысты күйге тап болу
● Проблеманы ашып көрсетуден гөрі үндемей қалуды жеңіл көреді.
● Қоршаған ортаға, болашаққа деген сенімді жоғалту.

Ежелден белгілі қағида - адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып, қалыптасуында отбасылық ықпалдың алатын орны ерекше. Отбасының рухани тірегі – Ата - ана. «Ерекше» оқушы әр сыныпта кездеседі: агрессиялық балалар, өте белсенді балалар, мазасыз балалар. Агрессиялық балалардың ата - аналары да агрессивті болуы жиі кездеседі, олар өздері оны сезінбей бой бермейді, сондықтан да олармен тіл табысу өте күрделі болып келеді.
Агрессивтілік бірнеше феномен арқылы түсініп білуге болады. Сол сияқты агрессивті мінез - құлықты көбінесе шетелдік ғалымдар зерттеген. Мысалы, А. А. Реан агрессивтілікті 5 базалық бағытқа бөледі: агрессияның инстинктілік теориясы, агрессивтілік мінез - құлықтың когнетивтік моделі деп. Психолог - ғалымдар агрессияны бірнеше түрге Э. Фромм екі түрлі, яғни «зиянды», зиянсыз» деп бөлген. Ал З. Фрейд пен К. Лоренц адам баласы агрессияны бағындыра алмайды, сондықтан оны керек бағытқа бұру керек деген. Ал А. Басс пен А. Дарки агрессияны төмендегі 5 түрлі түрін схема түрінде ұсынған. Агрессияның бұл түрі барлық жастағы адамдарға тән, ал кейде ерте кезеңнен басталады. Агрессия ми бөліктерінің әр түрлі ауруға шалдығуы немесе әлеуметтік жағдайларға байланысты пайда болуы мүмкін.

3. Дөңгелек үстелге арналған сұрақтар және оны талқылау, пікір алмасу
Агрессиялық баланың портретін салу, қорғау.
Сыныптарыңызда агрессивті балалар барма?
4. Жағдаятты талдау.
1. Сыныбыңызда тәртіп бұзушылық болса, Сіз оны жасырасыз ба, жоқ әлде дер кезінде психологқа, мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшіге хабарлайсыз ба?
2. Екі оқушы көшеде келе жатып бірін - бірі қағып кетеді. Екеуі біраз кикілжіңге барды. Соңында төбелеске ұласу қаупі туындады. Төбелісті болдырмау үшін не істеу керек.
3. Оқушы сабақта қандай болу керек.
5. Карточкамен жұмыс.
6. Жағымды көңіл көтеретін сурет салу, қорғау.
7. Валеологиялық тренинг:

1 - кезең. «Мен сабырлымын», «Мен тынышталамын», «Бәрі жақсы болады» деп іштей қайталап өзімізді сендіреміз.
2 - кезең. Сабаңа түсіп көңіл - күйің қалпына келгенше 10 - ға дейін сана.
3 - кезең. Құлақ қалқанын жеңіл қимылмен айналдыра сипала, басыңды қолыңмен қаусыра құшақтап, алақаныңды құлағыңа тигіз, мойныңды сипап иығыңды ысқыла.

8. Қорытынды:
Бүгінгі сабақты осы өлең жолдарымен аяқтағым келеді
Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде, Айыбын тап та ала бер, Ерегісіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да, Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға, Енді қайтіп жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен, Жалған айтып суыспа.
Өлетұғын тай үшін, Көшетұғын сай үшін, Желке терің құрысып, Әркімменен ұрыспа.
Ашу - дұшпан, артынан Түсіп кетсең қайтерсің, Түбі терең қуысқа?!
Сау болыңыздар!

№3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің
психология пәні мұғалімі Жайсембаева Ғ. С.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама