Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қан. Қанның құрамы
Жаратылыстану пәндерінде интерактивті модульдік оқыту технологиясын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру мен білім сапасын көтеру.
№1 сабақ: Оқушыларды сабақтың модульдік құрылымымен таныстыру. Әр оқушы алдындағы қойылған мақсаттармен таныстыру
Тақырыпты түсіндіру, тірек-сызба сызу
№2 сабақ: Материалды қорытындылау. Әр оқушымен жеке тексеру жұмыстарын жүргізу. «Адам мен құрбақа қанының құрылысымен таныстыру»
№3 сабақ: Рольдік ойын «Қан институты» Топтық жұмыс
4 сабақ: Зачет

№1 сабақ. Қан.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім сабақты төмендегі модуль бойынша кіріспеден бастауына болады. Қанды көптеген жылдар бойы ең қасиетті күш деп есептеді. Мысалы: Ерте заманда гректер құдайға жылда бір адамды құрбан етіп отырған, қанның жұмбақ сырларын зерттеумен айналысқан.

Қан біздің организмдегі ең негізгі дәнекер ұлпа. Мемлекетті транспорт байланыстарынсыз елестете алмасақ, сол сияқты организмді де қансыз елестету мүмкін емес. Қан тамырлары арқылы қан бүкіл денеге оттегін, су, ақуыз т. б. заттарды тасымалдайды. Ғылымның дамуына байланысты қанның көптеген қыр - сырын анықтады.

Қанның қызыл түйіршіктері. Қанды зерттеген итальяндық анатом, дәрігер Марцелло Мальпиги қызыл түйіршіктердің /қан клеткалары/ қалқып жүргенін көрген. Оларды қан клеткалары емес май түйіршіктері деп есептеген. Тек микроскопты жасап шығарған голландық Антоний Левенгук оны қан түйіршіктері екендігін анықтап кейін «қан клеткалары»деп атады.
Неге адам қан көп жоғалтқан жағдайда тіршілігін тоқтатады, ал дер кезінде басқа адамның қанын құюдың арқасында өмірін сақтап алуға болады? Неге??? Деген көптеген сұрақтарға «Қан» тарауына берілген модульдік сабақ кезінде танысамыз.

2. Лекция. /тірек сызбалалар қосымша берілген бөліктен көруге болады/.
Қан дәнекер ұлпаның бір түрі.
Қан төмендегідей қызмет атқарады:
• Қан тамырларынан қан айналу;
• Оттегін тасымалдау;
• Қор заттарды жеткізеді;
• Көмірқышқыл газы шығарылады;
• Тыныс алуға қатысады;
• Ас қорыту мен бөліп шығаруға қатысады.

Қан дене температурасын реттейді. Ішкі мүшелерге қанның құйылуынан терінің температурасы көтеріледі. Денеге бөгде заттардың енуінен лейкоцит клеткалары тіршілігін тоқтатады. Соның арқасында ағзаның қорғаныштық қасиеті жүреді. Қан гуморальдық реттелуге және ішкі секреция бездерінің гормондарын тасымалдауға қатысады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама