Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Әжеме сыйлық
Тақырыбы: Әжеме сыйлық
II кіші топтарына арналған ертеңгілік сценарииі
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Аналарын, әжелерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Зал іші мерекеге сай безендірілген.
Жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты аналар, арулар! Бүгінгі 8 - Наурыз халықаралық аналар, ару қыздарымыздың мерекесі құтты болсын!
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

Балалар тақпақтары:
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!

Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз
Ән: «Анаға сыйлаймыз»
Музыка әуенімен залға Көктем ханшайымы кіреді.

Көктем:
Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Құстар сайрай жөнеледі.
Өйткені мен көктеммін
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын.
Денсаулық, қуаныш, бақыт тілеймін.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ару Көктем!
Көктем: Балалар менің таңғажайып орман әлеміне қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Ару Көктем біздің балаларымыздың көптеген тақпақтарымен әндері бар, қабыл алыңыз.

Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар да әпереді
Балабақшаға да әкеледі,
Жақсы қандай әжелері.

Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын!

Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Ән: «Көктем келді»
Музыка әуенімен Қызыл телпек залға кіреді.
Қызыл телпек: Міне орманға да келдім, айнала қандай тамаша. Жердегі қарлар барлық жерде әлі ери қоймаса да, көктемнің әсем лебі сезіледі.
Көктем: Сәлеметсің бе Қызыл телпек! Сені көргеніме сондай қуаныштымын. Сен жалғыз өзің менің орманымда не істеп жүрсің?

Қызыл телпек: Мен әжемді мерекесімен құттықтауға барамын. Міне анам пісірген бәлішін алып бара жатырмын. Әжеме сондай гүл шоғын сыйлағым келген, бірақ гүлдер әлі шықпапты.
Көктем: Иа, бұның рас гүлдер шығуға әлі ерте. Бірақ бүгін аналарымыздың мерекесі болғандықтан саған көмектесейін. Менің сиқырлы қоңырауым бар, соны саған берейін, сені сол қоңыраумен орман гүлдерін шақыра аласың.
Қызыл телпек қоңырауды соғады. Залға музыка әуенімен гүлдер шығады.
Би: «Гүлдер»
Қызыл телпек: Қандай керемет, қаншама гүлдер шықты. Көктем саған көп рахмет.
Көктем биші қыздармен шығып кетеді.
Жүргізуші: Балалар енді мына гүлдерді Қызыл телпекке жинап берейік.
Ойын: «Гүл жинаймыз»
Балалар екі топқа бөлініп себеттің қасына тұрады. Екі баладан жарысып егіліп тұрған гүлді тез жұлып, себетке әкеліп салады. Бұрын жинаған топ жеңіске жетеді.
Қызыл телпек: Балалар сендерге көп рахмет!
Музыкамен залды айналып шығады. Алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр: Керемет! Гүл тересіңдер, ән айтасыңдар. Мен байғұс, аш қасқырды ешкім ойламайды.

Атырау қаласы,
№5 «Аққу» бөбекжай – балабақшасы
Қойтанова Дүрия Есмағзомқызы
Әжеме сыйлық. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама