Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Дені саудың - жаны сау спорттық - эстафеталық жарыс.
Тақырыбы: «Дені саудың - жаны сау» спорттық - эстафеталық жарыс.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру, жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: кедергілер, кішкентай доптар, құм, су құятын ыдыстар.
Қатысушылар: ата - аналар мен балалар.
Тәрбиеші: Армысыздар бүлдіршіндер және ойынға қатысқалы отырған ата - аналар!
«Дені саудың - жаны сау» - демекші спорт әлеміндегі ең қызықты әрі көңілді жарысымызды бастаймыз. Біздің сайысымызға қатысқалы отырған командалар өздерінің жылдамдықтарын, ой - өрістерін, күш - жігерлерін көрсетуден күш сынасады. Сондықтан біраз денемізді шынықтырып, қыздырып алайық.

Бой сергіту: «Аяқпенен топ - топ - топ»
Тәрбиеші: Дүбірле бақшам, дүбірле,
Жақсылық болсын үйіңде.
Қуаныш толып жүзіңде
Арнаулы жолдан сүрінбе
Жарыста нағыз мықтылар,
Жеңіске жетер түбінде - дей келе эстафеталық жарысымызды бастайық. Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін сіздерсіздер.
Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңіз
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер
- дей отырып топ капитандарына сөз берейік.
«Таныстыру»
Шарты: екі команда ортаға келіп, қатарға тұрып, өз командаларының ұранын айтып таныстырып өтеді.
Топтың аты: «Қыран»
Топтың ұраны: Қыран тобы алға
Биіктерге самға
Жүреміз тек алда
Топтың аты: «Алғыр»
Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста,
Алғырлықпен аламыз.

1 - тур: «Құмнан жасалған тәттілер»
Шарты: Команда мүшелері бірлесе отырып, құм салынған балалар алаңқайындағы құмды пішінді ойыншықтарға салу арқылы түрлі бейнелер мен мүсіндерді әсемдеп, безендіріп жасайды.

2 - тур: «Көңілді доптар»
Шарты: Команданың үлкен мүшелері түрлі түсті кішкентай екі допты алмастыра лақтырып, қағып алу бойынша кедергілер арасынан өтіп, мәреге дейін барып доптарды мәреге тастап кетіп, қайтып келеді, ал балалары кедергілер арасынан жүгіре өтіп, мәредегі доптарды алып қайтуы керек.

3 - тур: «Кім жылдам»
Шарты: Мәре сызығында тұрған ыдысқа суды тасу шелекпен тасу керек. Қай топтың ыдысы суға бірінші толады сол топ жеңіске жетеді.

4 - тур: «Қырықаяқ»
Шарты: Әр топ өз ойыншыларының белдерінен ұстап белгіленген жалаушадан айналады, қай команда ағытылмай мәре сызығынан бірінші өтсе сол команда жеңіске жетеді.
Тәрбиеші: Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыста ренжімей,
Тараса бізге жарады - демекші ендігі кезекті 6 - тур «Марапаттау» кезеңіне береміз. Қатысқан команда мүшелерін арнайы дипломдармен марапаттау.
Тәрбиеші: Жарқын, шаттық заман болсын,
Отбасымыз аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашан орта толсын,- дей келе бүгінгі жазғы сауықтыруға арналған эстафеталық жарысымызды аяқтаймыз.

Атырау қаласы, №5 «Аққу» бөбекжай - балабақшасы
Амантаева Жазира Саматқызы
Дені саудың - жаны сау спорттық - эстафеталық жарыс. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама