Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Әке мен бала. А - Ә дыбыстары
Ана тілі
Сабақтың атауы: Әке мен бала. А - Ә дыбыстары.
Мақсаты: а) Әңгімені оқи отырып, алған білімдерін пысықтау.
ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын, сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту.
б) Үлкенді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

+Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.

Қызығушылықты ояту Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.
Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.
Ақсақалдың ақ батасы өлеңі жаттау, мақал – мәтел. 55 бет
Балалар мәтінді оқиық. Мәтін Әке мен бала туралы болмақ.
Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашу.

Мағынаны тану
Мұғалім балаларға топ бойынша тапсырма береді.
1. Әңгімені тізбектей оқу. Іштей оқу.
Әке мен баланың іс - әрекетін кім маған сипаттап береді?
2. Әкесі тағаны баласына неліктен алдырғысы келді?
3. Баласы тағаны неге алмады деп ойлайсыңдар?
4. Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?
5. Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

Мұғалім: Аубакирова М. Е.
Әке мен бала А - Ә дыбыстары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама