Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Баяндама. Логикалық тапсырмаларды бере отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Логикалық тапсырмаларды бере отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Баяндама.

Қазіргі білім берудің басты мақсаты — шығармашыл тұлға қалыптастыру. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту — мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
Білім сапасын арттыру мақсатын көздеген оқытушылар заман талабына сай оқушыларды жан - жақты тұлға ретінде дамыта отырып, оқыту үрдісінде педагогикалық жаңа технологияларды пайдалануда. Шығармашыл тұлғаны шығармашылықпен жұмыс істейтін оқытушы ғана қалыптастыра алады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен іс - тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған бідім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсетілген.
Чехтың ұлы педагогі Ян Амос Коменский «Ұстаз оқушыға өзінің тәсілдерін үйретуден бұрын алдымен оның бойында білім алуға деген талпынысты оятып алуы қажет. Егер шәкірттің бойында оқуға деген ынта – ықылас оянбаса, онда жүз мұғалім оған төніп тұрса да одан түк шықпайды» деген болатын. Білім, біліктерін оқушылардың зердесіне қалай ұялатудың ұтымды жолдарын, әдістерін талмай іздеу – әр ұстаздың міндеті. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау үшін қызығу қабілетін ояту қажет. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығуын қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі.
Шығармашылық іс - әрекет — ойды тұжырымдап айту, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде қолдану барысында нәтиженің нақты көрініс беруі. Бұл — әр адамның өзін - өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгертуге қатыса алуы деген сөз.
Қазақстан Республикасының Ата Заңының 20 - бабында «Әркімнің шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі» делінген.
Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған. Логика дегеніміз – ойлауды дұрыс құрудың заңдары мен формалары, ережелері туралы философиялық ғылым. Ойлау – шындықтың санада бейнеленуі. Оқушылардың логикалық ойлауға үйренуі және логикалық ойлауының дамуы олардың өздігінен ізденіп жұмыс жасауына жол ашады.
Баяндама. Логикалық тапсырмаларды бере отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама