Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Әкем, анам және мен
«Әкем, анам және мен» Отбасы сайысы
Мақсаты:
Отбасының бір - бірімен қарым - қатынастарын жақсарту;
Ауызбірлікке, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, адамдарды тани білуге тәрбиелеу.

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі;
ІІ. Оқушылардың отбасы және спорт туралы айтқан өлеңдері.
ІІІ. Бүгінгі отбасылық жарыстың тақырыбы «Мектепке жол»
ІV. Осы тақырып бойынша:

1/ әр жанұя өздерін таныстырып кетеді.
2/ отбасылық жаттығулар жасалады.
3/ «Ертеңгі ас» бұл жарыста аналар қасыққа теннистің шаригін салып кегльдің арасынын тез - тез жүріп өтеді.
4/ Енді баланы мектепке дайындау. Үстелдің үстінде оқу құралдары шашылып жатыр. Соны рет - ретімен портфеліне тездетіп салып беру.
5/ «Мектепке жол» әкесі бір - бірлеп обручпен кегльдің арасымен анасын, содан кейін баласын алып жылдамдап өтеді.
6/ Баласы мектепке келді, енді сабақта отыр. Қима қағаздарда буынға бөлінген бірнеше сөздер бар. Солардан мақал - мәтелдер, сөздер құрастыру керек. «Кім жылдам!» Ата - аналары көмекке келеді.
7/ Мектептен қайту. Балалар арасында жарыс. Ұлдар доппен, қыздар секіртпемен кегльдің арасынан жарысып тез өтеді.
8/ Үйге келді. Енді әкесі мен анасы жарысады. Әкелер кір тастарын көтереді, ала аналар белде обручты айналдырады.
9/ Соңғы кезең: Арқан тарту.
10/ Қорытынды: Әділ - қазы алқаларына сөз беріледі және отбасы сайысына қатысқан ата - аналар марапатталады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама