Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақстанға сиқырлы саяхат
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту «Қазақстанға сиқырлы саяхат»
«Қазақстан дейтін менің бар елім,
Алып жатыр жарты дүние әлемін!»
Қасым Аманжолов
Сабақтың мақсаты: оқушылар өткен модульдер бойынша білімдерін тиянақтап, сөйлеу мәдениетін, шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімдік: танымдық, қатысымдық біліктіліктері артып, өзіндік пікірін білдіруде тілдік бірліктерді сауатты қолданады, талдап, салыстыра біледі, сабақ барысында пәнаралық білімін қолданады.
2. Дамытушылық: ой - өрісі кеңіп, шығармашылық белсенділігі, диалогтік сөйлесу икемі артады, тіл мәдениеті дамиды, пікірін сауатты жеткізе білуге үйренеді.
3. Тәрбиелік: өзгелердің пікірін құрметтеп, бір - біріне деген өзара көмек, Отанына деген сүйіспеншілік сезімінде тәрбиеленеді.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО элементтері, түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың түрі: қайталап жинақтау - тіл дамыту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карта суреті, сипаттама, үлестірме материалдар
Пәнаралық байланыс: география, тарих

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі (1 - 2 минут)
Тілдік ортаға ену: оқушылармен сәлемдесіп, күн, ай, апта атауы туралы қысқаша тіл қатысу, топтарға бөлініп отыру.
А) Қызығушылығын ояту (2 - 3 минут)
Сабаққа кіріспе: - Балалар, бүгін біз сендермен өткен тақырыптарды қорытындылап, тілімізді дамыту мақсатында саяхат - сабақ өткізгелі отырмыз. Сабағымызға кіріспе ретінде мен сендерге мынадай бір аңыз әңгіме (1 - қосымша) айтып берейін. (Мысал үзінді) «Ертеде... Сонымен қатар оның Құлыншақ - Тұлпар, Балапан - Бүркіт, Бала - Барыс (1 - слайд) сияқты өте сенімді достары бар еді...
Ақ Ботақан достарына әжесінің туған күніне сыйлаған сыйлығын көрсетті».
- Балалар. Сендер Ботақанға әжесі қандай сыйлық сыйлады деп ойлайсыңдар? (Оқушы жауабы... Оқушы жауабына орай аңызды жалғастыру).
«... Әжесі Ботақанға көгілдір түсті матаға жібек жіппен тіккен сурет сыйлапты...
- Осыны қалай білсек екен? (2 - слайд – карта)
- Қалай дегенің не? – деді, достары бірауыздан.- Саяхатқа шығайық!...
Таудан үш жол басталады екен: біреуі – батысқа, екінші жол – оңтүстікке, ал үшіншісі солтүстікке бет алған... (3 - слайд)
... Төртеуі осыған келісті де, саяхаттарын әрі қарай жалғастырды».
Сонымен, балалар, бұлардың «Қазақстанға сиқырлы саяхатына» (4 - слайд) сәт сапар тілеп, олар қайтып оралғанша осы карта бойынша біз саяхатымызды жасап, білімімізді ортаға салайық! Саяхатымыз сәтті болу үшін біз сендермен бірқатар тапсырмалар орындауымыз керек. Сабағымыз бірнеше бөлімнен тұрады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама