Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Әл - Фараби "Қашықтасың туған жер", "Бауырым қанша сүйгенмен"
Әдебиет 8 сынып
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Әл - Фараби "Қашықтасың туған жер", "Бауырым қанша сүйгенмен"
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Топтық жұмыс арқылы оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз - Әл - Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беру;

Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән - мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу

Оқушылардың бойынан туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікті оятып, достық пен сыйласымдылық сезімдерін қадірлей білуге баулу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
 Топта жұмыс жасай алады;
 өз пікірін, ойын ашық айтып, өз бетімен ізденуге дағдыланады;
 оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттер қалыптасады.

ТҮЙІНДІ ИДЕЯ
Әл Фараби - Шығыстың ұлы ғұлама ғалымы
Әдіс - тәсілдер Тест, "Жүк журналы", ой қозғау, постер қорғау, "Жұбыңды тап", "Қарлы кесек"
Қолданылатын ресурстар: Видеоролик, маркер, стикер, смайлик, А3, жетондар, тақырыпқа қатысты суреттер, тест парақшалары, ноутбук.

Кіріспе (сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын - ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары)
Оқушылармен амандасау
Кезекші мәлімдемесі
Сынып оқушылары шаттық шеңберіне тұрып, бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.
Топқа бөлу: екілік санау жүйесі

Бағалауды түсіндіру

Бес жұлдыз - 5 балл
Төртбұрыш - 4 балл
Үшбұрыш - 3 балл

Үй тапсырмасын сұрау
Үйге "Еркін жазу" стратегиясы бойынша ойтолғау берілген болатын, топқа бөлінген оқушылар бір - бірінің ойтолғауларын оқып шығып араларынан үздігін ортаға шығарады. /"Сыры мол сырлы әдебиет"/

Үй тапсырмасын бекіту.
ТЕСТ
1. Ежелгі дәуір әдебиеті қай кезеңдерді қамтиды?
А) ҮІ - ҮІІІ Ә) ҮІІ - ХІҮ Б) ІІ - ІІІ В) ІІІ - Ү
2. Сақтардың жаузы қанша әріптен тұрған
Р) 30 Л) 26 М) 42 Н) 37
3.... Бектер аты болдырып,
Қайғы оларды солдырып,
Меңді жүзі сарғайып
Запыран рең сүртілер Берілгін үзінді қай шығармадан алынған?
Ф) Алып ер Тоңа Х) Күлтегін Һ) Оғыз қаған Ц) Қорқыт
4. Түркі қағанатының негізін қалаушы
А) Бумын Ә) Күлтегін Б) Тоныкөк В) Білге
5. Түркілердің оғыз ұлысынан шыққан данагөй көріпкел, бақсы, ұлы күйші, жыршы ел басқарған көрнекті қайраткер
П) Оғыз Р) Қорқыт С) Күлтегін Т) Білге
6. "Оғыз қаған" жырындағы Оғыздың анасының аты
А) Айқаған Ә) Айғаным Б) Ханзада бегім В) Рабиға сұлтан
7. Ислам дәуіріндегі әдебиет нешеге бөлінеді?
А) 5 Ә) 4 Б) 2 В) 3
8. Әл - Фараби, А. Яссауи, С. Бақырғани ислам дәуіріндегі әдебиеттің қай кезеңіне жатады?
Е) Қарахан әдебиеті Ж) жыраулар әдебиеті З) кеңес дәуіріндегі әдебиет И) Сыр бойы әдебиеті
Тесттің кілті: ӘЛ ФАРАБИ /Жаңа сабақтың тақырыбы ашылады/

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама