Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Тәуелсіз елім - туған жерім
Астана қаласы,
№10 «Бөбек» балабақшасының
қазақ тілі мұғалімі:
Аяпбергенова Ботакөз Сагындыковна

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған.
«Тәуелсіз елім - туған жерім»атты ертеңгілік
Тәрбиеші: Кұрметтi қонақтар, ата - аналар! Әріптестер сiздердi Республикамыздың Тәуелсiздiк күнiмен құттықтаймыз! Сіздерге тiлейтiніміз зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан!
Отаны бар, елі бар жан - әманда
Бақытты ғой мына байтақ ғаламда.
«Отан» деген оттан ыстық жалғыз сөз.
Жалын берген маған - дағы, саған да.
Залға балалар тумен музыка әуенімен кіреді.

Тәрбиеші: Қымбатты, балалар! Құрметті қонақтар! Міне осы салтанатты күн де келді! Бүгін біз егемен Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтеміз. Егеменді деп аталуының себебі, өйткені бұл бай, мықты, тәуелсіз еркін мемлекет! Сондықтан еліміз гүлдену, бейбітшілік, бақыт тілейміз!
Ән: РҚ Әнұраны №1123
- Елбасы кім?
- Рәміздерді ата?

1 - бала: Б. Аружан
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жанында қалған күн.
2 - бала: Бөкейхан
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт
Пәрін кешті басынан.
3 бала: Айсана
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Астық дала сәулеті
Астық Отан сәулеті
4 - бала:
Қазақстан көгiнде
Көк ту тұрған желбiреп,
Қазағым тұр бүгiнде
Көк аспаны мөлдіреп.
5 - бала: Ақбота
Балдырған баламыз,
Достық көп табамыз,
Қашан да, қайда да,
Достар бiр - бiрiне,
Сенiмді боламыз.
Ән: «Жаса, Қазақстан!» № 260
(слайд)
Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл - қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ләззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы.
1 Бала: Нұрай
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен Ләззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама