Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы
Қалымбетова Айман

Пән аты: Информатика
Класы: 9
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы.
Паскаль – программалау тілі бойынша өткенді қайталау.

Бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы, Паскаль – программалау тілі бойынша алған білімдерін тексеру;
Дамытушылығы: Сынақ жұмысын алу барысында оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сынақ жұмысы
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың өту әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, топтамалар, тест сұрақтары т.б.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1)Сынып оқушыларымен амандасу.
2)Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.
3)Сыныптың тазалығына мән беру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
• Мәліметтердің типтері қалай сипатталады, олар қандай қызмет атқарады?
• Мәліметтердің қандай типтері бар?
• Атаулардың типтері қалай сипатталады?
• Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады?
• Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?
• Мәліметтердің типі дегеніміз не?

Бақылау жұмысы
Тест
1. «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?
А) Мұхаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан
Ә)Мұхаммед әл-Хорезми атының арабша айтылуынан
Б) Латынның algoritm сөзінен
В)әл-Фараби атының латынша
айтылуынан

2. Алгоритм дегеніміз не?
А) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысында орындалатын әрекеттері
Ә) Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар
Б) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысындағы ретімен орындалатын түсінікті дәл ұйғарым
В) Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып жұмыс жасау

3. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін көрсет
А) алгоритмнің айқындылығы, түсініктілігі, тиістілігі
Ә) алгоритмнің айқындылығы, үздіктілігі, жалпыға бірдейлігі, нәтижелігі, формальді орындалуы
Б) алгоритмнің үздіктілігі, түсініктілігі, тиістілігі, мақсаттылығы
В) алгоритмнің айқындығы, мақсатталығы, тиістілігі, жалпыға бірдейлігі

4.Алгоритмнің жазылу түрлерін көрсет
А) алгоритмдік тілде, блок-схема түрінде, программалау тілінде
Ә) алгоритмдік тілде, программалау тілінде, Паскаль тілінде, математикалық тілде
Б) блок-схема түрінде, графикалық түрде, программалау тілінде
В) программалау тілінде, математика тілінде, графикалық түрде, блок-схема түрінде

5.Блок-схемада қандай геометириялық фигураларды қолданбайды?
А) тіл төртбұрыш, ромб
Ә) стрелкалар, параллелограм
Б) ромб, параллелограм
В) шеңбер, үшбұрыш

6. Алгоритмнің түрлерін көрсет
А) сызықтық, тармақталу, көрсеткіштік
Ә) тармақталу, қайталану, шарттық
Б) сызықтық, тармақталу, циклдік
В) циклдік, қайтьалану, шарттық, сызықтық

7. Паскаль программалау тілінің авторы кім?
А)Блез Паскаль
Ә)Никлаус Вирт
Б) Н. Верджино
В) Чарльз Беббидж

8. Паскаль тілі қай жылдары жасалды?
А) 1970 жылы пайда болып, 1979 жылы өзгерістерімен жарыққа шықты
Ә) 1968-1971 жылдары
Б) 1980 жылдардың ортасында
В) 1963 жылы пайда болып, 1966 жылы өзгерістерімен жарыққа шықты

9. Түбір астындағы Х-ті Паскаль тілінде қалай жазуға болады?
А) SQR (X)
Ә) SQRT (X)
Б) ABS (X)
В) MOD (X)

10. Паскаль тіліндегі нәтиже алу операторын көрсет
А) PRINT
Ә) WRITE
Б) OUTPUT
B) READ

11. Паскаль тіліндегі енгізу операторын
А) PRINT
Ә) WRITE
Б) OUTPUT
B) READ

12. Паскаль тіліндегі тұрақтыларды сипаттау операторын көрсет
А) VAR
Ә) WRITE
Б) CONST
B) READ

13. Өрнек нәтижесі типтерін анықта
А) 1/(2+1/4) - Ә) x+5
Б) 1/(2*sqrt(x+1)) В) sqrt(x)+sqr(y)-

14. Қай өрнекте қате бар?
А) (х1/х2)*у
Ә) b+(a-c/3)
Б) (sqrt (p)*q)/r
В) (a(b/(c*(d/(ef)))))

15. Sqr операторының қызметі
А) Санның квадраты
Ә) Санның квадрат түбірі
Б) Х-тің 5 дәрежесі
В) Санның абсолют шамасы
Тест жауаптары:
1А, 2Б, 3Ә, 4А, 5В, 6Б, 7Ә, 8Ә, 9Ә, 10Ә, 11В, 12Б, 13А, 14В, 15А

Бақылау есептері
№1. y:=a * b / (c + d) - (c-d) / d * (a + d) есебінің программасын құру керек.
Program esep 1;
Var a, b, с,d y: real;
Begin
Readln (a, b, с, d);
y:=a * b / (c + d) - (c-d) / d * (a + d);
Writeln (‘y=’, y);
End.
№2. y:= sqr(a+b)/(sqrt(2+sin(x)) есебінің программасын құру керек.
Program esep 1;
Var a, b,x,y: real;
Begin
Readln (a, b,x );
y:= sqr(a+b)/(sqrt(2+sin(x));
Writeln (‘y=’, y);
End.
№3. y:= (sqr(sin(x))+sqr(cos(x)))/(sqr(x)*x) есебінің программасын құру керек.
Program esep 1;
Var x,y: real;
Begin
Readln (x );
y:= (sqr(sin(x))+sqr(cos(x)))/(sqr(x)*x);
Writeln (‘y=’, y);
End.
Сабақты бекіту сұрақтары:
1. «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?
2. Алгоритм дегеніміз не?
3.Блок-схемада қандай геометриялық фигураларды қолданбайды?
4. Паскаль программалау тілінің авторы кім?
5. Паскаль тілі қай жылдары жасалды?
6.Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
7.Readln және Writeln операторының айырмашылығы қандай?

Үйге тапсырма: Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы.
Паскаль – программалау тілі бойынша өткенді қайталау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама