Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Қазақ тілі
Мақсаты: 1.Оқушыларға зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, септік жалғауларымен таныстыру, олардың сұрақтарын меңгерту;
2. Ойындар арқылы пәнге қызығушылығын арттыру, білімділігін дамыту;
а) Жеті септіктің сұрақтарын, жалғауларын ажырата білуге дағдыландырып, есте сақтау қабілетін жетілдіру;
ә) Шығармашылық қабілетін шыңдау, сауатты жазуға баулу;
3.Сауаттылыққа, білімділікке, ұжымдастыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдері: ойын, көрнекілік, ізденушілік, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұялы телефон, шырша, шырша ойыншықтары,
Түрі: жаңа білімді игерту

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Психологиялық көңіл-күй.
...Телефон шылдыры...
- Сәлеметсіздер ме , балалар!
- Сіздер қандай мереке келе жатқанын білесіздер ме?
- (Жаңа жыл мерекесі)
- Олай болса, сіздерге Аяз Ата мен Ақшақардың жолға шыққанын хабардар еткім келеді.
- Жақсы жаңалықты естідіңдер ғой, балалар!
- Олай болса, балалар, біздер шырша безендірмейміз бе? Ендеше не тұрыс, сабаққа жақсы белсенділік танытқан оқушылар шыршаны ойыншықтармен безендіре алады. Олай болса бар білімімізді салайық! Іске сәт, оқушылар!

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Тасшағыл орта мектебіінің
бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі
Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама