Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Әліппе - білім бесігі
Тақырыбы: Әліппе - білім бесігі.
Мақсаты: білімнің бастауы болған « Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау; білімдерің артып сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету; Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата - аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, Әліппе, Ана тілі математика оқулықтарының макеті.

Ертеңгіліктің барысы:
1 - Ұйымдастыру кезеңі.
2 - Негізгі бөлім
Сонымен бүгінгі қуанышты мерекеміз « Әліппе – білім бесігі» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
1 - оқушы:
Өлшеулі ар - намысы халқымыздың
Қорғаны адамдықпен - салтымыздың
Армысыздар аяулы ұстаздарым.
Сенері сіздерсіздер халқымыздың.
2 - оқушы:
Өмір берер ертеңгі бағаларын
Әліппемен қоштаспақшы балаларың,
Халқыма ұрпақ берген өмір берген
Қош келдің ата - әке, әжелер мен аналарым.
3 - оқушы:
Құрметті ұстаздар мен ата - аналар
Кез келді сіздерден ақ бата алар
Ұл - қыздарын көрсетпекші өнерлерін
Бар қауым таңдана таңдай қағар.
4 - оқушы:
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті « Әліппемен»
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен
5 – оқушы:
Міне біз бүгін барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - «Әліппені» бітіріп отырмыз.
6 - оқушы:
Біз бүгін шексіз қуаныштымыз.
Өйткені алғаш хат танытып,
Сауатымызды ашқан сүйікті «Әліппемізді» бітірдік.
7 - оқушы:
Біздер көп нәрсе үйрендік - кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, есеп шығаруды.
8 - оқушы:
Мен енді өзім – ақ оқып жаза аламын. Ертегі әңгімелерді өз бетімен оқитын болдым.
Мұғалім: Ортаға, Әліппені шақырайық!
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар жас достар,
Болашаққа жол бастар
Армысыз, ата - аналар,
Болашаққа жол бастар
Әліппен келді ортаға,
Менің атым Әліппе
Мені анандай дәріпте,
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң сенің әпкең де.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама