Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу
Сабақтың тақырыбы: «Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу» сабағының үлгі жоспары
Сабақтың негізгі мақсаты: Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу ережесін үйрету. Жай бөлшектерді бөлу ережесін есептеулерде қолдана білу машықтарын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: іскерлік - ойыны.
Сабаққа қажетті көрнекіліктер: есептер жазылған карточкалар, ақшалай қаржы салынған пакеттер, жұмсалған қаржы есебіне мониторинг, банк қызметіне нұсқаулық, білімді есепке алу парағы (тапсырмалар жауабы).

Сабақтың барысы: І. Жаңа тақырыпқа даярлық кезеңі.
Сұрақтар: «бөлудің көбейтуге кері амал екендігін пайдаланып, бөлгішті өзіне кері санмен алмастырып, бөлуді көбейту амалымен ауыстыру);
1. Көбейтуге кері амал қалай аталады?
2. 35: 7 бөлшекпен жаз
3. Бөлгішті кері санмен алмастырып, бөлу амалын көбейту амалымен жаз 35*1/7
4. Бөлу амалын көбейтумен алмастыру үшін қандай түрлендіру пайдаландық?
5. Түрлендіріп, бөлу амалын (көбейту арқылы) орынды: 51: 3, 75:(3/5), (8/9):(1/3)

ІІ. Жаңа оқу материалын меңгерту.
(8/9):(1/3)=8/9*3/1=(8*3)/(9*3)=8/9
Сұрақтар:
1. Бөлу амалына кері қандай амал кері болады?
2. Бөлшекті бөлшекке бөлуді көбейтумен алмастыру үшін қандай тәсіл қолданамыз?
3. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу қалай орындалады?
Егер бөлінгіш пен бөлгіш аралас сандар болса, онда оларды бұрыс бөлшекке алмастырып, жай бөлшектерді бөлу ережесі бойынша орындаймыз.
Мысалы, (12+2/3)/(2+1/9)=
Алгоритмі: 1. 12+2/3=38/3: х
2. 2+1/9=19/9: у
3. х*1/у
Егер бөлінгіш пен бөлшектің біреуі натурал сан болса, онда оны бөлімі 1 саны болатын жай бөлшек түрінде жазып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі бойынша орындау керек.
Мысалдар: 1) 5:(3/4)=
2) 3: 79=
(бөлшекті бөлшекке бөлудің алғашқы кезеңдерінде жазудың ұзақ түрімен, жазғызу дұрыс; оқушыны логикалық жүйелі ойға дағдыландыру);
Ауызша №672 есепті орындау.

ІІІ. Жаңа білімді бекіту
Класты 3 топқа бөлу

Ойын шарты:
1. Топты ойынға қосу үшін 150 теңге ақы төлейді.
2. Тапсырма алады.
3. Тапсырманың жартысы орындалмаған жағдайда топтық ойыннан шығатындығы ескертіледі.
4. Ойынға қайта кіру үшін 150 теңге
Банк қызметін ұйымдастыру (тарих мұғалімінің қосымша түсінігі: банк, несие туралы сөздік жұмысы)

Әр топқа Банктен несие беру.
- Ынталандыру үшін әр топқа процентсіз 100 теңгеден ақшалай қаржы беру;
- Алғашқы несие 10%, одан кейінгі несиелер 20%, 30% өсімдерімен беріледі:
- Сабақ соңында берілген барлық несие проценті мен қоса қайтарылуы тиіс;

Қаржы есебіне мониторинг ұйымдастыру.
Тапсырмалар жазылған ақшалай бағаланған карточкаларды әр топқа таратып беру.
1 - тапсырма (әр есеп 100 теңгеден) Кестені толтыр: №676
2 - тапсырма (әр есеп 100 теңгеден ) Алгоритм р: №673, 674, 690
3 - тапсырма (әр есеп 200 теңгеден) Бөлуді орында: №689

ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Сабақты қорытындылау.
- тақырып соңындағы сұрақтар бойынша;
- жіберілген біріңғай қателерді ескеру;
VІ. Оқушылар білімін бағалау.
- Берілген несиені процентімен қоса қайтарып алу;
- Әр топтың жұмысын бағалау;

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама