Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Әліппе, саған мың алғыс!
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімін бекіту, олардың алған білім дағдыларын көрсету.
2. Тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
3. Ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Әдеби - музыкалық монтаж

Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұлағатты ұстаздар бүгін біздің сыныпта той. Халқымызда той көп. Бала өмірге келгенде шілдехана, тұсау кесер, сүндет тойы, мектепке баруы, тілашар тойы, мектеп бітіру, өмірге жолдама алу т/б. Соның ішінде баланың тілашар тойы үлкен қуаныш. Бүкіл білім, ғылым соқпағының басы болған әліппе оқулығын бітіріп, қоштасқалы отыр. Әліппені бітіру - алдағы өмірге бастайтын көп белестің бірі. Ендеше бүлдіршіндеріміз сол белестің бірінен асты. Бұл біздер үшін де, үлкен салтанатты мереке. Мереке құтты болсын!
Ән:«Атамекен» Ернұр
1 - жүргізуші: Еркежан
Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Тойға келген қуанып,
Қонақтар, сізге мың сәлем.

2 - жүргізуші: Аян Армысыздар, ардақты ата - аналар. аяулы ұстаздар! Бүгінгі Әліппені бітіру мерекесі «Әліппемен қоштасу тойы» құтты болсын!
Шашу, шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық
/Сандық ашылып, бір ата - ана шашу шашады/
Музыка ойналып тұрады, балалар зал арқылы өтіп, сахнаға шығады. Олар музыка ырғағымен қолдарындағы әріп жазылған шарларын бұлғайды./

1. Айсұлу.
Сәлеметсіздер ме қонақтар Сіздерді Әліппені бітіру мерекесіне арналған «Әліппе, саған мың алғыс» мерекесіне шақырамыз.
2. Дильназ
Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.
3. Ернұр
Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі әңгімелерді өз бетімен оқитын болдым.
Мұғалім: Балалар біз әліппеден не үйрендік?
4. Бәрі: Кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.
5. Мұғалім:Мына сұраққа жауап беріңдерші.
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Бәрі: Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті – Әліппе, ол сүйікті – Әліппе
Мұғалім: Дұрыс балалар, Енднше ортамызға Әліппені шақырайық.
/Музыка/ Әліппе келеді.
Әліппе:
Армысыңдар жас достар!
Армысыздар қонақтар,
Армысыздар ата - аналар
Болашаққа жол бастар,
Әліппе келді ортаңа.
Міне балалар, сендер мені оқып тауыстыңдар, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Менен не үйрендіңдер?
Мұғалім: Әліппе, балалар өзің туралы тақпақ, өлең үйренді, енді соны қонақтармен бірге тыңдаңыз.
1. Жақсылық
Әліппе - білім анасы
Әліппе - кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған
Адамның бар ма баласы
2. Нұрдәулет.
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
3. Жанель
Жақсы кітап Әліппе
Үйретеді әріпке
Қуыршақпен қоштастық
Әліппемен достастық
А - дан бастап әріпті
Түгел маған танытты.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама