Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қыпшақ хандығы
Сабақтың тақырыбы: Қыпшақ хандығы. ( XI – XIII ғасырдың басы)
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: — Оқушыға Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы, қоғамдық құрылысы, саяси жағдайы, шаруашылығы туралы мағлұматтар беру.
б) Дамытушылық: — Қыпшақ хандығындағы қазақ халқының қалыптасуындағы орнын айқындау.
в) Тәрбиелік: — Оқушыларды елжандылыққа, өз елінің тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, жекелей, шығармашылық, сұрақ - жауап, картамен жұмыстар т. б.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Қарақытайлардың Қазақстан жеріне келу себебі неде?
Қарақытайлардың қоғамдық құрылысының ерекшелігі?
Қарақытайлар алым - салық жинау жүйесін қалай жүргізді?
Қарақытай мемлекеті өзінің сыртқы саясатында қандай бағыт ұстанды?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1. Қыпшақтардың қоныстанған, мекендеген жерлері
2. Қыпшақтардың этникалық құрамы
3. Қоғамдық құрылысы
4. Саяси жағдайы
5. Шаруашылығы.
1. Қыпшақтар:
1. Батыс бірлестік (11 тайпа)
2. Шығыс бірлестік (16 тайпа 8 — ірі, 8 — ұсақ)

2. Басқару жүйесі:
1. Оң қанат (Сарайшық)
2. Сол қанат (Сығанақ)
3. Зерттеушілер:
1. Ибн Баттута – «Қыпшақтар малға бай…»
2. Плано Карпини, Рубрук – «Қыпшақтардың жылқы малы 100 — 500 динарға сататын…»
3. Петахья – «….. тары мен күріш өсіреді….»
4. Әл — Омари – «….. бидай, арпа, тары өсіреді»- деп жазған.
Дәптермен жұмыс:

Жаңа сөздерді:
Орда – хандық билік орталығы
Бөрілер – ең белді, басты тайпа.
Жатақтар – малы аз көшіп қонуға жағдайы жоқ кедейлер.
«Кундар, командар» — венгрлер қыпшақтарды атаған
«Половшылар» — орыстар қыпшақтарды атаған.
Негізгі оқиғалар:
VII — VIIIғғ.- қыпшақтардың этникалық құрамы құрылды.
XI — XIIIғғ.- Қыпшақ хандарының билігі күшейді.
XIIIғ.- Хорезм шахы мен қыпшақтар арасында шайқастар болды.
Тарихи диктант.
Қыпшақтардың….. ҮІІ - ҮІІІ ғғ қалыптаса бастаған.
VІІ. Үйге тапсырма: §13 оқып келу. ВЕНН диаграммасын толтыру: Қарақытайлар мен қыпшақтардың ерекшеліктері мен ұқсастығын тауып дәптерге жазу тапсырылады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама