Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Алма (ертегі)
Алма (ертегі)
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің ішкі күйі мен іс - әрекетін сахнада ойнай отырып, бейнелей білуге дағдыландыру, қызығушылық әрекетін қабілеттерін ояту. Өздерінің тиесілі рөльдеріне еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Жабайы.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, тыңдау.
Көрнекілігі: Алма ағашы, қоян, қарға, кірпі, аю суреттері.
Полилингвизм: кірпі - ежик - hedgehog
қарға - ворона - crow
қоян - заяц - hare
аю - медведь - bear
Сезімдерін ояту

Шаттық шеңбер
Ал, балалар, қараңыз,
Таңғажайып бар аңыз.
Ертегілер еліне,
Қыдырып бірге барамыз.
Ну орманға енеміз,
Әсем гүлдер тереміз.
Көңілді боп әрқашан.
Тату болып келеміз.

- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі неше айдан тұрады?
- Күз мезгілінде қандай жемістер піседі?
Дидактикалық ойын:
«Дәмін тап»
Ойын шарты: жемістерді кесіп алдын ала дайындайды. Балалардың көздері жұмулы, ортаға кезекпен шығады, жемістердің дәмін татып, қандай жеміс екенін табуы керек.
- Енді балалар, мен сендерге жұмбақ жасырам, сендер жауабын тауып көріңдерші?

Ұйымдастыру, іздестіру
Мұрны бейне түйме,
Үсті толған ине(Кірпі)

Түрі көмірге ұқсайды,
Қалбалақтап ұшады (Қарға)

Қыста ұйықтайды,
Жазда қыдырады. (Аю)

Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады (Қоян)

Жарайсыңдар балалар,«Алма» ертегісінің кейіпкерлері.

Ертегіні балаларға оқып, әңгімелеп беру.

- Жылдың қай мезгілі еді?
- Жабайы алма қайда қалды?
- Алманы кім көрді?
- Қоян Қарғаға не деді?
- Қарға не істеді?
- Кірпі нені алып кетті?
- Үшеуі қайда барды?
- Аю не деп жауап берді?
- Қандай мақал айтты?

Ертегіні сахналау

Ән:«Дос болайық бәріміз»
Тыныштық сәті: Үнтаспадан сайраған құстардың, жел тербеп сыбдырлаған ағаш жапырақтарының, сылдырап аққан судың, сусылдаған құмның, уілдеген желдің даусы естіледі.
- Қане, бәріміз бір сәтке көзімізді жұмайық. Табиғат аясында серуендеп жүрміз деп ойлайық. Таза ауа, ашық аспан, құстар қалықтап ұшып жүр. Алыстан судың сылдыраған сылдыры естіледі. Терең тыныс алайық. Көзімізді ашайық.
Сергіту сәті:
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін алманың
Анамызға сыйлайың!
(Қимылмен көрсетеді).

Қорытынды:
Сұрақтарға жауап алу:
- Егер алманы сен тауып алсаң, не істер едің?
- Бірге бөлісіп жеген дұрыс па?
- Алма қайда өседі?
- Достар бір - біріне қандай болу керек?
- Бүгінгі оқу қызмет ұнаса алдарындағы смайликті көтеру

Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету.
Түсінеді: Ертегі кейіпкерлерінің ішкі күйі мен іс - әрекетін сахналауды.
Қолданады: Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Түймекент орта мектебінің
мектепалды даярлық тобының мұғалімі
Молданбаева Альфия Даулетовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама