Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Кішкентай білгірлер зияткерлік сайысы
ШЖМ – гі 1 - 2 класқа арналған «Кішкентай білгірлер» зияткерлік сайысы

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділіктерін арттыру. Пәндерге қатысты сұрақтарға мәдени түрде жауап беру, қарым – қатынасты дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылықтарын ояту.
Сыныптан тыс жұмыс түрі: зияткерлік сайыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, ана тілі, дүниетану
Тәрбие сағатының жүрісі: «КЕРУЕН», «БЕЛ АСАР», «ҚОЗЫ КӨШ», «БИІК ШЫҢ»

Жүргізуші: – Сәлеметсіздер ме ұстаздар, ата аналар, оқушылар!
«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгін біздің мектебімізде 1 - 2 - класс оқушылары арасында Тәуелсіздіктің мерейтойына және Жеңіс күні мерекесіне орайластыра өткізгелі отырған «Кішкентай білгірлер - 2016» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! Ендеше оқушыларымызбен танысып өтейік.
1.......................... 1 - класс оқушысы
2........................... 2 - класс оқушысы
3............................ 2 - класс оқушысы

Сайысымызды бастамас бұрын алдымен ұпайларды түсіріп отыратын әділқазы алқасын таңдап алайық
- Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз 4 турдан тұрады: «КЕРУЕН», «БЕЛ АСАР», «ҚОЗЫ КӨШ», «БИІК ШЫҢ»
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!
І - тур «Керуен»
Шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 13 сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын қолдарындағы параққа белгілеп, дұрыс жауапты тексеріп тұрасыңдар. Яғни тұсына «+» белгісін қойындар. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
1. Мемлекетіміз қалай аталады? / Қазақстан Республикасы/
2. Білім күні қай күн? / 1 қыркүйек/
3. Биыл 2016 жылы тәуелсіздікке неше жыл толады? /25/
4. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? /42/
5. Біздің аудан орталығы /Мәртөк/
6. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңнің авторы /Ы. Алтынсарин/
7. Ең кіші натурал сан /1/
8. Астана қай өзендердің жағасында орналасқан? /Есіл/
9. Тудың авторы кім? /Ш. Ниязбеков/
10. Әйтеке би қай жүздің биі? /Әйтеке би/
11. Тәуелсіздік күні қай күн? /16 желтоқсан/
12. Қазақтың ғарышкері /А. Айымбетов/
13. ҚОЯН сөзінде неше дыбыс бар? /5 дыбыс/

ІІ тур «Бел асар»
Шарты:
- Бұл турда алдынғы жинаған ұпайларын сақталады. Турдың ерекшелігі әр сынып өз класының бағдарламасы бойынша пәндерден сұрақтар келеді. Таңдаған ұяшық артында сұрақ болады. Әр дұрыс сұраққа 1 ұпайдан беріледі.
МАТЕМАТИКА
10 - Бір аптада неше күн бар?
10 - 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма?
10 - Ең кіші үш таңбалы санды ата
ҚАЗАҚ ТІЛІ
20 - Жуан дауысты дыбыстарды ата
20 - қандай? Қай? Сұрағына жауап беретін сөз табы
20 - Дауысты дыбыстардың қандай түрлері бар?
ДҮНИЕТАНУ
30 - Өсімдіктерді неше топқа бөлеміз?
30 - Дүниенің неше тұсы бар?
30 - Жануарлар тобын ата

Ұпайлар қосылып есептеледі
ІІІ тур «ҚОЗЫ КӨШ»
Шарты:
1. Экраннан ұяшықтар көрсетіледі.
2. Әр ұяшықта төрт сұрақтан болады. Ол сұрақтар әр түрлі тақырыптан алынған.
3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы (он) 10 ұпайды иеленеді.
4. Алдынғы турда жинаған ұпайларға қосылып, еселене түседі

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы,
Құмсай БМ бастауыш класс мұғалімі
Аймухамбетова Ляззат Сандибековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама